Седьмой международный творческий конкурс «Золотая осень» для детей, педагогов и воспитателей

 

Сабақтың тақырыбы: «Зат есім»

Восьмой международный творческий конкурс «Золотая осень» для детей, педагогов и воспитателей

 

 

Сандыбаева Бибигуль Смагуловна учитель начальных классов 2-категория КГУ «Аккольская средняя школа» Акмолинская область Зерендинский район

Сандыбаева Бибигуль Смагуловна

 

    

Қазақ тілі 

2 сынып

Сабақтың тақырыбы

Зат есім.

Сабақтың жалпы мақсаты

Зат есімдердің түрлерін ажырата білу, мәтінде қолдана білу.

Сабақтың міндеттері

1. Сөйлем ішінен зат есімді анықтай білуге үйрету.

 Жалқы есім мен жалпы есім, олардың жазылу емлесі туралы білімдерін бекіту.

2.  Сөздік қорларын молайту.

3.  Сауаттылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

1. Зат есімдердің түрлерін ажырата білу.

2. Сөйлем құруда, әңгіме құрастыруда пайдалана алу.

 

Сабақтың көрнекіліктері

Оқулық, суреттер, ақ қағаз, смайлик, спикер.

Сабақтың әдіс – тәсілдері

Әңгіме – дебат, топтастыру, АКТ, ой тастау, СТО.

Сабақтың барысы бойынша мұғалімнің жазбалары

           Мұғалімнің іс-әрекеті

Уақыты

        Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйым кезеңі:

а) Шаттық шеңбері.

 

ә) Жемістердің суреттерін таңдау арқылы топқа бөлу.

 

 2 мин

 

Оқушылар бір–біріне сәттілік тілейді.

Оқушылар  суреттерді таңдау арқылы топтарға бөлініп отырады.

ІІ. Өткенді қайталау

а) Әңгіме – дебат.

Сұрақ қою арқылы  зат есім туралы білімдерін еске түсіру.

— Зат есім дегеніміз не?

— Зат есімдер қандай сұрақтарға жауап береді?

— Зат есімнің қандай түрлерін білесіңдер?

— Мысал келтір.

 

 

 

 

 

 

  3 мин

 

 

Оқушылар зат есім туралы білімдерін еске түсіреді. Топ бір – біріне сұрақ қояды.

 

 

Зат есімнің жекеше, көпше түрлерін ажыратады, мысал келтіреді.

ІІ. Жаңа сабақ:

АКТ – мен жұмыс.

а) Суреттерге қарай отырып зат есімдерді атау.

— Суреттерді топтастыру арқылы оқушылар зат есімнің түрлерін ажырату.

— Суреттерге байланысты сұрақ қою арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.

 

ә) Оқулықпен жұмыс.

1 – жаттығу. (Ой тастау)

«Кесе» дегеніміз не?

Кесе – ыдыс. Оны шай, сұйық тамақ ішуге қолданады. Кесенің беті ашық, дөңгелек етіп жасалады. Ағаштан жасалған мұндай ыдыстар кесеге жатпайды. Оны тостаған дейді. Кесе фасфордан ғана жасалады. Сыртына түрлі ою – өрнектер салынады.

 

б) Топтық жұмыс.

3 – жаттығу.

Тірек сөздерді пайдалана отырып, суретпен әңгіме құрастыру.

Төбешік, қоңыраугүл, жұлдызшы, кітаптар, күнтізбе, зейнеткер, құмыралар, жаңылтпаш, бөдене, жылғалар, ошақ, құмырсқалар.

 

в) Деңгейлік тапсырмалар.

Бүгін мектепте ертеңглілік өтті. Ертеңгілік халықтар достығына арналды. Өйткені біздің елімізде көптеген ұлттар тату – тәтті тұрады.

    Мерекеде оқушылар өнерлерін көрсетті. Асқар қазақ тілінде өлең оқыды. Асан әдемі ән шырқады. Ертеңгілік қызық өтті.

Тапсырмалар:

1. Зат есімдердің астын сыз.

2. Жекеше зат есімді көпше түрге айналдыр.

3. Зат есімдермен сөйлем құрастыр.

 

 

 

  6 мин

 

 

 

 

 

 

 

  8 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  9 мин

 

 

 

 

 

 

  8 мин

 

Оқушылар суретті атай отырып зат есімдерді көреді, есте сақтайды, оларға сұрақ қояды.

 Зат  есімдерді көпше, жекеше түрлеріне топтайды. Сөйлем  құрастырады.

 

 

 

 

 

Оқушылар кесе туралы білімдерін ортаға салады.

 

Жаттығу жазбаша орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар тірек сөздерді пайдалана отырып, топта суретпен әңгіме құрастырады.

Өз жұмысын постерға түсіріп, қорғауға үйренеді.

 

 

 

Тапсырмалар бойынша әртүрлі деңгейдегі оқушылардың бірлескен жұмысы жүреді. Оқушылар бір тапсырмадан келесі тапсырмаға өз біліміне сүйене отырып жылжиды.

 

 

Сергіту сәті:

 «Мен еңбекқор баламын» ойыны.

Ойынның ережесі:

Мұғалім «Сен үйде не істейсің?» деп бір балаға доп лақтырады.Ол келесі балаға сол сұрақты қойып жалғастырады.

 

 

  1 мин

 

Оқушылар  бір – біріне сұрақ қоя отырып, ойынды жалғастырады.

3) Шығармашылық жұмыс.

2 – жаттығуды  пайдаланып  кім? кімдер? сұрақтарын қатыстырып,

2-3 сөйлем құрастырады, зат есімге талдау жасайды.

 

 

   4 мин

 

Зат есімді әңгіме құрастыруда пайдаланады.

«Неге» сұрағы арқылы  оқушыларға

ой тастау.

ІV. Сабақты бекіту:

Жұмбақ шешу.

а) Қалың киімді ұнатады,       шешіндірсең жылатады.   (пияз)

ә) Аяғы біреу, қолы жоқ,

    өзі сөйлей білмейді.

    салған ізі сөйлейді.  (қалам)

б) Күн күледі,

жер түледі. (көктем)

 

  2,5 мин

 

 

Жұмбақ шеше отырып, алған білімдерін жинақтайды. Жұмбақтың жауабын талдайды.

 

V. Бағалау:

Бағдаршам. 

Топпен жұмысты спикердің бағалауы.

Критерии арқылы мұғалімнің бағалауы.

Сабақ  үстінде мұғалімнің  мадақтауы.

 

 

 

  1 мин

 

Өздері бір-бірін бағалайды.

 

Күнделіктеріне баға қою.

ҮІ. Үйде:  бет 214       2 - жаттығу

  0,5 мин

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

Категория: