Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Білімді тиянақтау

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

Контекова Асия Шаймұранқызы, Аягөз ауданы, Ақтоғай бекеті № 8 жалпы білім беретін коммуналдық мемлекеттік мекеме, бастауыш сынып мұғалімі

Контекова Асия Шаймұранқызы

Мақсат:

  1. Оқушылардың алған білімдерін тексеру, тиянақтау.
  2. Логикалық ойлау қабілетін, математикалық тілін дамыту, оқушының белсенділігін арттыру, өзін-өзі бақылауды, бағалауды үйрету.
  3. Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, өздігінен жұмыс істеуге, өз жұмысын бақылауға, мақсатына жетуге ұмтылдыру, қиялын дамытуға әсер етіп, отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі — оқыта отырып, пысықтау, дамыту сабағы.

Көрнекілік: «Болашақ баспалдағы», «Өзімді қалай бағалаймын» парақшалары, бағалар, ту, карта, геометриялық фигура.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Сәлеметсіңдер ме, балалар, біздің бүгінгі сабағымыз — ерекше сабақ. Бүгін бізге қонақтар келіп отыр. 21 ғасырда Қазақстанды әлем танып, өркениетті елдердің қатарына қосылуға үлкен қадамдар жасалуда. Қазақстан өз дамуында жаңа серпіліс жасап, алдыңғы 10 жыл мерзімде әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуды меже тұтып отыр.

Еңселі 50-ке ену үшін біз қандай болуымыз керек? (білімді)

Білімді болу — бәрінен бұрын адам болу деген сөз. Өмірдегі барлық жақсылық білімнен шығады. Бүгінгі сабақта да «Болашақ баспалдағына» көтеріліп, білім шыңына ту тігуіміз керек. Сабағымыз V бөлімнен тұрады, ендеше.

І бөлім. Қайталау — оқу анасы

Алдыңғы сабақтарда қандай тақырып өттік? (көбейту мен бөлу, үлес ұғымы туралы). Үлес дегеніміз не? (үлес дегеніміз тұтас бір денені тең бөліктерге
бөлсек, тең бөліктер үлес деп аталады. Мысалы: алманы бөліп ½ – көрсету, жазылуы ¼ , оқылуы «төрттен бір».

Ал, балалар көбейтудің, бөлудің компоненттерін атап өтейік: 

5·3=15 15÷3=5

Көбейту мен бөлуді тест тапсырмаларын орындау арқылы қайталаймыз.
Тестті аяқтау, бір-бірінікін тексереді, бағалайды. Топ жетекшілері жинап алады.
Дәптермен жұмыс. Күннің ретін жазу.
Тақырыпты жазу.

ІІ бөлім. Ой толғау

Ескісіз жаңа болмайды, есепсіз дана болмайды.
№1.

а) Арыс – Түркістан  – 200км ? км ? км
Ертіс – Қарағанды  – ? есе ұзын
200км·3=600км
200км+600км=800км
Жауабы: 800км
 

 

ә) Батыс Қазақстан темір жолы — 420 км  ? артық.
Маңғыстау темір жолы — 637 км
637 км — 420 км = 217 км
Жауабы: 217 км артық.
   

Аймақтық компонент.
Ақтоғай – Балхаш көліне 40 км
Ақтоғай – Қопа ауылына - ? 5 есе кем
40÷5=8 км
Жауабы: 8 км

Жақсы, «Болашақ баспалдағының» І — сатысын игердік     ⃤ — қою керек.

ІІІ бөлім. «Кім жылдам?»

№2.

5·в өрнегі, в = 9, 8, 7, 6 деп алып. в÷4, в = 36, 32, 28, 24, 20.

№3. Тақтамен жұмыс.
«Болашақ баспалдағының» ІІ – сатысын игердік    ⃞  – қою керек.

Сергіту сәті.

ІV бөлім. Ақылды бала айтқызбай біледі

№4. Фигураның периметрін табу.

Р = 2 см + 2 см + 2 см + 2 см = 8 см

«Болашақ баспадағының» соңғы сатысын игердік ​☆ – қою керек.

V бөлім. Ойлан тап

«Бәйге» ойыны. «Болашақ баспалдағына» ту тігу.

Сабақты қорытындылау, бағалау.

Үй тапсырмасы №6.