IX международный творческий конкурс «Поклонимся Великим тем годам!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана и стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

«Шығыс арулары» сайысы

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

Оразбаева Жұмабике Қаймолдақызы
қазақ тілі мұғалімі aрнайы орта білімі
екінші санатты Бірінші қалалық жалпы
білім беретін лицейдің Петропавл қаласы

Оразбаева Ж.Қ.

 

Мақсаты: Қыздарымыз арулар күлімдеген, Қыр гүлі қызғалдаққа теңелген.

Білімділік: Бойларындағы икемділік, сымбаттылық, қабілеттілік, инабаттылық, ізеттілік, біліктілік, танымдылық қасиеттерін дәріптеп дамытуға баулу.

Дамытушылық: қыз балаларды әдемілікке, сұлулық, ақылдылық, іскерлікке баулу, талғамдарының жоғары болуын дамыту.

Тәрбиелік: қыз балаларды өзін-өзі күте білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, слайдтар, музыка.

Мұғалім сөзі:

«Тәрбие — тал бесіктен». Сол тәрбие бесігінің бірі мына сөздер, ата-аналар болса, екінші тәрбие бесігі — мектеп. Ендеше ғасырлар бойы қастерлеп келген асыл-қасиеттерді баланың бойына сіңіре тәрбиелеу — біздің міндетіміз. Мектебімізде бірталай жұмыстар, өз нәтижесін беруде, соның бірі — бүгінгі «Шығыс арулары» атты сайысымызға қош келіпсіздер! Сайысымызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.

Жүргізушілер: Шахразада, Алладин

«Шығыс қаласы» слайды.

Кадр сыртындағы дауыс: «Баяғы бағзы заманда бір қатыгез, жауыз патша Шахрияр өмір сүріпті. Ол күн сайын өзіңе жаңа әйел алып, екінші күні басын алады екен. Ата-аналары өз қыздарын патша Шахриярдан жасырып, шаһардан көше бастапты.»

Бір күні Шахрияр бас уәзірдің қызы — Шахразадаға үйленіпті. Ол өте ақылды, білімді болыпты. Шахразада көп ертегілер мен аңыздарды, ежелгі кітаптарды оқыған екен. Ол күн сайын бір ертегі айтып, өз өмірімен басқа да қыздардың өмірін сақтап қалған. Сонымен, бүгін бізге қонаққа Шахразада келіп, жаңа ертегі айтып береді.

Экранда және залда шығыс әуенінің сүйемелдеуімен Шахразада келеді.

Шахразада: Құрметті жиналған қауым! Бүгінгі «Шығыс арулары» атты сайысқа қош келдіңіздер! Біз бүгінгі мерекемізде «Мың бір түннен» «Алладин және оның сиқырлы шамы» ертегісін есімізге түсіреміз. Бұл ертегінің басты кейіпкері қазынаға түсіп, сиқырлы шамды әкелуі керек. Оған жалғыз өзіңе өте қиын болады, сондықтан оған біздің аруларымыз көмектеседі.

/шығыс әуенінің сүйемелдеуімен қыздардың екі тобы ортаға шығады./

Шахразада:

Ал, халайық ықыласпен демелік,

Кімдер жүйрік, өнерпаз білейік,

Әділқазы алқасынан әділдікті,

Ал аруларға сәттілік тілейік.

Құрметті достар! Сайысты бастамас бұрын әділ-қазылар алқасын тағайындап алайық. Әділ-қазылар төрайымы: қазақ тілі мұғалімі Таймуллина Ш.Н. Әділ-қазы мүшелері: музыка мұғалімі Кононова Н.Л., ырғақ мұғалімі Полтанова М.А., қазақ тілі мұғалімі Жолдаспаева Ш.Қ.

Менің ертегімнің басты кейіпкері — тігінші Хасанның баласы Алладин.

Экранда және залға Алладин шығады

Алладин: Сәлеметсіңдер ме, құрметті қонақтар, балалар! Қымбатты аруларым! Маған сендердің көмектерің керек. Біз жер астына түсіп, сиқырлы шам әкелуге барамыз. Жер астына түсу үшін мына тасты көтеру керек. Ол үшін біз бірінші тапсырманы орындаймыз.

Экранда «Сәлем-сөздің анасы» деген жазуы бар тас бейнеленеді

Шахразада:

Жөн сұрасып отырады жүрген жерде,

Бабамыздың салты ғой ол бұл күнде.

Арулардан бейхабар болмас үшін,

Өздерін таныстырсын осы жерде, —

демекші сайыстың бірінші кезеңі «Сәлем-сөздің анасы» деп аталады. Әр топ өзінің атауын атап, ұранын айтады, эмблемасын көрсетеді. Әр бөлімде әділ-қазылар бағалау есебін көрсетіп отырады.

Алладин: Қымбатты аруларым! Сендер берілген тапсырманы жақсылап орындапсыңдар, сондықтан мына тас орнынан қозғалды. Бірақ біздің алдымызда темір есік бар екен. Ол ашылу үшін бізге тағы да тапсырма беріледі.

Экранда «Домино» есігі

Шахразада: Сайыстың екінші кезеңі «Домино» деп аталады. Үстелдің үстінде әр топқа арналған қағаз жатыр. Бір торында сөйлемнің басы, соңын дұрыс тауып, сөйлемді дұрыс құрау қажет.

Ал, арулар, сайысқа қалайсыңдар?

Тапсырма ал, қымсынбай кеп,

Жауап берсеңдер сұраққа жарайсыңдар!

1. Наурыз — Жыл басы. Наурызда адамдар әдемі киініп, ән айтады, би билейді, жарысады. Наурыз көже пісіріп, бір-бірін қонаққа шақырады. «Ақ мол болсын!» — деп құттықтайды.

2. Көктем келді. Көктемнің бірінші айы — наурыз. Екінші айы — сәуір. Үшінші айы — мамыр. Көктемде бәйшешек гүл жарады, күн жылынады.

Алладин:

Мерекеңіз құтты болсын халайық, Бүгінгі күн шырқап, әнге салайық. Қошеметтеп, қолды соғып көрермен,

4 «Б» сынып оқушысы Кузнецов Андрейді қарсы алайық (Күйсандықта әуен орындайды).

Рахмет. Сөз әділ-қазылар алқасына беріледі.

Шахразада: Қараңыздар, темір есік ашылды, бірақ алдымызда тағы да есік бар. Оны ашу үшін сайыстың үшінші кезеңі «Мақал-сөздің мәйегі» өткізіледі.

Мақал-мәтел-сөз мәйегі, тілегі, Әр сындарда асыл сөздің тірегі. Қарапайым қазақ тілі-өз тілім, Өз тілімде бұлқынады жүрегім.

Алладин: О, керемет! Темір есік ашылды, бірақ алдымызда тағы да кедергі тұр. Біз келесі тапсырманы орындауымыз керек. Экранда мақалдың басы шығады, топ кезекпен мақалды жалғастырулары қажет. Дұрыс жауап берілсе, экранда дұрыс жалғасы беріледі.

Экранда «Мақал-сөздің мәйегі» атты жабық есік көрінеді

(сайыс соңында есік ашылады)

Күш — білімде

Жері байдың — елі бай

Ас — адамның арқауы

Кітап — білім бұлағы

Мектеп — кеме,

Білім — теңіз

 

Тазалық — саулық кепілі,

Саулық — байлық кепілі

Нан — ас атасы

Адал достық алтыннан да қымбат

Еңбектің наны — тәтті,

Жалқаудың жаны — тәтті

Отан оттан да ыстық

Алладин: О, менің көмекші аруларым! Сендердің арқаларыңда біз бұл есікті де аштық. Алайда біз тағы бір сыннан өтуіміз керек.

Экранда «Шебердің қолы ортақ» деген киіз үй есігі бейнеленеді

Шахразада:

О, заманда ашқан қазақ өнер сырын

Шақырған сайыстарға бірін-бірін.

Он саусағы алтындай шебер топты

Танимыз қазір оны қолөнерінен, —

дегендей сайыстың төртінші кезеңі «Шебердің қолы ортақ» деп аталады. Әр топқа мынадай тапсырма: бірінші топ әкелген заттарынан сырмақ жасайды, екінші топ түскиіз жасайды. Жасап болғасын бәрімізге көрсетіп, жасаған заттары туралы әңгімелеп береді.

Әр топ өз өнерін ортаға салады; қолөнері, іскерлік өнерімен жарысады.

Ал біздің аруларымыз қолөнермен айналысып жатқанда, 4 «а» сынып ұлдарының «Лезгинка» атты би өнерін тамашалайық.

Алладин:

Жарайсыңдар! Сендерге көп рахмет. Сөз бірінші топқа беріледі. Сөз екінші топқа беріледі. Ендігі сөз кезегі әділ-қазылар алқасына беріледі.

Экранда киіз үй есігі ашылады

Шахразада: Есігіміз ашылды. Алақай, құттықтаймыз!

Алладин:

Көркем өнер — жас бөбек,

Сүйкімді болар баптаса,

Қайсысы әнші, кім биші?

Талабына қарайық,

Кімдер зерек, кім жылдам?

Таланттарын табайық. Қыздарымыздың өнерімен танысайық. Келесі, соңғы сайысымыз ән мен би өнері.

Экранда «Өнерпаз болсаң...» деген жазуы бар есік көрінеді

Шахразада: Сайыстың бесінші кезеңі «Өнерпаз болсаң ...» деп аталады. Әр топ өз өнерін көрсетеді.

Алладин:

Сөз бірінші топқа беріледі.

Сөз екінші топқа беріледі.

Сайыс соңында қазына есігі ашылады /мультфильмнен үзінді слайд/

Шахразада: міне, барлық тапсырмалар орындалып, соңғы есік ашылып, біздің Алладиніміз сиқырлы шамға қолы жетті. Енді шамды алып шығу үшін әділ-қазылар сайысымыздың қорытындысын шығарсын. Әділ-қазылар алқасы ұпай сандарын санап, жеңімпаздарды тағайындағанша, 4 «в» сыныбы өз өнерлерін көрсетеді. Ал мен шамды әкелуге кеттім.

Алладин: Менің аруларым! Міне, біз қазынаны таптық. Сиқырлы шам бірер минуттан соң менің қолымда болады.

Шахразада: Қымбатты балалар! Енді әділ-қазылар алқасы арулар ішінен ақылына көркі сай, инабатты да ізетті аруларды таңдау үшін сөз береміз.

Мультфильмнен үзінді слайд, Алладин қазынадан шамды алып шығып, залға оралады.

Алладин: Міне, сиқырлы шам. Енді шамды ысқылайық.

Мультфильмнен үзінді слайд, жын еркіндікке шығады

Жын: Сәлем бердік, қожайын! Бұйыра бер, бар тілегіңді орындаймын.

Алладин: Жын, мені тыңда, бар да сұлуларыма арналған асыл тастан жасалған моншақтарды әкел.

Жын: Мақұл, тақсыр!

Алладин: Қымбатты, аруларым! Мен өте ризамын. Арулардың сұлулықтарына сай келер мына сыйлықтарымды қабыл алыңдар! Шахразада, маған көмектес, әр сұлу өз моншағың тақсын. Бұл моншақтар әр біреуіне бахыт, байлық, сәттілік әкеледі. Ал мынау саған, менің сұлуым, Шахразадам!

/арулар мен Шахразаданы Алладин марапаттайды/

Шахразада: Қымбатты, аруларым!

Бойларыңда от бар екен байқадым, Жүректерде шоқ бар екен байқадым. Әрқашанда осы шоқты өшірмей, Жалындатып, шарықтаңдар әрдайым.

Шахразада мен Алладин: Соңымен біздің ертегіміз аяқталды. Бәріңізге көп рахмет. Сау болыңыздар! Кездескенше!

Экранда «Алладин» мультфильмінен фотошоп шығады. Барлығы әуен ырғағымен залдан кетеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Мың бір түн» ертегілер жинағы, 3-том, Алматы, Жазушы, 1980 ж.

2. «Аллаудиннің сиқырлы шамы» ертегісініен үзінді

3. Мақал — мәтелдер жинағы

4. С.А.Узакбаева, К.Ж.Кожахметова «Использование материалов казахской этнопедагогики при изучении педагогических дисциплин», Алматы, Өнер, 1998 г.

5. «Қазақ тілі мектепте, колледжде және ЖОО—да оқыту» журналы № 5-6, 2011 ж.

Категория: