Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Қысқа болеро тоқу

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

СҚО, Ғ.Мүсірепов ауданы, Чистопол орта мектебі, технология пәнінің мұғалімі, 26 жыл, ІІ санат, Шаймерденова Балбикеш Молдахметовна

Мақсаты: Оқушылардың тоқыма тоқу білімдерін кеңейту. Қазіргі кезде тоқылған кеудеше немесе болеро түрлерімен таныстыру. Қысқа болеро тоқып үйрету.

Жұмыс барысында оқушының шеберлігін, ой-өрісін, көркемдік талғамдарын арттырып, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.

Оқушыларды төзімділікке, бастаған жұмысын уақытында аяқтауға тәрбиелеу.

Көрнекілік: дайын бұйымдар үлгілері, суреттер, «Пайдалы кеңестер» журналы

Керекті құрал — жабдықтар: 2 біз, жіп, нұсқау карта

Пәнаралық байланыс: математика, тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1. Қандай әдіс түрлерін сендер білесіндер?
2. Жіптің жуандығы мен біздің жуандығы сәйкес болу керек пе?

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Қазақ халқының ерте заманда басталып, қазір шырқау шыңына жетіп отырған қолөнерінің негізгі бір саласы — тоқу өнері. Қолөнердің қай түрі болса да, халықтың тұрмыс қажетінен туындайтыны белгілі.

Халқымыздың тоқу өнері барған сайын өріс алып, қазір республикамыздың өнеркәсібінде кеңінен пайдаланып отыр. Мысалы, түкті және тақыр кілемдер, төсеніштік алашаларды қазір фабрикаларда тоқып шығарады. Шәлі, шарф, қолғап, кофта, тоқыма костюм т.б. да фабрикаларда тоқылады.

Жұрттың көбі осындай фабрикадан шыққан дайын бұйымдарды сатып алып пайдаланады. Ал кейбір қолынан іс келетін жастардың өзі тоқып алған бұйымдары, мысалы, шәлі, шарф, берет, қолғап, кеудеше сияқтылар фабрикадан шыққан заттардан кем емес және ол өз денесіне шақ та, жарасымды келеді.

IV. Жұмыс бастар алдында техникалық-қауіпсіздік ережеліріне тоқталу:

1. Бізді ауызға салуға болмайды

2. Бізді лақтырмай, қолға беру керек

3. Жұмыс аяғында біздерді жіпке пісу керек немесе арнайы қорапшасына салу керек

4. Бізбен жұмыс орындаған кезінде бойынды дұрыс ұстау керек

V. Сарамандық жұмыс:

Болеро тоқуға 4 сағат бөлінеді

1 сағ. — Таныстыру, арқа бөлігін тоқу
1 сағ. — Алдыңғы бөліктерін тоқу
1 сағ. — Жиектерін орындау
1 сағ. — Бөліктерді құрастыру

Тоқу техникасы:

Бізбен оң кесте және орамалдық әдіс бойынша тоқиды.

Арқа бөлігі:

Бізге 48-50 шалу шалып(жіптін қалыңдығына байланысты ), оң кесте әдісі бойынша тоқиды. Тоқу барысында бірінші және соңғы әр 4-қатар сайын 2 рет 1 шалудан қосады. Сондай —ақ қосылған шалулардың аралығы мұқият қадағаланады.Тоқыма алғашқыдан 10-11 см (18-20 қатар) ұзарғанда жең ұшын екі шетінен қосымша 3 шалу қосылады. Жең ұзындығы 12-13 см болғанда (22-24 қатар иық үшін тоқыманың екі шетінен әр 2-қатар сайын 3 рет 5 шалудан бекітіліп отырады. Ал иықша ұзындығы 1см (2 қатар) болғанда мойын үшін ортаңғы 22-24 шалу бекітіліп, екі шеті жеке —жеке аяқталынады.

Сол жақ бөлік:

Жіптерімен 21-23 шалу шалып,оң кесте әдісімен жалғастырады. Оның биіктігі 2см (4 қатар) болғанда, сол жағынан мойын үшін ең соңғы 2 шалу әр 4-қатар сайын 1 шалудан қысқартылып, кейін 2 шалу байланады. Содан соң соңғы 1-шалуға оң жағынан 1 шалудан және 4 қатардан соң тағы 1шалудан қосылып отырады. Мұнда шалулар аралығы жақсы қадағаланады. Тоқыма 10-11 см ұзарғанда оң жағынан 3 шалу шалады. Жең биіктігі 14см-ге жеткенде (26-28 қатар) тоқыма оң жағынан әр 2—қатар сайын 3 рет 6 шалудан бекітіледі.

Оң жақ бөлік:

Оны сол жақ бөлікке симметриялы етіп тоқиды. Ал мойын ойындысын қысқартқанда жай тоқу әдісімен тоқиды.

Жиек: Болероның төменгі жиегін тоқу үшін күлгін немесе басқа түсті жіппен 5 шалу шалып, 220-230 қатар орамалдық әдіспен жалғастырады. Ал жеңі мен өңірлерінің жиегін өздерін қалаған жіппен тоқып, жеңін 70 қатар, өңірін 175-177 қатардан тоқиды. Кейін әр жиекті жеке-жеке бекітеді.

Бөліктерді құрастыру:

Алдымен иықтар орналастырылып, кейін жеңі мен бүйір бөліктерін құрастырады. Соңында жиектері ішкі жағынан қосылып тігіледі. Ал төменгі жиегін құрастырарда бау үшін екі шетінен 10 см артық тоқылады.

VI. Сергіту сәті:Оқушылар көзді, қолды демалдыруға арналған жаттығулар жасайды.

VII. Сабақты бекіту

Мойын үшін неше шалу бекіту керек?

Жеңге қосымша ретінде неше шалу қосылады?

VIII. Сабақты қорытындылау: Бастаған жұмыстарын өздеріне ұнайды ма?

Қандай қиындықтармен кездестіндер?

1) Оқушылар өз жұмыстарының жетістіктері мен кемшіліктеріне тоқталады.

2) Оқушылардың жұмыстарын бағалау

3) Үйге тапсырма: Жұмысты жалғастыру

Сурет бойынша тоқылатын бұйымның сызбасы.

Категория: