Международный творческий конкурс «Школьные годы чудесные» для детей, педагогов и воспитателей

 

Сабақтың тақырыбы: Қ.Әбдіқадыров «Қажымұқан» хикаятын талдау сабағы

 

Бекбулатова Гульжан Бауржановна, учитель казахского языка и литературы второй категории, стаж 10 лет, пед. стаж 7 лет, КММ Тельжанская средная школа, СКО, Уалихановский район, село Тельжан

Бекбулатова Гульжан Бауржановна

Сабақтың мақсаты: Бүкіл әлемге әйгілі Қажымұқан Мұнайтпасовтың өмірі мен даңқы туралы мағлұмат беріп, өз ойларын толық жеткізе білуге үйрету

Сабақтың міндеттері:

1. оқушыларды батылдыққа, өжеттілікке, Отансүйгіштікке тәрбиелеу;
2. Қ.Әбдіқадыров «Қажымұқан» хикаятының мазмұны мен идеясын ашып, жан-жақты талдау;
3. өзара жағымды қарым-қатынастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Жинақтау, пысықтау және бекіту сабағы.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау, талдау, ой қозғау, топтастыру.

Көрнекілік: фотосуреттер, мультимедиялық құралдар.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, бейнелеу өнері, дене шынықтыру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Сәлемдесу.

— Сәлеметсіздер ме құрметті балалар! Бүгінгі біздің сабақта қонақтар отыр. Сондықтан да балалар, біз өзімізді қандай тәрбиелі, әдепті екенімізді көрсете білейік.

ә) Психологиялық сәт.

Ана тілім —ұраным,
Ана тілім-құралым.
Ана тілім болмаса,
Болмас еді жыр-әнім.
Ана тілім-елдігім,
Ана тілім-ерлігім.
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігім...

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

— Балалар, бүгінгі сабағымыздың негізгі мақсаты Қажымұқан өмірі мен даңқы туралы мағлұмат беріп, өз ойларын толық жеткізе білуге үйренеміз. Бұл сабаққа кіріспес бұрын Қалмақан Әбдіқадыров кім екенің қайталап өтейік?

«Ой қозғау»

1. Ол кім? (ақын, жазушы аудармашы)
2. Қай жерде дүниеге келді? (Қызылорда обл., Сырдария ауылы)
3. Қай жылдар аралықта өмір сүрді? (1903-1964 ж. ж.)
4. Қандай шығармаларын білесіндер? («Өміртайдың ауылы», «Тапқыш», «Тәтті қауын», «Амантай»)
5. Қай ертегіні тұңғыш рет қазақ тіліне аударды? («Мың бір түн» халық ертегісі)

Мұғалім: — Өте жақсы балалар! Қалмақан Әбдіқадыровтың өміріне қысқаша шолып, қайталап өттік.

ІІІ. Жаңа сабақ. Қ.Әбдіқадыров «Қажымұқан» хикаятын талдау сабағы «Қызығушылықты ояту».

— Қазір бізге Біржан мен Кәрім келесі сабақ бөлімін жұмбақ сахналау ретінде көрсетеді. (Французша күрестің үлгісін көрсетеді)

— Ал енді балалар, біз не туралы әңгімелесеміз? (Күрес)

Қ.Әбдіқадыровтың Қажымұқанға қандай байланысы бар деп ойлайсыңдар?

Балалар: «Қажымұқан» хикаятында жазушы ағамыз французша күрестен дүние жүзінің чемпионы Қажымұқан Мұнайтпасұлының өмірін, спорттағы жолын қызғылықты баяндап береді.

«Ойға шақыру»

— Оқулықта берілген хикаят неше бөлімнен тұрады? (4 бөлімнен)

Мен сіздерге әр бөлімдеріне тапсырмалар бергем. Енді сол тапсырмаларға көшейік. Бірінші бөлім қалай аталады?

(«Қар күреген бала»)

І бөлім «Қар күреген бала». Салтанат саған сөз беріледі. Саған бірінші бөлім бойынша сурет салу және сұрақтар дайындап келу тапсырылған еді.

1. Бұл бөлімдегі оқиға қай айлар аралығында болды? (ақпан-қаңтардың сақылдаған аязы).
2. Аупалаған дауыс қайдан шықты? (Иван Ногичтің қоймасынан).
3. Он адам қоймада нені қозғалта алмай жатты? (Отыз пұт май құйып қатырған кеспекті көте алмаған сәті).
4. Бұл жағдай кімді қызықтырды? (16 жасар баланы).
5. 16 жасар бала ол қандай міндетттің атқарып тұрды? (Қойманың қарын күреп жүрді)
6. Қоймаға кірген бала не істеді? (Кеспектің астына жалғыз тақтайды тастауы)
7. Қажымұқан адамдарды қалай таң қалдырды? (қозғалмаған кеспекті шаға көтеріп салды)
8. Кіреші бай Масликов оған не берді? (1 сомдық сарышұнақ берді)
9. Қожасы Орлийға қандай ақыл берді? (Қажымұқанды қолына түсіріп алу)
10. Масликов Қажымұқанды әңгімелесіп, ол туралы не білді?

(Ақмола обл,. Сарытерек болысы, Құрама аулында; Әкесі-Мұңайтпас Ернақов; Өзі аты-Мұқан)

11. Масликов өзіне жұмысқа алу үшін қандай шарт қойды? (айлығы 80 тиын, киім мен жабықтау, тегін тамақтану)

12. Бала келісімін берді ме? (Иә)

ІІ бөлім «Жаяу сүйреген шана». «Кім жүйрік?» сайысы.

Бұл ойынға Біржан мен Кәрімді шақырамыз.

1. Масликовтың жанұясына Мұқанның қандай мінезімен ұнады? (ауыр мінезі, тіл алғыш)
2. Масликовтың жанұясы Мұқанды қалай атап кетті? (Митька)
3. Неліктен Масликов шөпті тез әкел деп бұйрық берді? (түн ортасында жүріп кеткен шөпшілер қар басқан соқпақпен жүру ауыр болып, аттарын болдыртып, әрең деп түсте шөпке жетті).
4. Неліктен Мұқан шөпті боранда өзі арқалап әкелуге мәжбүр болды? (өйткені, байдың аттары аш қалмауы)
5. Болдырған аттарды Мұқан не істеді? (өз арақасына арқалап еліне жеткізеді)
6. Аттарының жағдайын көрген Масликов не істеді? (Городовой мен полицмейстерді шақырды).

Оқулықпен жұмыс.

— Балалар, Мұқанның осы бөлімдегі шананы сүйреп қиналған сәттерін тауып оқып беріндер. (198 бет)

ІІІ бөлім «Ұлы Петрдің қаласында». «Мазмұндау» Мазмұндау менсурет салып келу берілген.

ІV бөлім Парижде. «Сұхбаттасу». Қажымұқанмен сұхбаттасу.

— Ал балалар, біз ең соңғы төртінші бөлімді қайталайық. Бірақта бұл ерекше бөлім. Біздің сыныбымызға тілші мен Мұқан ағамыз келді. Соларға сөз берейік.

Тілші:

— Құрметті, Мұқан сіз Парижде неше алуан күштін кереметін көрдіңіз! Сол туралы айтып берсетіңіз!

Мұқан: Айтып берейін. Аузын арандай ашып, ырылдаған арыстанды аяғынан ұстап, лақтырып жібергендері болды. Үйдей үлкен өгізбен сүзіліп, ұлыған иттей шоңқайтып отырғызып кетті.

Екі пұттық кір тастың бесеуін шар қылып ойнатқан балуан болды.

Білектей темірді мойнымен, лом темірді тісімен майыстырды. Екі білегімен екі атты қозғалтпай қойғаны да болды. Созған қолына төрт адам мінгізіп, цирктің шеңберін айналғандар болды.

Төбесінен тұрып, аяғының үстінде алты адам ойнатқаны болды. Екі пұт тасты кеудесіне қойып, жарты пұттық балғамен ұрып сындыртты бір балуан.

Үндістан балуаны өз мырзасын үй ішімен, жайылған дастарқан, құюлы шарабымен дөңгелек тақтайға отырғызып, төбесімен көтеріп келді.

Африка балуаны отыз пұттық пілді иығына тұрғызған бойы көпшілік алдынан өтті. Тағы толып жатқан күш өнерін көрсетушілерді Париж халқы қошеметтеп қарсы алды...

Тілші: Орыс балуандары күш көрсететін қандай ойынға қатысты?

Мұқан: Он сегіз пұттық рельске жиырма бес қызметші адамын мінгізіп, денесінің бұлшық еттері білеуленіп біреу шықты.

Тілші: Орыс балуаны Дубный қандай керемет көрсетті?

Мұқан: Балуан цирк алаңын бір айналып, ортаға тұрды да, отырған елден тағы бірнеше кісі шақырып, рельстің екі басын бастырды. Қырық кісінің салмағы рельсті иіп, жерге тигізді.

Тілші: Дубный сізге кім болады?

Мұқан: Менің жан досым. Ол өте атақты балуан. Шығыс Европаның үздік атағын алған орыс балуаны.

Тілші: Сіздерден басқа теңдес балуандар болды ма?

Мұқан: Жоқ, әрине!

Тест.

— Енді, осы өткен хикаят бойынша өз білімдерді бағалап көрейік.

1. Қажымұқан қай облыста дүниеге келді?
а) Павлодар облысы; в) Ақмола облысы; с) Қарағанды облысы.
2. Қажымұқанның әкесінің есімі
а) Елубай Өмірзақов; в) Қалмақан Әбдіқадыров; с) Мұнайтпас Ернақов.
3. «Митька» деп Мұқанды кім атап кетті?
а) Масликовтың отбасы; в) Иван Ногич; с) Дубный.
4. Иван Лебедев мектебі Мұқанға не үйретті?
а) Бокс; в) Орыс тілін; с) Французша күресті.
5. Париждегі балуандар өнерінде кімдер жеңімпаз атанды?
а) Үндістан балуандары; в) Ресей балуандар; с) Түрік балуандар.

Дәптермен жұмыс.
— Жақсы балалар, Қажымұқанның мінезі қандай? Осы тапсырманы біз дәптерге істейік.

«Топтастыру».

Мұғалім: Сондықтан да балалар, осы қаситеттерді өз бойларына дарып, болашақта үлкен жетістіктерге жетесіңдер деп ойлаймын!

Өз мақсаттарына жету үшін келесі ережені ұстаныңдар.

1. Еңбектенеміз!
2. Қиындықтан қашпаймыз!
3. Кедергілерді жеңе білеміз!
4. Бастаған істі аяғына дейін орындаймыз!
5. Мақсатына жете білеміз!
6. Қажымұқан атамыз сияқты мықты боламыз!

ІІІ. Сабақты қорытындылау.

— Балалар, бүгінгі біз қандай хикаятты өттік?
Не себептен біз осы хикаятты талдадық?
Қандай тапсырмаларды орындадық?
Не үйрендік?

ІV. Үй тапсырмасын беру. Шығарма «Даңқы шыққан Қажымұқан»

V. Бағалау

 

Категория: