9 Республиканский творческий конкурс «Моя Родина — Казахстан» для детей, педагогов и воспитателей Республики Казахстан

 

Эссе «Менің кәсіби ерекшелігім»

Международный творческий конкурс «Новогоднее настроение — 2025» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

Астана қаласы № 22 мектеп-гимназиясының І-санатты қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Сматаева Сымбат Нұрханқызы

Сматаева Сымбат Нұрханқызы

Бүгінгі заман талабы-жан-жақты дамыған,өзіндік «мені» қалыптасқан «тұлға» тәрбиелеу. Оқушы «тұлға» болып қалыптасуы үшін оның бойында түрлі жағдаяттағы проблеманы анықтауға,өзіндік тұжырым жасай білуге,өзіндік бағалауға, сыни, ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға логикалық операцияларды қолдана отырып дәлелдеуге жалпы алғанда жеке адамның құзіреттіліктері қалыптасуы қажет.

Осындай биік нәтижеге қол жеткізуді-кәсіби құзіреттілігі жоғары мұғалім ғана жүзеге асырмақ.

Өз басым мұғалім ретінде осындай дәрежеге жете алдым ба? Менің кәсіби ерекшелігім неде?-деген сауалдар талай ой қозғайды.

«Мұғалім ұлағатты тұлға»-деген оймен тәрбиеленген мұғалімдер отбасынан шыққан балалардың бірі едім. Әкем-де, шешем-де өз еңбек жолдарында сыйлы да, ардақты ұстаздардың бірі болған еді. «Өз өмірлік жолыңда,қызым, адал бол!»-деуші еді анам. Әке-шешемнің жолын қуған бүгін мен-де «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» тағылымын басқұжат ретінде ұстап келемін. Әрине, бүгінгі заман талабы да, алдымызда отырған оқушыларымыз да уақыт шеңбері аясында өз ерекшеліктерімен көзге түседі. Бүгінгі таңда жалпы жұртшылыққа бірдей ұлағатты тұлғамыз ба? Менің ойымша бастауыш сынып мұғалімдері бұны әлі-де сезіне алар, ал біз ше?

Қазіргі кезде мұғалім қандай болу керек? Бұл өте ауқымды мәселе. Бізге, Адамды-тәрбиелеп, өсіретін қоғамды жөндей алатын,өркениетті демократиялық қоғамның үлкен азаматын қалыптастырып шығару- басты міндетіміз болып отыр.

Заман талабына сай, мектептер жабдықталынып, оқулықтар өзгертіліп, мұғалімнің де кәсіби шеберлігінің өсіп-өркендеуіңе біршама көңіл бөлініп жатыр. Бұл талаптарға сай болу мақсатында біз-де өз шеберліктерімізді дамыту жолындамыз. Әрине, бұған дәлел ретінде әр мұғалімнің нәтижесін көрсететін оқушылары да бар, яғни «мұғалім-оқушы» ретінде нәтижеге жеткізген жетістіктері-де жеткілікті.

Студенттік шағымнан бастап менің намысымды қозғайтын тағы бір өзекті мәселе- қазақ тілі мәселесі еді. Сол себепті өзге тіл өкілдеріне қазақ тілін үйрету жолында өз үлесімді міндетті түрде қосуым керекпін-деген оймен осы мамандықты таңдаған едім. Әрине,өкінішті жайттар да болған еді. Дегенмен, «Бейнет түбі-зейнет демекші» осы бағыттағы үйренем деген оқушыларыммен бірге жеткен жетістіктеріміз қуантып, әрі осы бағытта жұмыс істеуге өз басымды жігерлендіреді. Оқушыларымнан алғыс естіген уақытта менен бақытты адам болмайтын тәрізді. Сол кезде өз басым-мұғалімдік жолын таңдағаныма қуанамын.

Әрине, егеменді мемлекеттің мемлекеттік тілі болмайынша ол мемлекеттің болуы мүмкін емес. Сол себепті тілді үйрету проблемасы қазақ мектебі үшін-де, орыс мектебі үшін-де ерекше орында тұр.

Біріншіден, ең алдымен барлық қазақ ана тілін өте жақсы білуі тиіс. Өкінішке орай,әсіресе орыс мектебінде оқып жүрген қазақ балаларының тіл білімі өзге ұлт өкілдері оқушыларының деңгейіндей. Қызығушылық деген, тілге деген құштарлық жоқ. Оқушылыр тілді тек пән ретінде қабылдап, «екі» алмас үшін оқып жүр, ал тіл ретінде қабылдайтындар өте аз. Оның үстіне біздер-де, мұғалімдер, жалтақтап,әлі-де аудармашылықпен айналысудамыз.

Осыған орай, талап ету басты міндет пе, әлде қызығушылығын ояту басты міндет пе? Ойландыратын жайт,өйткені қалыптасып қалған дүниені өзгерту қиынға түседі. Дегенмен, біз-мұғалімбіз. Сол себепті бұл мәселені шешуге бағытталған алуан түрлі әдіс-тәсілдерді таңдап, оқушыны қызықтырып қана қоймай, жүйелілікке төселдіру-біздің басты міндетіміз. Осы сәтте өз кәсіби ерекшелігіңді сезіне аласың. Бұл өз кәсібіңде-ең бақытты сәт.

Шығармашылық әлеуеті дамыған мұғалім өз кәсібін жете меңгеріп қана қоймай,өзін-өзі жан-жақты дамытуға қол жеткізеді. Нәтижесінде мұғалім кәсіби құзіреттілікке қол жеткізеді. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі-бүгінгі ғасыр талабына сай белгілі бір нәтижеге бағытталған білім берудің негізі болмақ.

Категория: