VI международный творческий конкурс «Пусть всегда будет солнце!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

Тақырыбы: Сөйлем

Шестой международный творческий конкурс «Вот оно какое, наше лето!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана и стран ближнего и дальнего зарубежьяя

 

 

Темирбекова Нуржамал Кыздаровна, учитель начальных классов, стаж 16 лет. КГУ «Кокалажаркая средняя школа» район Г. Мусрепова Северо-Казахстанской области

Темирбекова Нуржамал Кыздаровна

Мақсаты: Сөйлемнің сөзден құралатыны, белгілі бір тиянақты ойды білдіретіні туралы түсінік беру; Сөйлемнің алғашқы сөзін бас әріптен бастап жазып, соңына тыныс белгісін дұрыс қоюды үйрету. Өз ойын ашық білдіре білуге, өз бетімен жұмыс істей білуге, сауатты жаза білуге дағдыландыру.

Көркем жазуға, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа және де өз елін құрметтей білуге тәрбиелеу

Сабақ типі: жаңа білім беру

Сабақ түрі: жарыс сабақ

Көрнекілігі: интерактивті тақта, әр топқа арналған тапсырмалар, тест сұрақтары

Сабақ барысы

І. Қызығушылығын ояту

1) Психологиялық ахуал:

— Сәлеметсің бе, күннің көзі, көк аспан

— Сәлеметсің бе, Жер-Ана

— Сәлеметсің бе, мен

— Сәлеметсің бе, сен

— Сәлеметсің бе, мұғалім

2) — Көз неге керегі?

— Ол жақсыны көреді

— Неге керек құлағым?

— Ақыл тыңда, шырағым.

— Неге маған тіл керек?

— Халқыңа айт бір дерек.

— Жүрек неге берілді?

— Сүю үшін еліңді.

ІІ. Мағынаны тану

— Ал балалар айтыңдаршы біздің туған жеріміз қай ел?

— Біздің туған еліміз Қазақстан Республикасы.

— Қазақстан қандай ел?

— Байтақ, тәуелсіз, кең, егемен ел. Егеменді елімізде жылдың қай мезгілі?

Күз мезгілі екендігін қайдай белгілерінен білдіңдер? / күн суытты, жапырақтар сарғайып түсуде. / Күз мезгілі туралы қандай өлең білесіңдер? / Камалиева Камила

Оқушылар 3 топқа бөлінеді

І. Алтын күз
ІІ. Қоңыр күз
ІІІ. Берекелі күз

3) Жаңа материалмен жұмыс

— Балалар, барлығымыз экранға қарап сөзжұмбақты шешейік.

1. Тілден ұшып, құлаққа қонады.
2. Көреді бәрін өзгенің көре алмайды өздерін.
3. Оқиғаның себебін дәлелдейтін мәтін.
4. 16 — желтоқсан қандай мереке?
5. Оқиғаны ретімен баяндайтын мәтін.
6. Күлме досқа, келер басқа

— Қандай сөз шықты?

— Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қалай аталады деп ойлайсыңдар?

— Балалар, мен бір нәрсе туралы ойлап тұрмын. Мен оны
айтпасам, сендер менің ойымды түсінесіңдер ме?

— Жоқ түсінбейміз. .

— Ол ойымды мен не арқылы айтамын?

— Сөйлем арқылы айтасыз.

— Дұрыс айттыңдар. Адамдар бір-бірімен сөйлескенде, бір нәрсе туралы сұрағанда, ойын не арқылы білдіреді екен?

— Адамдар сөйлескенде өз ойын сөйлемдермен айтады.

— Сонымен, сөйлем нені білдіреді?

— Сөйлем ойды білдіреді.

б) Содан соң тақтадағы:

— Балалар, осы сөйлемдегі сөздер бірге жазылған ба, әлде бөлек жазылған ба?

— Сөйлемде сөздер бөлек-бөлек жазылған.

— Тақтадағы әр сөйлем қандай әріппен басталған?

— Сөйлемдер бас әріппен басталған.

— Оларды неге бас әріппен бастап жаздық?

— Сөйлемнің басталғанын білдіру үшін, сөйлемді бас әріппен бастадық.

— Дұрыс, осы сөйлемдердің соңынан неге нүкте қойып отырмыз?

— Сөйлемнің аяқталғын білдіру үшін соңына нүкте қойдық.

— Енді осы сөйлемдерде қандай ой айтылғанын байқаңдар, — деп мұғалім әр сөйлемнің мазмұнын оқушыларға

— Балалар, мен бір нәрсе туралы ойлап тұрмын. Мен оны айтпасам, сендер менің ойымды түсінесіңдер ме?

— Жоқ түсінбейміз. .

— Ол ойымды мен не арқылы айтамын?

— Сөйлем арқылы айтасыз.

— Дұрыс айттыңдар. Адамдар бір-бірімен сөйлескенде, бір нәрсе туралы сұрағанда, ойын не арқылы білдіреді екен?

— Адамдар сөйлескенде өз ойын сөйлемдермен айтады.

— Сонымен, сөйлем нені білдіреді?

— Сөйлем ойды білдіреді.

б) Содан соң тақтадағы:

— Тәрізді сөйлемдерді оқушыларға оқытып, тестегі сөйлем санын, әр сөйлемдегі сөз санын оқушыларға анықтатады. Төмендегі сұрақтардың көмегімен сөйлемнің негізгі белгілерін танытуға болады.

— Балалар, осы сөйлемдегі сөздер бірге жазылған ба, әлде бөлек жазылған ба?

— Сөйлемде сөздер бөлек-бөлек жазылған.

— Тақтадағы әр сөйлем қандай әріппен басталған?

— Сөйлемдер бас әріппен басталған.

— Оларды неге бас әріппен бастап жаздық?

— Сөйлемнің басталғанын білдіру үшін, сөйлемді бас әріппен бастадық.

— Дұрыс, осы сөйлемдердің соңынан неге нүкте қойып отырмыз?

— Сөйлемнің аяқталғын білдіру үшін соңына нүкте қойдық.

— Енді осы сөйлемдерде қандай ой айтылғанын байқаңдар, — деп мұғалім әр сөйлемнің мазмұнын оқушыларға

4) Жаңа сабақты бекіту

1-тапсырма

3 топқа 3 тапсырма беріледі.

1 — жаттығу. Сөздер мен сөйлемдерді салыстыру.

1 — топ: кітап, күту, ұста
Кітапты күтіп ұста.

2 — топ: жаңбыр, дала, суық, жауды
Далада суық жаңбыр жауып тұр.

3 — топ: құлындады, бие, көк
Көк бие құлындады.

— Олардың қандай айырмашылығы бар?

— Әр сөйлемде қандай ой айтылып тұр? Оқушылар пікірін тыңдау.

2-тапсырма / шығармашылық жұмыс

2-жаттығу «Алтын күз» көрінісін көріңдер сол бойынша сөйлем құрастыру. Алдарыңда тірек сөздер бар: боя, сары, ағаш, жапырақ, күз, түс

Астындағы сұрақтарға жауап беру.

1. Сөйлем бір — бірінен не арқылы ажыратылады?
2. Сөйлемнің соңына қандай тыныс белгі қойылады?
3. Сөйлем неден құралады?
4. Сөйлем қандай әріптен басталып жазылады?

— Ал, енді осы жауаптардан қай топ ереже шығарып береді?

Венн диаграммасы

3 — тапсырма.

3 — жаттығу. Қайрат сабақтан келгенде, үйден жазылған қағаз тауып алды. Оны кішкентай қарындасы Айжан жазыпты. Қайрат не жазылғанын түсіне алмады. Айжанның не жазғанын оқып көр.

МЕНДОСЫМНЫҢҮЙІНЕКЕТТІМБІРСАҒАТТАНСОҢКЕЛЕМІН.

— Айжанның жазуын оқу неге қиын болды? Өйткені, ол сөйлем жазудың ережелерін білмейді. Әр топтың жауабын тыңдау.

Сергіту сәті
Аспанға қарап ай көрдік? (қимылмен көрсету)

4 — тапсырма.

4 — жаттығу. Өлеңді түсініп оқу.

— Сен қай пәнді жақсы көресің?

— Сөйлемдердің соңына қандай тыныс белгілері қойылған?

«Сүйікті» пән
Түртіп қалдым Майқанды,
Майқан маған қарайды.
— Әй, сен осы қай пәнді
Сүйесің? — деп сұрады.

— Білгендерге пән — мәннің
Барлығы да тәуір — ау!
Деді Майқан. — Ал менің
Сүйер «пәнім» — қоңырау!

5 — тапсырма

Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрап жазу.

ІІІ. Рефлекция

— Қандай тақырып өттік? Алған білімдеріңді тест сұрақтары бойынша бекітеміз.

Тест сұрақтары:

1. Сөйлем қандай әріптен басталып жазылады?
А) Бас әріптен
Ә) Кіші әріптен

2. Сөйлем соңына қандай тыныс белгілері қойылады?
А) үтір, қос нүкте, сызықша
Ә) нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі
Б) жұлдызша, қосу, азайту

3. Сөйлем неден құралады?
А) буыннан
Ә) әріптен
Б) сөзден

4. Сөйлем дегеніміз -----
А) тиянақты аяқталған ойды білдіреді
Ә) аяқталмаған ойды білдіреді
Б) көңіл — күйді білдіреді
Жинап алу, тексеру.

Бір-біріне тексерту, бағалау шкаласын тақтаға ілу

4 сұраққа дұрыс жауап — «5»

3 сұраққа дұрыс жауап — «4»

2 сұраққа дұрыс жауап — «3»

VІІ. Үйге тапсырма: 4 — жаттығу.

Сөйлемдер жігін ажыратып, тыныс белгісін қойып көшіріп жазу.

Көкалажар орта мектебі

Категория: