Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

«Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған»

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

Шаймергенова Алмагуль Боранбаевна воспитатель, 3 года стажа. ГККП ясли-сад «Колосок» акимата Айыртауского района СКО» СКО, Айыртауский район, с.Саумалколь

«Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған»

Тақырыбы: «Алтын күз, әсем айналам, еліне береке сыйлаған» Екінші кіші топ. Ертенгілік саябақ аясында өткізіледі.

Мақсаты: Балаларға күз мезгілі туралы түсінік беру. Табиғаттың ерекшелігін, қыр-сырын өлең жолдар, тақпақтар арқылы ой-өрісін дамытып жеткізу. Балаларды табиғатты аялауға, сүйюге, қорғауға тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: Орманшы ата, Алтын күз, Саңырауқұлақ киімі (кастюм) жемістер мен көкөністер ойыншықтары, себет, шеңбер (обруч), саңырауқұлақ (1 үлкен және бала санына сай кіші) баскиімі, суқұйғыш. Жемістер.

Кейіпкерлер: Орманшы ата, Алтын күз, Саңырауқұлақ.

Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, балалар! «Алтын күз, әсем айналам, еліне береке сыйлаған» атты алтын күз мерекесіне қош келдіңіздер!

Жер берді жемісті,
Күз келді жемісті!
Күз байлық береке,
Алтын күз мереке.

Балалар, біз сендермен күзгі саябақты тамашалауға келдік. Айналамызға қарандаршы, табиғат қандай тамаша, әдемі, сұлу, көркем.

Ағаштар қандай көйлек киіп тұр, балалар, қалай ойлайсындар?

— Жер анамыз қандай түске боялды? Кім айтады? Балалар, қарандаршы, саябақта біреу отырған сияқты. Өзі көңілсіз екен. Бұл кім болды екен, жақындап барып сұрайық.

— Сәлеметсіз бе, ата! Сіз кім боласыз? Орманшы ата: — Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен осы саябақтың Орманшы Атасымын. Менің саябағыма қош келдіңдер!

Жүргізуші: — Орманшы ата, сіз неге сонша мұнайып отырсыз?

Орманшы ата: — Менің саябағым бүгін тыйышталып қалды. Соған аздап көңілім түсіп отыр.

Жүргізуші: Олай болса, біздің балалар бүгін сіздің көңіліңізді көтеруге дайын. Біздің балалармен бірге ойын ойнайсыз ба?

Орманшы ата:: — Әрине, балалар! Жақсы болар еді!

Жүргізуші: — Қане, балалар, Орманшы атамен ойын ойнайық.

Ойынның аты: «Жасырынбақ»

Ойынның шарты: Орманшы ата, біздің балалар ағаштың арттарына тығылады, ал сіз барлық балаларды тауып алу керексіз.

Орманшы ата: Жақсы. Ал, балалар, мен үшке дейін санаймын сендер тығылып үлгеру керексіңдер. Келістік пе? (ойын 2-3рет ойнатылады)

Жүргізуші: Орманшы ата, шаршап қалған жоқсыз ба? Аздап отырып тынығып алыңыз, ал, біздің балалар, сізге арнап тақпақтарын айтып берсін. Ортада балаларымыздың өнерлерін тамашалайық.

Мирас: Берекесін сыйлауға, Өлкемізге күз келді. Жемістерін жинауға, Шақырады біздерді.
Айлина: Келді міне күз, Айнала сары түс. Керемет, тамаша, Қандай әсем күз!
Айша: Күздің айында, Алма, алмұрт піседі. Жапырақтар сарғайып, Сыбдыр, сыбдыр түседі.
Иманқажы: Алтын, сары, қызыл, көк, Алуан-алуан жапырақ. Күзгі бақта күлімдеп, Көз тартады атырап.
Орманшы ата: — Тамаша. Жарайсындар, тақпақтарын қандай жақсы!

Жүргізуші: Ал, енді, сізге арнап ән шырқап берейік.

Ән: «Күз келді!»

Күз, күз, кел, кел! Қорықпаймыз ешқашан, Суық, суық, жел, жел, Далада, далада, өте әдемі!
Алтын күз, Алтын күз! Көңілді келді! (2 рет)

Орманшы ата:: — Керемет. Рахмет, балалар, менің көңілімді көтергендеріңе. (ән айтып болған сәтте музыка ырғағымен Алтын күз шығып келеді)
Алтын күз: — Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сәлеметсіз бе, Орманшы ата! Әндерін қандай керемет! Сендердің әндеріңді естіп келдім. Менімен бірге ойын ойнауға қалай қарайсындар!?

Орманшы ата:- Әрине, ойын ойнаймыз!

Ойын: «Жемістер мен көкөністерді жинау»

Ойынның шарты: — Мен Жемәстер мен көкөністерді егемін, ал сендер оларды себетке жинайсындар. (2-3рет)

Алтын күз: Тамаша, балалар, шапшаң жылдам ойнайды екенсіңдер.

Жүргізуші: Алтын күз, балалармен саябақты аралап шығайық.

Алтын күз: Жақсы. Мен сендерге күзгі саябақты көрсетейін (Алтын күз монологы ) саябақтағы ағаштар мен бұталарды балаларға таныстыру. ..

— Балалар, қарандаршы, мынау саңырауқұлақтар алаңы. Олар ұйықтап жатыр. Суқұйғышпен су құйып, оларды оятайық. (Алтын күз айнала саңырауқұлаққа су құяды, Саңырауқұлақ тұрып балалармен амандасады.).

Қайырлы күн балалар. Келіңдер би билейік. (балалар саңырауқұлақтың айналасында жатқан кішкентай саңырау-құлақтардың баскиімдерінің жаңына барып, қолдарына алып би билейді)

Би: «Көңілді саңырауқұлақтар»

Саңырауқұлақ: — Тамаша би билейді екенсіңдер. Сендерге ұнады ма?

Жүргізуші: — Балалар біздің ормандағы саяхатымыз ұнады ма? Уақытымыз таяған сияқты. Саябақ кейіпкерлерімен қоштасайық.

Алтын күз: Балалар, біздің саябағымыздың кейіпкерлерінен сыйлықты қабыл алыңдар.

Орманшы ата: Саңырауқұлақ: Біздің саябағымыздың жемісі, күзгі сыйы. (кеіпкерлер балаларға жеміс сыйлық таратады) Сау болыңдар!