Табиғатты аялау — ата салтымыз
ОҚО, Шымкент қаласы, Республикалық әскери-мектеп интернатының |
Тәрбие сағатының мақсаттары:
а) Балаларды айналаны қоршаған ортамен жан — жақты таныстыру, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту;
ә) Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру арқылы олардың өлкетанымдық және табиғатты қорғау қабілеттерін арттыру;
б) Балаларды табиғатты сүйіп, күтіп, қорғап, өз қолымен жасай білуге тәрбиелеу. Оқушыларға табиғат ұғымының мәнін ашып, түсіндіру.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру.
Сабақтың типі: Дәстүрлі емес сабақ.
Сабақтың әдісі: Әңгімелесу, рөлдерді ойнау.
Көрнекілігі: Табиғат көрінісі, плакат суреттер, құстар суреті, қанатты сөздер, стендтер, т. б.
Пәнаралық байланыс: Экология, биология, валеология, т. б.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Жоспармен таныстыру:
1. «Әсем табиғат аясы».
2. «Табиғатты қорғау».
3. Көрініс.
4. Ұжымдық жұмыс.
5. Көрініс.
6. Тәрбие сағатын қорытындылау.
III. Үш топқа бөліп отырғызу.
1. «Табиғатты зерттеушілер»
2. «Қоршаған ортаны қорғау бөлімінің мамандары»
3. «Жас экологтар орталығы»
Мұғалім: «Әсем табиғат аясы». Сайрам — Өгем мемлекеттік ұлттық паркінің ағарту және туризм бөлімінің мамандары біздің С. Рахымов атындағы әскери мектеп интернатының түлектеріне желтоқсан, ақпан айларында келіп экологиялық танымдық дәріс берді, сол дәрістің нәтежесінде біздер оңтүстігіміздің тамаша табиғаты мен ондағы тіршілік ететін қызыл кітапқа енген аң — құстармен өсімдіктер жөнінде мол мағлұмат алдық. Туған табиғатын сүйіп, оны қорғауға баулу — басты парыз.
Бүгінгі тәрбие сағатымыз осы тақырыпқа арналады. Айналадағы өзімізді қоршап тұрған жер, күн, аспан, тау, тас, су, өсімдік, жан — жануарлар, жәндік атаулының бәрі — табиғат. Табиғаттың бұл сұлулығын қазақтың данышпан ақыны Абай атамыздың өзі адам өмірімен байланысты етіп жырлаған. Адам да табиғаттың бір бөлігі. Табиғаттағы заттардың барлығы бір — бірімен тығыз байланысты болады. Сондықтан «Табиғат Анамызды» көздің қарашығындай қорғап, оған қамқор болуымыз керек. Табиғатқа апат төнсе, адамдардың өміріне де қауіп төнеді, себебі адамдар өмір сүруге қажетті нәрсенің бәрін табиғаттан алады.
Тәрбие сағатымыздың келесі бөлімі «Табиғатты қорғау» Ерімбетов. Грек тілінен алынған экология — табиғатты қорғау, үнемдеу туралы ғылым. Табиғатты қорғау, оған үнемі қамқорлық жасау — әрбір оқушының азаматтық парызы.
1. Қаладағы зауыттар. Зауыттардың түтіндері лас, сулары қаланың ауасын былғайды.
2. Қалада автоколіктер көп. Олардың түтіндері ауаны ластайды.
3. Ағаш көшеттерін отырғызу қажет. Олар лас ауаны сорып, қаланы тазартып отырады.
Жасыл ағаштар — қаланың көркі.
Көрініс. Домбыра үні қосылып тұрады. Сайдулаев
Асанқайғы: Тілес Қорқыт ата: Әліпбек
Құйрығы жоқ, жалы жоқ, Қара тауларың құламасын,
Құлан қайтіп күн көрер. Саялы ағаш сынбасын,
Аяғы жоқ қолы жоқ, Қанаттарың қырқылмасын.
Жылан қайтіп күн көрер. Қайран елім — қазағым
(домбыра үні қатаяды да, ақырындап өшеді, Асанқайғы мен Қорқыт ата шығып кетеді).
Төребек: Данышпан бабаларымыздың бұл сөздерінен табиғат тағдырының қамын ойлап өткенін аңғарамыз. Ертедегі адамдар табиғаттың кейбір байлықтарын «киелі» деп санаған, оған тиіспеген, сақтай білген, сондықтан табиғат пен адамды бір — бірінен бөлуге болмайды деп үйреткен.
Ұжымдық жұмыс. Табиғат туралы тыйым сөздер. Табиғат сұлулығын суретшілер бейнелесе, ақындар өлең жазып, ал сазгерлер ән шығарған.
1 оқушы Өлең Тілес
2 оқушы Өлең Караманов
I. топ «Табиғатты зерттеушілер»
1 оқушы Қара сөз Төребек
2 оқушы Қара сөз Қуандықов
3 оқушы Өлең Мелдехан
3 оқушы Өлең Досмхан
II. топ «Қоршаған ортаны қорғау бөлімінің мамандары»
1 оқушы Қара сөз Бақытжан
2 оқушы Қара сөз Өтегенов
3 оқушы Қара сөз Нұржігітов
4 оқушы Өлең Бердібай
5 оқушы Өлең Іли — Айдартегі
6 оқушы Өлең Ерімбетов
7 оқушы Өлең Мұрат
III. топ «Жас экологтар орталығы»
1 оқушы Қара сөз Тәжібай
2 оқушы Қара сөз Әлібек
3 оқушы Өлең Мирас
4 оқушы Өлең Кенжебай
4 оқушы Өлең Сейдешов
Көрініс. (домбыра ойнап тұрады).
Төребек: Ертеде жоңғар шапқыншылығы кезінде ел жерінен безіп қаша жөнелгенде, Төле би атамыз үйінен шықпай отыра беріпті. Данышпан атаның шаңырағына бір қарлығаш ұя салып, балапан шығарған екен. Сол қызылшақа балапандарды қырып алмас үшін Төле би атамыз үйінде отыра беріпті. Бұған әскербасы қатты таң қалыпты.
Әскербасы: Мұрат, Байымбет, Бердібай
— Ей, мына шал үйінен неге шықпайды. «Тезірек, жаныңның барында үйіңнен шық» — деп, айқайлайды. Төле би үйден шығады.
— Ей, қария, елің қыр асып, көшіп барады. Сен неге үйіңде шықпай отырсың?
Төребек: Төле би бабамыздың осы кездегі жан тебіренісін былайша жырына арқау етті:
Жалбарынар жайын жоқ, жан алдында,
Балапандар бар қанша қарауымда.
Сол жетімдер ұшуға жарағанша,
Сыртқа шықпай тұрамын қарауылда.
«Қарлығаш би» атандым сол үшін де,
Осылармен бір менің өрісім де.
Батыр болсаң, жайратып, жүре бер сен,
Жалғыз шалды кездескен жол үстінде.
Әскербасы: Мұрат — жоқ, ақсақал! Мен Сіздің адам сүйер қылығыңызға ризамын. Сіздің алдыңызда тағзым етіп, басымды иемін. Сіздің ғұлама, абыройлы, жылы жүректі адам мына менің елімде де болса ғой. Айып етпе, ақсақал, рұқсат болса, мен кетейін. Бейшара балапанның обалына мен де қалмайын.
Төребек: Данышпан атаның аталы сөзі адам сүйсінер қасиетіне разы болып, әскербасы қарлығаш балапандарына да, өзіне де тимей жөніне кетіпті.
Табиғат туралы мақал — мәтелдер.
Есқара, Төлебекұлы
Тәрбие сағатын қорытындылау. Қазақ халқы табиғатқа табына жүріп, оны қастерлеп, киелі санап, пір тұтқан. Оған сүйіспеншілікпен қарап, қамқорлық жасап, аялай білген. Болашақтың ең таза Шымкент жайлы арманын өрнектеген жас суретшілердің қиялы шындыққа айналар күн де алыс емес секілді.
Біз әсем табиғат аясы, ондағы тіршілік және оны қорғау туралы білімімізді ортаға салдық.
Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,
Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ.
Ендеше, табиғатты күтіп, аялай білейік. Табиғат — адамның ежелден тіршілік етіп, өмір сүріп келген ортасы және мәңгілік мекен ете беретін алтын бесігі.
- 24089 просмотров