Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Тұрлаусыз мүшелер

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

Маханова Алмагул Шертаевна бастауыш сынып мұғалімі, 20 жыл еңбек өтілі, екінші санат ГУ «Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы орта мектебі» Аршалы ауданы Ақмола облысы

Маханова Алмагул Шертаевна

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

1. Тұрлаусыз мүшелермен таныстыру, тұрлаусыз мүшелерге сұрақ қоя білу, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру, бастауыш пен баяндауыштың байланысын меңгеру, сөйлем мүшелері туралы білімін пысықтау.
2.Оқушылардың сөз, сөйлем, сөйлем мүшелері туралы білімдерін кеңейте түсу, таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру.
3. Пәнаралық және өмірмен байланысты іске асыру, оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын арттыру.

Дамутышылық: Оқушылардың ой-өрісін дамыту, өз ойын тез әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Елін, жерін, тілін, тарихын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру. Патриоттық тәрбие беру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Оқу құралдарының толығын қадағалау.

— Бүгін біздің сыныпқа қонақтар келіп отыр. Қонақтарды қарсы алуымыз керек.

Оқушылар.

Үлкенге де сіз, кішіге де сіз,
Бар адамды құрметпен,
Бас иеміз біз.

2. Қайталау

— Алдымызда 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні келе жатыр. Желтоқсан құрбандарына мына гүлді топтастырайық.

— Желтоқсан құрбандары кім?

— Осы жылы Қазақстан тәуелсіздігіне неше жыл болғанын атап өтпекші?

Бес гүлдің күлтелеріндегі тапсырмаларды орындау:

1. Бастауыш дегеніміз не?
2. Мына сөйлемнен баяндауышты тап: Мен бейбіт өмірді жақсы көремін.
3. Баяндауыш дегеніміз не?
4. Бастауыш пен баяндауыштың арасына неге сызықша қойылған?

Отан — туған үйіміз,
Отан — туған жеріміз.

5.Тұрлаулы мүшелерге не жатады?

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Күнін, сынып жұмысы деп жазғызу. Тақырыппен таныстыру, мақсатын қою.

А) Көркем жазу.

Мен Отанымды сүйемін.

Бастауыш пен баяндауыштың астын сызып, олардың тұрлаулы екенін естеріне түсіру. Қалған сөйлем мүшелеріннің қандай қызмет атқаратынын айту. Сөйлемдегі бастауыш, баяндауыштардан басқа сөйлем мүшелерін тұрлаусыз мүшелер дейміз. Тұрлаусыз мүшелер жеке тұрғанда сөйлем жасай алмайды, тек сөйлем жасауға көмектеседі. Оларға: кімнің? ненің?кімге? неге? ені?қандай?қанша?қанша?қайда? тәрізді сұрақтар қойылады.

Ережені оқу.

Мысалы: Ақмарал кеше кітапханаға барды.

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін тап. Қалған сөздер не үшін керек деп ойлайсыңдар?

5.Оқулық бойынша жаттығулар жазу. Дәптермен жұмыс.

77 бет 1 жаттығу
Сөйлемдерді керекті сөздермен толықтырып жазу.
Дәурен ауылдан келді. Мұғалім сабақты түсіндірді. Талғат ұзақ сөйледі. Айнұр гүлді суарды.

Кітапта берілген және өзің толықтырылған сөйлемдерді салыстыр. Қай сөйлемнен толық ақпарат алуға болады?

6. Сергіту сәті

Аспанға қарап ай көрдік,
Төменге қарап жер көрдік.
Оңға-солға бұрылып,
Егеменді ел көрдік.

7. Ұжымдық жұмыс — тақтаға шығып түсіндіріп жазу.

2 жаттығу жазбаша
3 жаттығу ауызша

Шығармашылық тапсырма

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, мақал-мәтелді жаз. Олардың мағынасын қалай түсінетіңдеріңді айтып беріңдер.

Отан... да ыстық
Отансыз...,
Ормансыз бұлбұл.
Ел іші-алтын....

Басқа Отанымыз, жеріміз еліміз туралы қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер?

8. Қорыту

9. Венн диаграммасы

10. Тест

1. Кім? не? кімдер? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөйлемнің негізгі мүшесі:

А) зат есім
Ә) бастауыш
Б) баяндауыш

2. Қандай жағдайда сызықша қойылады?

А) Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалса
Ә) бастауыш та, баяндауыш та етістіктен жасалса
Б) Бастауыш та, баяндауыш тасын есімнен жасалса

3. Бастауыш пен баяндауыш сөйлемнің қандай мүшелері деп аталады?

А) Тұрлаусыз мүшелер
Ә) Тұрлаулы мүшелер
Б) Анықтауыш мүшелер

4. Баяндауыштың сұрақтарын тап.

А) кім? не? кімдер? нелер?
Ә) қандай? кім?
Б) Не істеді? Не қылды? Қайтты?

5. Бастауыштың іс-қимылын білдіретін сөзді тап:

А) етістік
Ә) зат есім
Б) баяндауыш

Бір-бірін тексеріп бағалау. 1.
Кілті: 1-ә, 2-а, 3-ә,4-б, 5- б.

11. Үйге тапсырма — 79 бет, 5, 4 жаттығу, ережені жаттау.

12. 20 жылдық Қазақстан тәуелсіздігіне тілектерін білдіру

Категория: