Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Тақырыбы: Қонақта

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

Қарағанды облысы, Теміртау қаласы,  № 8 «Гүлдер» балабақшасы Мемлекеттік Коммуналдық Қазыналық Кәсіпорын І санатты қазақ тілі мұғалімі Дуйсебекова Райкуль Байжановна

Дуйсебекова Райкуль Байжановна

Мақсаты:

1. Балаларды алған білімін, әр-түрлі жағдайларда, тәжірибе жүзінде қолдана білуге үйрету.
2. Қарапайым диалогтық сөзін қалыптастыру, 3-5 сөзден тұратын сөйлем құрастыру, қазақ тілінің төл дыбыстарын анық, дұрыс айтуға дағдыландыру. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.
3. Мемлекеттік тілді, үлкендерді құрметтеуге және әдепті, ұқыпты болуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Әңгімелесу, сұрақ-жауап, қайталау, ойындар.

Көрнекіліктер: Бағдаршам, көліктер,үй жануалары, жабайы аңдардың, жеке-жеке суреттері. Дастарқан. Үлестірмелі материалдар (ұлттық тағамдар), тақта. ТОҚ.

Алдын-ала жұмыс: Өлең,тақпақ, ас тағамдар туралы мақал- мәтелдер жаттату.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

— Сәлеметсіңдер ме, балалар!

— Сәлеметсіз бе!

— Балалар енді қонақтармен амандасайық

— Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

— Қалдерің қалай?

— Жақсы

— Балалар қандай сабақ?

— Қазақ тілі сабағы

Олай болса шеңбер, жасап шаттық шеңберіне тұрайық.

Шаттық шеңбері

Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты,
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы таң күн!
Қайырлы таң балабақша!
Қайырлы таң қонақтар!

Ойын: «Доп»

Добым, добым, домала, Шеңбер бойын жағала.

Сұрақ-жауап

— Жыл мезгілін ата? (балалардың жауабы)

— Көктем айларын ата? (б/ж)

— Қыс айларынын ата? (б/ж)

— Күз айларын ата? (б/ж)

Таң қалдыру сәті

Есік тоқылдайды, хат тасушы келеді.

Балалар бізге хат тасушы хат әкелді, қанекей оқып көрейік.

Балалар мен сендерді мереке қарсаңында қонаққа шақырамын. Айнұр әже.

— Қонаққа барамыз ба?

— Барамыз

— Немен барамыз, мүмкін поезға мініп барамыз ба?

— Жоқ

— Ұшақпен ұшамыз ба?

— Жоқ

— Кемеге мініп жүземіз бе?

— Жоқ

— Жаяу барамыз ба?

— Ия

— Жұмбақ жасыру

Я глазищами моргаю
Неустанно день и ночь.
И машинам помогаю,
И тебе хочу помочь.
(Светафор — Бағдаршам)

Ойын: Танысу (сұрақ-жауап)

— Сенің атың кім?

— Менің атым Аня

— Сенің тегің кім?

— Менің тегім Белоусов

— Сен неше жастасың?

— Мен бес жастамын

— Әкеңнің аты кім?

— Әкемнің аты......

— Шешеңнің аты кім?

— Шешемнің аты.......

— Үйде кім бар?

— Үйде әкем, шешем, атам, әжем мен бар.

Әже. Сендермен танысқаныма өте қуаныштымын.

Балалар: Мы хотим поздравить вас с праздником весны и рассказать вам стихи. (балалар көктем туралы тақпақ айтады)

Әже. Рақмет балалар.

Мұғалім: Балалар қараңдаршы Айнұр әже сендерге қандай ұлттық тағамдарды дайындаған айтыңдаршы. (б/ж)

Дұрыс. Әже біздің балаларымыз да сізге, қонақжайлығын білдіріп, дастарқанды жасап көрсеткісі келіп отыр.

Ойын: Дастарқан

Ойынның шарты: Балалар мына жерде дастарқан тұр, сендер енді дастарқанды мына ұлттық тағамдармен толтыруларың керек. (Дастарқанда не бар? — сұрағына жауап алу)

Дастарқанда бауырсақ бар. Дастарқанда шелнек бар. Дастарқанда құрт бар. Дастарқанда сары май бар. т. б.

Әже. Жарайсыңдар балалар. Дастарқанды ұлттық тағамдармен толтырып, жайнатып қойдыңдар. Ал ас тағамдар туралы мақал- мәтелдерді білесіңдер ме?

Балалар: Ия

1. Нан — тамақтың атасы
Хлеб всему голова

2. Ас жүрген жер — береке
Жас жүрген жер — мереке
Где еда там достаток
Где молодежь там праздник

3. Тату үйдің тамағы тәтті
Где дружная семья, там вкусная еда

4. Сыйлап берсе, суын іш
В гостях у друга и воду подадут пей

5. Асы бардың ырысы бар
Где еда, там достаток

6. Ас тұрған жерде, ауру тұрмайды
Где пищи вдоволь, там болезни не водятся

7. Асы бар аяқтан аттама
Не перешагивай через блюдо с едой

8. Ас иесімен тәтті
Еда вкусней с хозяйном

Сергіту сәті.

«Менің күн тәртібім»
Мен таңертең тұрамын
Мен бетімді жуамын
Мен тісімді тазалаймын
Мен айнаға қараймын
Мен шашымды тараймын
Мен киімімді киемін
Мен әдепті баламын

Мұғалім: Балалар сендер қандай ұлттық ойындарды білесіңдер? (б/ж)

Ал енді әже біздің балалар «Қыз қуу» ойынын ойнай отырып, өз білімдерін көрсетеді.

Ойын: «Қыз қуу»

Ойынның шарты: Тақтаға екі бала шығып, кезектесіп, үй жануарлары мен жабайы аңдарды тез еске түсіріп айтады, көп сөз айтқаны жеңімпаз болады.

Әже. Балалар сендер қазақша білесіңдер, ал төл дыбыстарды анық айта аласыңдар ма?

Балалар: Ия

Ойын: «Ойлан, айт»

Ойынның шарты: Төл дыбыстарды дұрыс айта отырып, меңгерілген сөздерді еске түсіру.

Әже: Балалар сендер маған өз ептіліктеріңді көрсетіп, бір ұлттық ойын ойнап беріңдерші.

Ойын: «Ақ сандық, көк сандық»

Әже: Рақмет балалар, бүгін сендер маған қонаққа келіп, қазақ тілінен алған білімдеріңді көрсеттіңдер, рақмет сендерге, ал мынау менің сендерге арнап пісірген бауырсағым, өздеріңмен бірге балабақшаға ала кетіңдер.

Мұғалім. Рақмет.

Әже: Сау болыңдар балалар!

Балалар: Сау болыңыз Әже!

Мұғалім: Ал балалар үйге немен қайтамыз.

— Жаяу барамыз ба?

— Жоқ

— Автобусқа мініп, барамыз ба?

— Ия

Отырыңдар, жол қысқарту үшін өлең айтайық.

Өлең: «Көктем келді»

Қорытынды:

Мұғалім:
Балалар бүгін сабақ ұнады ма? (б/ж)
Балалар бүгін біз қонаққа кімге бардық?(б/ж)
Ия біз Әжеге қазақ тілінен алған білімімізді көрсетіп, қайттық.
Не ұнады?(б/ж) Маған ұнады...........(б/ж)

Мұғалім: Балалар, ал енді өз көңілдеріңді смаилікті таңдай отырып, қонақтарға көрсетіңдер. Осымен сабағымыз аяқталды. Сау болыңдар балалар! Сау болыңыздар қонақтар!

Категория: