Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балалардың ой-өрісін дидактикалық ойын арқылы дамыту»

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

Смагулова Назгуль Сансызбаевна преподаватель казахского языка, вторая категория, КГКП «Ясли сад №24 города Аксу»

Тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балалардың ой-өрісін дидактикалық ойын арқылы дамыту»

Обобщение опыта работы.

Мақсаты: Дидактикалық ойындарды оқыту әдісі ретінде қолданған кезде, сабақтарда қызуғышылық элементтерін қолдану жолдарын көрсету. Ұйымдастырушылық қабілеттерін қалыптастыру. Елін, жерін сүйетін ұрпақ тәрбиелеу.

Міндетім: Дидактикалық тапсырмаларға барлық балаларды қамтуғатырысу, ойын-сабақтар арқылы тиімді білім беріп, «қабылдау, ойлану, сөйлеу», психикалық процестерін жетілдіру, баланың ойлау және қиялдау қасиеттерін дамыту.

Мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның ролі ерекше. Ойын — жалпы адамзат мәдениетінің бірегей феномені, оның қайнар көзі мен шыңы. Мәдениет феномені ретінде ойын оқытады, дамытады, тәрбиелейді, әлеуметтендіреді, көңіл көтереді, дем алдырады, сонымен қатар, ол сықақтап, күлдіріп, кез-келген әлеуметтік мәртебенің шартты екендігін көрсетеді. Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады.

Ойын балалар үшін — нағыз өмір. Егер тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. А. П. Усова былай деп атап көрсетті: «Балалардың өмірі мен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру — оларды тәрбиелеу деген сөз. Тәрбиенің тиімді процесі ойын және ойынның өзара қарым-қатынастары формаларында жүзеге асырылатын себебі сол, бала мұнджа өмір сүруді үйренбейді, өз өмірімен тіршілік етеді».

Дидактикалық ойындарды балалар өмірін ұйымдастырудың формасы ретінде пайдалана отырып алдымен солардың ортақ мүддесін бағыттап және дамытып отыру, балалар ұжымын топтастыруға күш салу керек. А. С. Макаренко ойынның балалар өмірін ұйымдастырудағы ролін жоғары бағалай келіп, тәрбиешінің ролі туралы былай деп жазды: «Мен де педагог ретінде олармен аздап ойнауға тиіспін. Егер мен тек қана үйретіп, талап етіп, айтқанымды істетіп тұрсам, онда мен, бәлкім, пайдалы, бірақ жақындығы жоқ бөгде күш қана боламын. Мен міндетті түрде аздап ойнауға тиіспін және мен өзімнің барлық әріптестерімен осыны талап еттім».

Дидактикалық ойын — тәрбиленуші қызығушылығына негізделген оқыту тәсілдерінің бірі. Балабақшада тәрбиеленушілер ойын баласы екенін ескере келе, дидактикалық ойындардың жүйелі қолданылуы жақсы нәтиже береді. Дидактикалық ойындарды пайдалану мәселесі педагогикалық теорияда кеңінен қарастырылған. Атап айтсақ, Ахметов С., Алдабергенов А., Ахметов Н. К., Хайдаров Ж. С. Кларин М. В., Қайырбекова А., Төлтаева Г., Әбселемова А., Әбішова А. Т. б. ғалымдар дидактикалық ойындардың маңызын, түрлерін қолдану жолдарын көрсеткен. Педагогикалық процесте ойын балалар іс-әрекетінің басқа да түрлерімен, бәрінен бұрын еңбекпен, оқу үстіндегі оқытумен өзара тығыз байланыста болады.

Ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз — жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді.

Дидактикалық ойындар балалардың білімін кеңейтіп және бекіту мақсатындағы жоспарлы және мақсаты педагогикалық тәсіл. «Ойын ойнап ән салмай өсер бала болар ма», — денегдей ойынның қай түріне болмасын зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, одан мәнді де мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Өйткені алдымен ненің болсын бастамасы, жол бастар қайнар көзі болатыны белгілі, демек біз ойынды бар өнердің бастауы деп білеміз.

Ойын кезінде бала өзін жай ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдығы. Сондай-ақ ойын баланың болашақ өміріне есік ашып, оның іздемпаздық, тапқырлық қабілетін оятады. Осы тұрғыда баланың байқағыштық, зерттеп-салыстыру, сезім қабілетін дамытуға, баланың заттарды белгілері бойынша тану, түйсіну қабілетін ұштап қана қоймай, сонымен қатар сөздік қорын молайтуда дидактикалық ойындардың орны ерекше болып табылады.

Жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында дидактикалық ойынның алатыны өте ерекше. Дидактикалық ойын арқылы балалардың білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Мазмұны бойынша барлық дидактикалық ойындар балабақша бүлдіршіндерінің ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді. Бұл дидактикалық ойындар балабақша бүлдіршіндердің сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі. Себебі, ойын-оқу, еңбек, іс-әрекеттерімен бірге балалардың өмір сүруіне маңызды бір түрі.

Ойын балалар үшін айналадағыны танып-білу тәсілі болып табылады. Оның негізгі ерекшелігі — балалар үн-түнсіз ойнамайды, тіпті, жалғыз болғанның өзінде де сөйлесіп жүреді. Ойын процессінде сөйлесу үлкен рөл атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысады, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойын — бала үшін нағыз өмір. Ойын әрекетінде баланың психикалық қасиеттері мен жеке басының ерекшеліктері әлдеқайда тез қалыптасады, яғни ол арқылы бала білім алады. Бала зейінін қажет ететін, әдейлеп ұйымдастырылған ойындар бүлдіршіннің ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез-құлқын, ерік-жігерін сомдайды.