Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Тоқылдақ пен бұлбұл

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы Ғ. Мүсірепов ауданы Сарыбұлақ ауылы Акентаева Майра Сапарқызы Сарыбұлақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, жоғары санаты

Әдебиеттік оқу 4 сынып

Әдебиеттік оқу пәні бойынша сабақ жоспары

Тақырыбы: Тоқылдақ пен бұлбұл. 4-сынып

Мақсаты: Мысалмен таныстырып, мазмұнын ашу. Өз ойларын ортаға салуға, кейіпкерлерге мінездеме беруге жетелеу, рөлге бөліп оқу дағ-дыларын дамыту. Өзгенің еңбегін бағалай білмеуден және мақтаншақтықтан аулақ болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Пән аралық байланыс: математика, ана тілі.

Көрнекілік: сандар, әріптер, суреттер, үлестірмелер, сызбалар, үнтаспа т.б.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру

2. Психологиялық кезең

3. Үй тапсырмасын тексеру:

a. «Азамат болған алғашкы күн» мәтінінің мазмұнын әңгімелету.
b. Үлестірмемен жұмыс,
c. Өткен сабақтарға байланысты бір-біріне сұрақтар қою

Ойын: «Сандар сырын ашайық».

Мақсаты: Есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып, тіл байлығын арттыру; Әр пәннен алған ұғымдарын көрсете білуге тәрбиелеу. (Текшелердің ар-тында сабақтың тақырыбы жасырылады, ал бетінде сандар жазылады. Оқу-шылар сандарға қатысты нақыл сөздер, математика сабағынан алған ұғым-дарымен байланыстыра жауап бере алады.)

Мысалы:
«7» — Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер.
«1» — Кез келген санның сол санға бөліндісі 1-ге тең.
«3» — Үш арсыз : ұйқы, күлкі, тамақ.
«1000» — Батыр бір өледі, корқақ 1000 өледі.
«З66» — Бір жылда 366 күн бар.
«22» — 22 — наурыз — мұсылмандардың жаңа жылы.
«10» — 1 сантиметрде 10мм бар.
«5» — Ер қаруы бес қару. (т. с. с.)

4. Өз ойларын сызбаға түсіру

(Тоқылдақ пен бұлбұл жайлы ойларын сызбаға түсіреді.)

5. Жазғы орманға саяхат

Мақсаты: «Оқушылардың қиялын дамыту». (үнтаспаны қолдану)

6. Мысалды көрнекілік арқылы инсцинировкалай отырып, мәнерлеп оқу

7. Сергіту сәті

8.Оқулықпен жұмыс:

  • іштей оқу
  • түртіп алу жүйесі бойынша жұмыс
  • рөлге бөліп оқу

5. Мысалдың мазмұнын ашу. Венн сызбасымен жұмыс

(Сұрақ-жауап әдісі арқылы кейіпкерлерге мінездеме беру.)

6. Тәрбиелік мәнін ашу

7. Сабақты бекіту:

Мысалға байланысты мақал-мәтелдер айтқызу.

Ойын: «Сөз ойла, тез ойла»

«Тоқылдақ» сөзінен бірнеше сөздер құрастыру. (мысалы: тоқ, дақ, ақ, оқ, тоқы, қол, тоқы, лақ т.б.)

8. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтау және бағалау

9. Үйге тапсырма: Тоқылдақ пен бұлбұл жайлы мәтін құрау, немесе суреттерін салу және жұмбақ жинастыру, мысалды мәнерлеп оқу.

Категория: