Cпорт — бейбітшілік елшісі, мемлекетіміздің мәртебесі
Шашубай кентіндегі «Мектеп — балабақша кешені» КММ Ақтоғай ауданы, Шашубай кенті, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, екінші (негізгі) деңгейлі жаңа форматты ұстаз Шакирбеков Даулет Танирбергенович |
Күнделікті өмірде дене шынықтыруды сүйетін жандар өте көп. Әлемде және елімізде болып жатқан спорт жаңалықтарын асыға күтіп, қазақстан спортшыларының тілеуін тілеп, спортқа байланысты кез келген ақпаратқа елеңдей жүретін жанкүйер оқушылар қауымы мектебімізде жылдан — жылға артып келеді. Осыншама халықты ұлты мен тіліне, дінімен түр-түсіне бөлмей өзіне ынтызар еткен спорттың мәртебесін ерекше атап кетуге болады. Спорт-адам денсаулығының кепілі, денешынықтыру — бұл қозғалыс, қозғалыс — бұл өмір екенін бәрі біледі. «Тәні саудың — жаны сау» деген сөздің мағынасын түсінетіндер де спорттың қадірін қастерлеп жатады.
Спорт — ең алдымен денсаулық, бәсеке, ұжымдық бірлік. Ал, жеңіске деген ұмтылыс оқушыларымызды алға жетелеп, аянбай еңбек етуге, үнемі алға ұмтылуға, үйренуге, тер төгуге, алға қойған мақсаттарына жетуге баулиды. Сонымен қатар спорт мәртебесі туралы айтып кететін болсам — бәсекеге қабілетті болуға үндейтін нағыз тәрбие көзі емес пе?! Ең бастысы спорт — бейбіт бәсеке және спорт-саясат, елдің елдігін, ердің ерлігін, рухтың биіктігімен ұлттар достастығын айғақтайтын нышан. Ел басшылары қазақстан спортын дамытуға ерекше көңіл бөліп, біздің спортшыларымызға, байрақты бәсекенің төресі-олипиадаларға жанкүйер болып баратыны көп нәрсені аңғартпай ма?! Тағы айтып кететін болсам, спорт бұл-ғылым. Қазіргі заманда жоғарғы нәтижеге жету үшін, ғылымды спортпен ұштастыра білу керек. Сонда ғана топ алдында сайысқа түсуге бел байлап, жемісті жүлдеден үміт күтесің.
Сенің жеңісің төгілген тердің ғана нәтижесі болуын күтпей, артындағы тұтас мемлекеттің үмітін ақтау жоғары тұруы тиіс. Дене еңбегі мен ой еңбегін қатар кажет ететін спорт — өнердің жоғары сатысы. Ол да ерекше талантты, мінсіз шеберлікті, еңбекқорлықты, төзімділікті талап етеді. Өз мектебімдегі спорт әлеміне тоқталар болсам, спорт — мектептегі тәрбие құралының басым бағыттарының бірі. Ол — жас ұрпақ жүрегіне отансүйгіштік сезімін қалыптастыру үшін таптырмас көмекші. Мектебімізде спортты сүймейтін бала кемде-кем.Спортты сүю,оны серік етуге баулу арқылы балаға тек салауатты өмірді насихаттап қана қоймаймыз. Сонымен қатар өрлік,еңбекқорлық, төзімділік, адалдық, коммуникативтік, әділдік сияқты жоғары қасиеттерді де қалыптастырады. Сабақ барысында және де сыныптан тыс уақыттарда оқушылар арасында ұйымдасу, достықты қадірлей білу, ер және қыз балалар арасындағы сыйластық сезімінің орнығуына спорттың көмегі зор.
Футбол, шахмат, тоғызқұмалақ, стол теннисі, баскетбол сияқты спорт түрлерінен сайысқа қатысып,жетістікке жету балалардың бойына өздеріне деген сенімділігін оятады. Мектебіміздегі оқушылар спорт саласындағы онлайн—конференцияларына жиі қатысып, әр түрлі тақырыпта шағын зерттеу жобаларын қорғайды. Олардың еңбектері, жүлдедері аудандық, облыстық, республикалық газет—журналдарынан көрініс тауып жатады. Сонымен қатар оқушыларымыз жерлестеріміз, Олимпиада чемпиондары В. Жиров, С. Сапиев және де басқа танымал спортшыларды өздеріне идеал тұтып, олардың жеңіске жету жолдарын зерттей отырып, өздері де сол спорт түрімен белсене айналысып, жақсы нәтиежелерге жетіп келеді. Мысалы: 11 сынып оқушысы Қуанышбек Аслан — бокстан облыс чемпионы және халықаралық турнирлардың бірнеше дүркін жеңімпазы болса, Өміржанов Дархан, Қырқымбай Тәукехан да — жеңіс тұғырына көтеріліп жүрген спортшыларымыз.
Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында екінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша оқыту курс барысындағы тәжірибе кезеңінде ұлттық ойынымыз «тоғыз құмалақ» ойынына оқушылардың қызығушылығын қарастырып, ұлттық спорт ойындарының ғажап құрал екенін зерттеп, ұлттық ойындардың да мәртебесінің жоғары екеніне тағы бір мәрте көз жеткіздік. Төменгі сынып оқушыларымен өткізілген сабақ барысында ойналған «Қыз қуу», «Көкпар», «Аударыспақ» арқылы жылқы түлігінің қасиеті туралы кеңінен мәліметтер алынды. Оқушыны оқытып қана қоймай, олардың алған білімін өмірмен ұштастыра алуына жол ашатын білім берудің жаңа тәсілдері арқылы талай баланың бұғып жатқан талантына түрткі болып, дарын иелерін дөп басып анықтау мұғалімнің кәсіби шеберлігінде деп ойлаймын. Қарапайым әрі қасиетті құндылықтарды жинақтап бала бойына сіңіру — ұстаздың парызы. Айқын мақсат болса, алынбас шың жоқ. Баршаның ең бағалысы, яғни баласының бақытты болашағы үшін аз — кем еңбек сіңірсе — ұстаз қалауы сол деп білемін.
- 43615 просмотров