Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Қ және К дыбыстарын ажырату

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

Рахимова Зухра Каримовна учитель начальных классов 1 категория Аграномовская НШ Тайыншинский район СКО

Сабақтың тақырыбы: Қ және К дыбыстарын ажырату

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Қ және К дыбыстарын ажыратуға үйрету.

Қ және К дыбыстарының сөз ішіндегі орнын анықтау;
Қ, К дыбыстарын сөз, сөйлем ішінде таба білу;
Қ, К дыбыстары бар сөздерден сөйлем құрастыру;
Қ, К дыбыстары бар сөздерге дыбыстық талдау жасау, коррекциялау;

Оқушылардың сөздік қорын, ойлау, есте сақтау, көз алдына елестету қабілеттерін дамыту;

Оқушыларды әдептілікке, адамгершілікке, табиғатты сүюге баулу.

Сабақ көрнекіліктері: Үлкен плакатта жаз мезгіліндегі орман суреті. Жабайы аңдар суреті плакатқа, алмалы етіп жасалынған. Әр-біреуінің артында сұрақ, не тапсырмалар бар. Тесттер, сөзжұмбақ.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі:

Балалар қолдарыңды көтеріңдер, енді алақандарыңды бір- біріне ысыңдар. Алақандарыңдағы жылуды сездіңдер ме? Онда біз осындай ыстық, жылы лебізбен бүгінгі сабағымызды бастаймыз. Біздің сабағымыз өте ерекше, бүгін біздің сабағымызға қонақтар келді.

Сонымен қатар, бізге Кәмшат деген қыз да келіп отыр. Ол жай келмеген. Ребята, сегодня у нас необычный урок. К нам на урок пришли гости, также и девочка Камшат. Но она пришла не просто так.

Кәмшат: Балалар мен сендерге бір жұмыспен келдім. Мен орманда саңырауқұлақ теріп жүргенімде, кәрзеңкемді ұмытып кетіппін. Маған кәрзеңкемді табуға көмектесіңдерші.

Мұғалім: Балалар, қалай ойлайсыңдар Кәмшатқа көмектесеміз бе?

Оқушылар: Иә, көмектесеміз.

Мұғалім: Онда біз бүгін сабағымызда, жаз мезгіліндегі ертегілер әлеміне саяхатқа шығамыз. Алдымыздан көптеген қиындықтар кездеседі.

Сол қиындықтарды жеңе білейік.

Орман ішімен келе жатырмыз, біздің алдымыздан қоян шықты. Қояннан жол сұрасақ, ол сендерге айтады: «Егерде менің тапсырмамды орындасаңдар, мен сендерге жол көрсетемін». Қоянның тапсырмасы мынандай екен.

Қ және К дыбыстарының артикуляциялық кескіндерін айтып беріңдер.

Оқушылар: Қ дыбысын айтқанда ерніміз ашық, күрек тістер белгілі бір қашықтықта жатады. Тілдің ұшы тілмен, бірақ тіске тірелмейді. Арты көтеріліп, жұмсақ таңдайға тіркеледі. Қ дыбысын тамақпен айтамыз.

Мысалы: Қаз, қарға.

К дыбысын айтқанда ерніміз ашық, күрек тістер белгілі бір қашықтықта сақталады. Тілдің ұшы төменде, тілдің арты жұмсақ таңдайға қабысады.

К дыбысын тез айтамыз.

Мысалы: Көбелек, көгершін.

Мұғалім: Бұл дыбыстар қай жағынан ұқсас?

Оқушылар: Екеуі де қатаң дауыссыз дыбыс.

Мұғалім: Мен сендерге қоян туралы айтып берейін.

Қоянның денесі иілгіш, ұзын — қарауға, секіруге икемді. Құйрығы қысқа. «Қоянды аяғы құтқарады» — деген мақал бар. Шынында да, қоян өзінің жүйріктігі арқылы өз жауларынан құтылады. Ұзын құлақтары дыбысты, жылыны жақсы сезеді. Қоян өз терісін екі рет өзгертеді. Жазда оның терісі шөп түстес, ал қыста ақ болады. Терісін өзгерту себебі, жауларынан қорғану үшін. Балалар енді қоян туралы кім орысша айтып береді?

Оқушылар: Туловище у зайца гибкое, длинное, приспособлено смотреть, прыгать. Хвост короткий. Есть такая пословица «Зайца выручают ноги». Действительно заяц из-за способности быстро бегать, спасается от своих врагов. Длинные уши хорошо чувствуют звук, тепло. Заяц два раза меняет свою шубу: летом- серый, а зимой — белый. Он меняет свою шубу для того, чтобы спастись от врагов.

Мұғалім: Жақсы. Міне сендер қоянның тапсырмасын орындадыңдар, ол сендерге рақметін айтып, ары қарай жол көрсетті. Енді балалар, біз жұмбақ шешу арқылы, алдымыздан шығатын келесі аңды білеміз.

Дегендей ешкім тимесін,

Алыпты қадап инесін.

Оқушылар: Кірпі.

Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар, алдымыздан кірпі шықты. Ол да тапсырма алып келген екен. Балалар сендер білесіңдер ме, кірпі жауларынан қалай қорғанады?

Оқушылар: Кірпі жауларынан тікенегі арқылы қорғанады. Кірпінің өзі момын, әрі ешкімге зияны жоқ.

Мұғалім: Енді біз кірпінің тапсырмасын орындаймыз.

К дыбысына сөздер айтқанда — К әрпіне сәйкес сигналдық кәртішкелеріңді көтересіңдер, ал Қ дыбысына сөз айтқанда- Қ әрпіне сәйкес сигналдық кәртішкелеріңді көтересіңдер.

Кітап, қалам, кілем, қарбыз, кеме, қара, көз, аққу, көбелек, қайың.

Біз кірпінің бірінші тапсырмасын орындадық, енді кірпінің екінші тапсырмасы мынандай:

1-ші вариант — тесттермен жұмыс істейді.

2-ші вариант — сөзжұмбақ шешеді.

Мұғалім: Міне біз кірпінің тапсырмаларын да орындадық, ол да бізге ризашылығын білдіріп, ары қарай жол көрсетті. Сендер қалай ойлайсыңдар, бал жақсы көретін аң, қандай аң?

Оқушылар: Аю.

Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар, алдымыздан аю шықты. Аю да жай шыға қоймаған, ол сендерге тапсырма алып келіпті. «Мына буындарды оқысаңдар және сөздерге дыбыстық талдау жасасаңдар, жол көрсетемін» — дейді. Аюдың тапсырмасын орындаймыз ба?

Оқушылар: Иә, орындаймыз.

Мұғалім: Онда мына жазылған буындарды оқимыз.

Кі- Кі- Кі --- кірпі
Ін- ін- ін --- тиін
ян- ян- ян --- мынау қорқақ қоян,
ыр - ыр -ыр - сұр қасқыр
ат - ат -ат - қандай ғажап табиғат.

Біз аюдың бірінші тапсырмасын орындадық. Аюдың екінші тапсырмасы — Қала, Кесе сөздеріне дыбыстық талдау жасау. Қызыл түс- дауысты дыбыс, көк түс—дауыссыз дыбыс. .

Оқушылар: Қала, Кесе сөздерінде 4 әріп, 4 дыбыс бар. Екі буын, екі дауысты, екі дауыссыз дыбыс бар. Кесе сөзінде екі жіңішке дауысты дыбыс бар.

Мұғалім: Жақсы. Аю туралы не білесіңдер?

Оқушылар: Аю жыртқыш аңдарға жатады. Аю екі түрге бөлінеді. Ақ аю, қоңыр аю. Аюлар қыста апанда ұйықтайды. Ол үшін ол жазда май қорын жинайды. Аю жеміс-жидектермен, балықтармен қоректенеді. Бірақ бәрінен де ол балды жақсы көреді.

Мұғалім: Аю туралы орысша кім айтып береді?

Оқушылар: Медведь хищное животное, делится на два вида: белый медведь, коричневый медведь. Медведь зимой спит в берлоге. Для этого он летом запасается жиром. Медведь питается фруктами-ягодами, рыбами. Особенно он любит мёд.

Мұғалім: Жарайсыңдар, сендер аюдың да тапсырмасын жақсы орындадыңдар. Ол алғысын білдіріп, бізге жол көрсетті. Біз аю көрсеткен жолмен жүре бердік. Балалар мен сендерге жұмбақ айтайын, сендер оны шешіңдер.

Сыйқымазақ қулы ит бар, Барған жерде ұры ит бар. Ол не?

Оқушылар: Ол түлкі.

Мұғалім: Бізге түлкі де жай келмеген. Біріншіден ол сендермен танысқысы келеді. Сендер түлкімен танысыңдар. (Оқушылар өз фамилиясын, есімін, тұратын ауылын және қай мектепте оқитынын айтады).

Мен айтқандай түлкі сендерге өз тапсырмасымен келген. Ол сурет салып отырып, суреттердің астындағы сөздерге әріптерді қоюды ұмытып кетіпті. Енді сол сөздерге, көп нүктенің орнына тиісті әріптерді суреттерге қарап қойыңдар. Плакаттағы суреттер (қарбыз, көйлек, қайың, кітап)

Мұғалім: Жарайсыңдар балалар, түлкінің де тапсырмасын орындай алдыңдар. Мен сендерге түлкі туралы айтып берейін. Түлкі жыртқыш аңдарға жатады. Дене-құрылысы ит пен қасқырға ұқсайды. Түлкі қысқа азық жинамайды, иісті жақсы сезеді. Ауа райы қолайсыз болғанда, үңгірде жатады.

Мұғалім: Ал түлкі туралы кім орысша, өз түсінгенін айтып береді?

Оқушылар: Лиса хищное животное. Туловище у лисы похоже на туловище собаки и волка. Она на зиму корм не собирает, хорошо чувствует запах. В неблагоприятную погоду лежит в норе.

Мұғалім: Түлкі сендерге рақметін айтып, жол көрсетті. Түлкі көрсеткен жолмен келе жатырмыз, бір мезетте біздің алдымыздан ағаштың бұтағынан секіріп тиін де түсе келді. Тиіннен — «Сен кәрзеңке көрген жоқсың ба»? деп сұрасақ, ол айтады: «Көрдім, бірақ сендер менің тапсырмамды орындаңдар, сонда жол көрсетемін» — дейді. Балалар біз оның тапсырмасын орындауға келісуіміз керек, егер келіспесек кәрзеңкені таба алмаймыз. Тиін мынадай тапсырма алып келген екен. Орны ауысқан сөздерді дұрыс жаз.

Өріске, жайылды, мал.

Қаз, қаңқылдаған, үйрек.

Көлде, жүзе, олар, бастады.

(Оқушылар орындайды)

Мұғалім: Тиін туралы кім не біледі?

Оқушылар: Тиін өте еңбекқор, ол өзінің терісін жазда, қыста өзгертеді. Сөйтіп жауларынан қорғанады.

Мұғалім: Қазір кішкене дем аламыз.

Сергіту сәті:             Төрт, бес, алты, жеті            Сегіз, тоғыз, он 

Бір, екі, үш               Төрт, бес, алты, жеті             Сегіз, тоғыз, он 

Бір, екі, үш               Мынау ауыл шеті.                Ал қанеки қон!

Ал қанеки ұш!                    Асықпа да, саспа, бәрін қайта баста.

Мұғалім: Біз сендермен диктант жазамыз. Оның үшін дәптерлеріңді ашыңдар. Бүгін сәуірдің нешесі? Қай күн? Енді жазыңдар. Сәуірдің он алтысы

Диктант

Орманға саяхат

Оқушылар орманға саяхатқа барды. Орманда олар аюды, тиінді, түлкіні, кірпіні, қасқырды, қоянды көрді. Жабайы аңдар оқушыларға өте ұнады. Енді олар аңдар туралы әңгіме жазатын болды.

Қиын сөздер: тиін-белка, өте-очень, кірпі-ёж, түлкі-лиса

Дәптерлеріңді жинап маған әкеліңдер.

Мұғалім: Орманда көрген аңдарды бір сөзбен қалай айтамыз?

Оқушылар: Жабайы аңдар.

Мұғалім: Міне біз қанша қиындықтарды жеңе білдік. Кәмшат қыздың кәрзеңкесін алып, үйімізге оралдық.

Кәмшат: Балалар, мен сендерге ризамын. Сендерге көп рақмет. Сау болыңдар!

Үйге тапсырма:

Мұғалім: Келесі сабаққа, орманда көргендерің туралы әңгіме жазып әкеліңдер. Осымен сабақ аяқталды, сау болыңдар!

Категория: