Седьмой международный творческий конкурс «Золотая осень» для детей, педагогов и воспитателей

 

Сабақ тақырыбы: «Кірме сөздерді игерген аспаптар»

Восьмой международный творческий конкурс «Золотая осень» для детей, педагогов и воспитателей

 

 

Маликова Айнур Кенесбаевна Солтүстік-Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы Бидайық ауылы. Санатым — жоғары. Еңбек өтілі — 15 жыл

Маликова Айнур Кенесбаевна

 

Қазақ тілі

 

7 сынып

 

Сабақ тақырыбы:

Кірме сөздерді игерген аспаптар.

Жалпы мақсат:

Қазақтың ұлттық аспаптарын білу. Музыка аспаптары түрлерін ажыратып, неден жасалғаны және сол аспаптардың әуенін тыңдата отырып, ұлттық тәрбие беру. Аспаптар бойынша сөйлем, мәтін жазуға үйрету. Музыка саласында кездесетін термин-кірме сөздерді табу және өзіндік жұмыс ітеу барысында бір-бірін тыңдау, жауаптарын толықтыру мен дұрыс бағалауға үйрету.

Оқу нәтижесі:

Термин кірме  сөздерді біледі, мәтіннен таба алады. Сөздік қорларын молайтады. Бірлесе жұмыс істеуге дағдыланады. Алған ақпаратты қолданып, өзіндік мәтін құра алады.Музыка аспаптары түрлерін ажырата алады.

 

Негізгі идеялар:

 Қазақтың ұлттық музыкасына деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық педагогика негізінде патриоттық сезім тәрбиелеу.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Слайд-презентация, жетіген аспабы, Қорқат,Құрманғазы күйі, үлестілмелі кәртішке, бояу, қылқалам

 

Оқыту әдістері:

АКТ, ЖИГСО,Деңгейлік саралау технологиясы, Топтап оқыту технология элементтері

Сұрақ жауап, ұжымдық жұмыс, топтық жұмыс,

Дерек көздері:

Қазақ тілі оқулығы

Музыка кітабы

Интернет ресурстары

Тапсырмалар

Диалог құру, қосымша мәтінмен жұмыс, сөйлем талдау, сурет салу

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

 

Сабақ сәтті өту үшін оқушыларға бір-біріне жақсы тілек білдірулерін сұраймын да, өзім де оқушыларға сәттілік тілеймін.

Оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

ІІ.    Кіріспе бөлім 

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Жекелеп, топтап оқыту

1 слайд қазақтың ұлттық аспаптары терілген слайдты ашып, өткен сабақта қандай аспаппен танысқанын сұраймын.

Бүгінгі сабақта бірнеше аспаппен таныс болатынын айтып, суреттегі аспаптардың атауын жеке-жеке, хормен айтқызамын.

Аспаптарды қаншалақты есте сақтағанын тексеру үшін, әртүрлі аспаптардың әуендерін тыңдатамын.

 

Үй жұмысы бойынша сөйлейді. Өткен сабақта сөз болған сыбызғы аспабы туралы айтады.

Слайдта берілген аспаптардың атаударын мұғалімнің соңынан қайталайды.

 

Музыка ырғағын тыңдап, қай аспаптың дыбысы екенін толық сөйлеммен айтады.

 

 

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекет

Деңгейлік оқыту

 

 

 

 

 

ұжымдық оқыту

 

 

 

 

 

 

топтық жұмыс ( 5 мин)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«аяқталмаған сөйлем» әдісі

Әрбір оқушы бір аспаптың атауын қатыстырып сөйлем құрғаннан кейін, мен  тақтайға бір ішек тартамын.

2 слайд. Ертеде аспаптарды ағаштан ойып, түрлі өсімдіктерден, малдың терісі мен сүйегінен, мүйізі мен қылынан жасаған.

Тақтада берілген сөйлемді оқушыларға оқытамын. Осы сөйлем бойынша I деңгей -әңгіме құру; Iiд.- диалог құру; ал III деңгейлі оқушылармен ауызша жұмыс жасайды.

Тапсырмаларды орындап болған соң, тақтайға екініші ішекті тартамын.

 

3 слайд.Тақтада берілген сызбаны түсіндіруді тапсырамын.Тек музыкалық аспаптары үш түрінің атауларын ( үрмелі, ұрмалы,ішекті) түсіндіремін.

Барлық аспаптардың түрлерін анықтап алған соң, үшінші ішекті тартамын.

Ұлт апспаптар туралы қосымша мәліметті игеру үшін, топтық жұмыс ұйымдастырамын.

Әр оқушының жауабын тыңдаймын да, нақтылау сұрақтарын қоямын. Мәтінде кездесетін кірме сөздерді атап шығуды тапсырамын.

Топтық жұмыс аяқталған соң, тақтайға  төртінші  ішекті тартамын.

4 слайд. Құрманғазы-белгілі күйші-композитор.Қазақ халқы Қорқытты қобыздың атасы санайды. Құрманғазы атында консерватория, көне музыка мектебі бар.

Берілген сөйлемдерді жеке оқытамын да, сұраулы сөйлемге айналдыруды тапсырамын.

Тапсырманы орындап болған соң, бесінші ішекті тақтайға тартамын.

Берілген қосымша мәліметтерді қаншалықты есте сақтағандарын бақылау үшін оқушыларға сөйлемді аяқтауды тапсырамын.

Сұрақ-жауап аяқталған соң, тақтайға алтыншы ішекті тартамын.

1 слайдтағы ұлт аспаптардың суреттерін  оқушылардың назарына ұсынып, құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрінің орындауында Құрманғазының «Адай» күйін күйтаспадан тыңдатамын.

Сыныптағы 1 оқушыға күйді тыңдау барысында қандай көңілде болғанын боя арқылы түсіндіруді тапсырамын.

Әрбір оқушының әңгімесін тыңдап болған соң, дарынды оқушы өз жұмысын сынып алдвында қорғайды.

Барлық оқушылардың жауаптарын қорытындылап, соңғы жетінші ішекті тартамын да, оқушылардан қандай аспап пайда болғанын сұраймын.

Бір-бірінің жауаптарын тыңдайды, толық сөйлем құрады.

 

 

 

 

1 оқушы  бір аспап туралы әңгімелеп береді.

4 оқушы бірнеше аспапты қатыстырып сұрақ-жауап құрады.

Қалған оқушылар әр аспаптың неден жасалғанын мұғалімнің төмен дәрежелі сұрақтарына жауап береді.

Өздене белгілі аспаптың қай топқа жататынын ескеріп сөйлем құрып береді.

Бірнеше аспаптарды қатыстырып сөйлем құрады.

Бұл аспаптар неге бұл түріне жататынын айтады.

 

 

Оқушылар екі топқа бөлініп,топ ішінде «оқушы», «сыншы», «жақтаушы» рөлдерін бөліп алады.

Өзіне берілген рөлдері бойынша мәтінді мазмұндап береді.

 

 

 

Сұраулы сөйлем құрып, жауаптарында асты сызылған сөздердің синонимін қойып жауап қайтарады. Сөйлем ішіндегі кірме сөздерді атап шығады.

 

 

 

 

 

 

Алған ақпараттарды қолданып, сөйлемді аяқтайды.

 

 

 

Оркестрдің орындауында Құрманғазының күйін тыңдайды.

 

 

Оркестрде қандай аспапты  танығанын айтып, сол аспап тура сабақта берілген мәліметтерді пайдалана отырып, әр оқушы сөйлейді.

 

 

 

Берілген ақпаратты пайдаланып, жетіген аспабы туралы  айтып береді.

ІV. Үйге тапсырмасын  беру 

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

 

Оқулықта берілген мәтінді оқуға тапсырамын.

Жетіген, домбыра, қобыз туралы 3 оқушыға хабарлама дайындауды тапсырамын.

Тақтада жазылған үй жұмысын күнделіктеріне жазып алады.

V. Бағалау    

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Категория: