Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Тақырыбы: Нәтиже сабақ

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, «Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Н. Островский атындағы Аманқарағай орта мектебі» ММ, қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Жұмабекова Қуаныш Бақытжанқызы

Жұмабекова Қуаныш Бақытжанқызы

Мақсаты:

1. Білімділік: Оқушылардың ҮІІ модуль бойынша алған білімдерін тексеру, жұппен жұмыс істеу арқылы қосымша мәлімет алуға мүмкіндік туғызу.

2. Дамытушылық: Оқушылардың жұппен жұмыс жасап, ой бөлісу, пікір алмасу, ортақ тұжырым шығару, сыни тұрғыдан ойлау, өткен тақырыпты өз бетімен саралай білу дағдыларын арттыру.

3. Тәрбиелік: Оқушылардың жағымды көзқарастарын қалыптастыру, қазақ тілін үйренуге деген ынталарын арттыру, бір-бірінің пікірлеріне сыйластықпен қарауға үйрету.

Түйінді идеялары: жұппен жұмыс істеу барысында оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді (ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, әңгіме, диалог, қарапайым және күрделі сұрақтар), өзін-өзі реттеу, оқытудағы басқару және көшбасшылық, сыни тұрғыдан ойлау стратегиясын пайдалану арқылы оқушылардың коммуникативтік қатынас жасау дағдылары, алған білімдерін пайдаланып тұжырым жасау, өзекті мәселені өз бетімен шешу, өз пікірін мүлтіксіз білдіріп, ортақ келісімге келу дағдылары дамиды. Талантты және дарынды балалармен жұмыс (қосымша ғылыми деректерге сүйену, ізденіс) оқушылардың білім, білік, дағдыларының артуын көздейді.Оқушылардың орындаған жұмыстарына жазбаша түсініктеме беру кері байланыс орнатады.

Сабақтың түрі: Білім мен дағдыны тексеру сабағы.

Сабақтың әдісі: жұппен жұмыс, өзіндік жұмыс, «балық сүйегін» толтыру, әңгімелесу, суретпен жұмыс.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, тақта, бор, тапсырмалар қағазы, үлестірме кеспелер, суреттер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих

Пайдаланылған әдебиеттер: Мұғалімге арналған нұсқаулық «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012, Үшінші (негізгі) деңгейге арналған оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, «Қазақ тілі» 5-сынып, Алматы «Атамұра» 2010.

Сабақтың барысы:

Кезеңдері

Жоспар

7 модульді іске асыру

Қосымша

Ұйымдас-тыру кезеңі:

Ауызекі сөйлесу

- Сәлеметсіздер ме, балалар!

- Қалдарың қалай?

- Балалар, қазір қай жыл мезгілі?

- Қазір қандай ай?

- Бүгін қазанның нешесі?

- Бүгін аптаның қай күні?

- Бүгін далада ауа райы қандай?

- Бүгін сыныпта кім кезекші?

- Сыныпта бүгін кім жоқ?

- Үй жұмысы қандай болды?

- Рақмет, отыра ғой. (2 минут)

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

(Диалог: мұғалім-оқушы)

 

Үй жұмысын тексеру

Оқушылардың рефераттарын жинап алу, бір төмен, бір орташа, бір жоғары деңгейдегі оқушылар  рефераттарын қорғайды.

 

Нәтиже сабақтың алдында өткенді қайталап алу мақсатымен «Ыстық орындық» ойынын ойнау. (Оқушылар өткен тақырып бойынша орындықта отырған оқушыға сұрақ қояды, ол оқушы дұрыс жауап берсе орындықта отыра береді (5 сұрақ), егер қате жауап берсе, оның орнына сұрақ қойған оқушы отырады).

Талантты және дарынды балаларды оқыту.

Өзін-өзі реттеу.

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

(Диалог)

 

Жаңа сабақ

 

Оқушыларға үлестірме кеспелер таратылады, әр кеспеде бір сөзден жазылады, оқушылар антоним сөздерді табу арқылы жұп қалыптастырады.

Қазанның жиырма тоғызы.

Нәтиже  сабақ.

Оқушыларға сабақ барысында орындалатын тапсырмалар беріледі, егер 4 тапсырманың барлығы қатесіз орындалса – «5», 3 тапсырма – «4», 2 немесе 1 тапсырма – «3», еш тапсырма орындалмаса – «2»  деген баға қойылатыны ескеріледі.      

Жұппен жұмыс

1-тапсырма

Әр жұп бір-бірімен ой бөлісіп, ортақ жауап жазуы тиіс.

1. «Отансыз адам, ормансыз - ...» мақалды жалғастырып, түсіндір.

2. Отан деген не?

2-тапсырма

Әр жұпқа бір-бір суреттен таратылады. Сол сурет бойынша:

1. Қандай ұлттың өкілдері тұрады? (жазу);

2. Бір қарапайым сұрақ құрастыру қажет.

Өзіндік жұмыс

3-тапсырма

1. Тәуелдік жалғаулары туралы не білесің? Айтып бер.

2. Оның қандай түрлері бар? ( жекеше,көпше)

3.Отан, дала, орман, тіл, ұлт сөздеріне тәуелдік жалғауларын жалға

Отан                      - сы

Дала                      - ым

Орман                    - і

Тіл                          - ың   

Ұлт                         - м

4. I Ү модуль бойынша қандай қиыншылықтар туындады?

 

 

 

 

 

 

 

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

(Формативті бағалау)

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

(Диалог: оқушы-оқушы)

Оқытудағы басқару және көшбасшылық.

Талантты және дарынды балаларды оқыту.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

 

 

 

 

 

Бекіту кезеңі

4-тапсырма

«Балық сүйегі» әдісі

«Туған жерің  сен үшін неге қымбат?» сұрағына «балық сүйегін» толтыру.

Ол үшін оқушыларға қазақ тілінде түрлі пікірлер ұсынылады, оқушылар сол пікірлерді маңыздылығына қарай сүйек бойына орналастырады. Ең маңызды пікір балық басына, маңызы жоқ немесе маңыздылығы төмен пікір соңына жазылады.

Республикамыз үлкен, табиғаты тамаша, жері кең әрі бай.

«Медеу» мұзайдыны халқымыздың мақтанышы болып саналады.

Қазақстанда жалпы 48 262 көл бар.

Қазақстанның астанасы- жаңа қала Астана.

Табиғат – асыл қазына.

Қазақстанның тұңғыш Президенті- Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев .

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері: Елтаңба, Ту, Әнұран.

Мемлекеттік тілі-қазақ тілі.

 

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

 

Қорыту кезеңі

Жалпы сыныпқа арналған сұрақтар:

  1. Действие - әрекет,                        Облако - бұлт,

Государство -............                         Национальность -....................

2. Балалар, сендер туған жер деген не? Сұраққа жауап берер де, ойларыңа не келеді.

(ауызша жауап берген соң оқушылардың жауаптары стикерлерге жазылып, плакатқа ілінеді)

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

(Диалог, әңгіме)

 

Үй жұмысын беру

1 оқушы өзі етене жақын араласа қоймайтын 2 оқушымен бірлесіп, Қазақстан туралы  зерттеулері бойынша баяндама жазуы тиіс.  Сол баяндамаларын презентация арқылы қорғаулары тиіс.

Талантты және дарынды балаларды оқыту.

 

Бағалау кезеңі

Оқушылардың жұмыстарын жинап алып, орындау деңгейлеріне қарай баға қойып, түсініктеме жазу.

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

(Формативті бағалау)

 

Категория: