Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Сабақ тақырыбы: Мемлекеттік нышандар

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

Астана қаласы № 22 мектеп-гимназиясының І-санатты қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Мутаирова Бақыт Құмарқызы

Мутаирова Бақыт Құмарқызы

Мақсаттары:

Білімділік: «Мемлекеттік нышандар» тақырыбы аясында еркін сөйлеуге, еліміздің тарихи- мәдени және рухани құндылықтарын бағалауға , мақтан етуге дағдыланады. Еліміздің даму тарихы туралы түсініктері қалыптасады.
Тәрбиелік: жас ұрпақты Отаншылдыққа, елжандылыққа, мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге тәрбиелеу. Оқушылардың бойына ұлттық рух, патриоттық сезімдерді ұялату.
Дамытушылық: ауызекі сөйлеу, ойлау, есте сақтау, түйіндеу, дәлелдей білу қабілеттерін дамыту, жетілдіру, өз пікірлерін айтуға дағдыландыру, сөйлеу мәнерін қалыптастыру. сыйласымдыққа тәрбиелеу.Тілге қызығушылығы мен сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақта пайдаланатын әдістер: ой шақыру, сұрақ-жауап, талдау, көрнекілік- түсіндірмелі, жартылый ізденіс,топтастыру, семантикалық карта, Вен диаграммасы

Көрнекілік құралдар: бейнефильмнен үзінді, интерактивті тақтада кесте, тапсырмалар, «Мемлекеттік нышандар» тақырыбына суреттер

Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта, компьютер

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ әдебиеті, саз

Сабақтың басында 3 топқа бөліп, отырғызу: /төртбұрыш алғандар — І топ, үшбұрыш — ІІ топ, дөңгелек — ІІІ топ/

І. Ұйымдастырушылық кезеңі:

а) Сәлемдесу;

ә) әнұранды орындау;

б) жағымды психологиялық дайындық жасау;

в) оқушылардың сабаққа дайындығын байқау, сабаққа бейімдеу/ топта жұмыс істеу қағидаларын айтып өту/

ІІ. «Қызығушылықты ояту» кезеңі:

а) «Көшпенділер» фильмнен үзінді көреді: әнде айтылған байрақ сөзіне синоним сөздерді атайды — ту, жалау;

б) Сүйінбай Аронұлының «Бөрілі менің байрағым » өлеңін жатқа оқиды

ә) «Ой шақыру»: «Мемлекеттік нышандар» туралы білетіндерін топта айтып, өзара талқылайды, тірек сызба жасайды . /Осы кезеңнің мақсаты мен мазмұнын айту/

 /І топ — Ту, ІІ топ — Елтаңба, ІІІ топ — Әнұран/

«Ту, Әнұран, Елтаңба» сөздеріне сөз одағын құрайды (өз ойларын ортаға салып, пікірін дәлелдейді, тірек сызба ретінде сызады)

б) Жазғандарын қорғайды (өз ойларын ортаға салып, жариялайды)

ІІІ. Бейнефильм: «Қазақстан»

а) Сабақ айдарымен жұмыс:

«Найзасыз ер болмайды,
Таңбасыз ел болмайды»

/мәнерлеп оқу, түсіну, мағынасын ашу/

б) сабақ тақырыбы мен мақсатын оқушылармен бірге айқындау

в) «Бәрі болған қазақ сынды көне елде....»

Бәрі болған қазақ сынды көне елде, Ел белгі де, ерлік , өрлік, өнер де.
Жаһандағы ең жауынгер халықта Кім сенеді, Ту болмады дегенге?!.. (А. Бөкенов)

г) «Жауға шаптым ту байлап.....» /Ақтамберді жырау өлеңі /

Жауға шаптым ту байлап, Шепті бұздым айғайлап.
Дұшпаннан көрген қорлыққа Жалынды жүрек қан қайнап.... (Ақтамберді жырау)

ІҮ. Мағынаны ажырату:

а) Сөздікпен жұмыс ә) таратпа мәтіндермен жұмыс: І топ — «Елтаңба», ІІ топ — «Ту», ІІІ топ — «Біз-елдің туымыз»

б) түсініп оқиды, топта талқылайды, маңызды сөйлемдерді белгілейді, топпен дайындалады, түсінгендерін топ атынан айтып береді;

в) грамматикалық тапсырманы орындайды: семантикалық картамен жұмыс: морфологиялық талдау: мәтін ішінен сөздерді іріктеп, жазып алады, талдау жасайды

Етістік

Тұлғасына қарай

Құрамына қарай

Мағынасына қарай

Негізгі

туынды

дара

күрделі

болымды

Болымсыз

жазылған

+

 

+

 

+өтк.шақ есімше

 

 

Зат есім

Тұлғасына қарай

Құрамына қарай

Мағынасына қарай

Негізгі

Туын

ды

дара

күрделі

жалпы

жалқы

деректі

Дерек

сіз

Жан

ды

Жан

сыз

елтаңба

 

+

 

+

+

 

+

 

 

+

г) талдау нәтижесін жариялайды: д) өзара сұрақ-жауап /мәтіндер мазмұны бойынша/

V. Мақалшылар бәйгесі: Отан, нышандар туралы мақал- мәтелдерді жатқа айтып, жарысады.

VІ. «Полиглот» ойыны /үш тілдік/: интерактивті тақтада мақалдар берілген, керекті сөзді атайды, үш тілге аударады: ел, алтын, жер, отбасы, адам, ыстық, бай, ту

VІІ. Ой-толғаныс:

а) Сөйлемдерді дұрыс құра

1. Қазақстан , Жоғарғы Кеңес, рәміздері, 1992 жылы, бекітті.
2. Мүше болды, Біріккен Ұлттар Ұымына, 1992 жылы,
3. Қазақстан бәсекеге қабілетті, кіру ,Қазақстанның мақсаты — 50, дамыған елдер қатарына, басты

ә) Венн диаграммасымен жұмыс: / Ту мен Елтаңбаны салыстырады /

VІІІ. Сабақтың қорытындысы:

— Мемлекеттік нышандарды атап шығып, қай жылы қабылданғанын айтыңдар?

— Ту қандай түсті? Оның авторы туралы не білесіңдер?

— Елтаңбаның басты элементі не? Ол ненің белгісі?

— Қай жылы Қазақстан БҰҰ-на мүше болды?

— Қазақстан 50 дамыған елдер қатарында кіре ме, қалай ойлайсыңдар?

Топтастыру: ассоциативтік карталарына оралады, жаңадан білгендерін атап, оны толықтырады, өз тілектерін айтады.

— Мемлекеттік нышандар — біз үшін ең қасиетті, бағасы жоқ қазына. Әрқашан оларды биік ұстайық!

— МАҚТАНЫШЫМ, АЙБАРЫМ, ЖЕЛБІРЕ КӨК БАЙРАҒЫМ!

— Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бүкіл халқымызды жұмылдырып, рухтандырып тұрады.

— Қазақстан ертеңі біздің колымызда!

— Туған елімізді жоғары дамыған елдер қатарына енгізетін мына біздерміз.

— Ол үшін терең әрі жан-жақты білім алу керек;

— Отанымыздың арқа сүйер азаматы болайық!

ІХ Бағалау, мадақтау

Рефлексия:

— Сабақта өзіңді қалай сезіңдің?

— Өз жұмысыңды нешеге бағалайсың?

— Тобың қалай жұмыс істеді?

— Сабақ немен ұнады?

— Смайликті таңдап, тақтаға шық

Категория: