Опубликовано 25.02.2015 - 10:19 пользователем Editor

Мақсаты: Түстерді және онға дейін сандарды қайталау. Оларды басқа сөздермен байланыстырып қолдану дағдыларын қалыптастыру. Оларды іс-қимыл арқылы есте сақтауға дағдыландыру. Көрнекі-құралдар: Жұмыс дәптерлер, сандар, акварюмдегі балықтар, жемістер-көкөністер, түрлі-түсті доптар, шарлар және текшелер.
Опубликовано 13.02.2015 - 12:30 пользователем Editor

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды XVIII ғасырдағы Қазақстан мәдениеті, орыс және шетел ғалымдарының зерттеулерімен, олардың еңбектері туралы, қазақ әдебиетінің дамуы және осы кезеңдегі жырау, ақындардың өмірі мен олардың шығармаларымен таныстыру. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, танымдық қызығушылығын, белсенділігін дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды өз елінің барлық тарихи құндылықтарын құрметтеуге, мәдениетке деген сүйіспеншілігін арттырып, мәдениетті жалғастырушы жас ұрпақты тәрбиелеу.
Опубликовано 12.02.2015 - 12:11 пользователем admin
Білімділік 1. Тұрлаусыз мүшелермен таныстыру, тұрлаусыз мүшелерге сұрақ қоя білу, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру, бастауыш пен баяндауыштың байланысын меңгеру, сөйлем мүшелері туралы білімін пысықтау. 2.Оқушылардың сөз, сөйлем, сөйлем мүшелері туралы білімдерін кеңейте түсу, таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру. 3. Пәнаралық және өмірмен байланысты іске асыру, оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын арттыру.
Опубликовано 10.02.2015 - 12:24 пользователем азбука.kz

Дара және күрделі етістіктерді сөйлем ішінде таба білуге арналған жаттығулар. Берілген сұрақтардың ішінен дұрыс жауапты тез, шапшаң ойланып жауап беруге дағдыландырады. Топпен және жеке жұмыс жасау түрлері, топ ішінде бір-бірімен келісуге, бір-бірін тыңдауға үйретеді. Үнтаспадан әнді тыңдай отырып етістіктерді ажыратып, оларды жазып алу дағдыларын қалыптастырады. Оқушыларды шығармашылыққа баулу үшін берілген тапсырмалар ойлау қабілеттерін арттырады. Бір-бірін әділ бағалай білуге үйретеді.
Опубликовано 10.02.2015 - 10:47 пользователем Editor

1. Білімділік: Ыбырай Алтынсариннің өмірбаяны мен «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесімен таныстыру. Әңгіменің мазмұнымен, идеясымен таныстыру. Адамның жақсы және жаман қасиеттері туралы меңгеру.Әңгімені мәнерлеп оқуға, мазмұнын айта білудағдыларын қалыптастыру. 2. Дамытушылық: Пікірін дәлелдей білу қабілеттерін дамыту, ойларын жүйелеп айтуға дағдыландыру. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Мәнерлеп оқу дағдысын, оқушылардың тілін дамыту, сөз байлықтарын толықтыру. 3. Тәрбиелік: Оқушыларды жаман қылық істемеуге, жақсылық жасай алуға, үлкен-кішіні сыйлай білуге тәрбиелеу. 4. Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Опубликовано 09.02.2015 - 14:48 пользователем Editor

Бұл бастауыш буынның 1-сыныбына арналған сабақ үлгісі. Оқушылардың топта, жеке жұмыс жасау қабілеттерін, сыни ойлауларын дамытуға бағытталған. Топпен жұмыс істеу арқылы оқушылар өз ойын, пікірін жеткізе біледі; өз-өзін бағалауға дағдыланады.
Опубликовано 05.02.2015 - 15:43 пользователем Editor

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Астана қаласы туралы жан-жақты мағлұмат беру, білімдерін кеңейту, жаңа сөздермен танысу септік жалғауларын қайталау, алған білімдерін нығайту, сөздік қорларын молайту. Дамытушылық: қазақ тілін үйренуде оқушыларға дұрыс бағыт—бағдар беру, өз ойларын еркін, әрі жүйелі түрде жеткізуге машықтандыру. Тәрбиелік: Отанды сүюге, елді құрметтеуге баулу, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу,қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру.
Опубликовано 05.02.2015 - 11:26 пользователем Editor

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік. Оқушыларға сұраулы сөйлем туралы түсінік беру. 2. Дамытушылық. Сөйлеу дегеніміз не, оның қандай түрлері бар екенін мысалдар арқылы айту, оқушылардың білімдерін ережелерді қайталау арқылы тиянақтау, сөйлемдер құрастыру арқылы ой-өрістерін, сөздік қорларын дамыту. 3. Тәрбиелік.Ұжыммен жұмыс жасай білуге, қамқорлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Опубликовано 05.02.2015 - 09:26 пользователем азбука.kz

Тәрбие сағатының мақсаттары: а) Балаларды айналаны қоршаған ортамен жан — жақты таныстыру, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту; ә) Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру арқылы олардың өлкетанымдық және табиғатты қорғау қабілеттерін арттыру; б) Балаларды табиғатты сүйіп, күтіп, қорғап, өз қолымен жасай білуге тәрбиелеу. Оқушыларға табиғат ұғымының мәнін ашып, түсіндіру.
Опубликовано 29.01.2015 - 12:32 пользователем Editor

Жобаның типі: Жобаның іс-әрекетінде басымы: шығармашылық-ізденушілік. Мазмұны: әлеуметтік-педагогикалық. Жобаның қатысушылары: балалар, тәрбиеші, ата-аналар. Өткізу мерзімі: ұзақ мерзімді. Байланыс мерзімі бойынша: Б. Б.Ұ. Жобаның негіздемесі: «Бала ана тілін үйрене отырып тек қана шартты дыбыстарға үйренбейді, ана тілдің туған кеудесінен рухани өмір мен күш емеді, ол оны қоршаған адам-дардың мінез-құлқы мен, өзі өмір сүретін қоғаммен, оның тарихи және алға ұмтылуымен таныстырады. Бұлай ешбір тарихшы таныстыра алмас еді, ол оның танымына халықтың поэзияға апарады, бұлай ешбір эстетик апара алмас еді».
К. Д. Ушинский.
Страницы