Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: «Астана бас қала»

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

Ищанова Лэззат Арстанғалиқызы қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі, біліктілік санаты екінші. «Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі» ММ «№ 3 орта мектеп» КММ, Қостанай облысы, Жітіқара қаласы

Ищанова Лэззат Арстанғалиқызы

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Казақстан туралы білімдерін толықтыру, бекіту. Астана туралы әңгіме, сөздер арқылы білімдерін толықтыру. Дыбыстар, буын түрлерін ажырата білуге дағдыландыру.

2. Дамытушылық: оқушылардың тіл байлығын дамыту, сөздік қорын молайту, тілін жаттықтырып, дұрыс сөйлеуге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік: оқушылардың өз туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриотизімге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, мәтінмен жұмыс, жаттығулар, сөйлесу, тест.

Іс-әрекет түрлері: жеке, топтық, сыныппен.

Көрнекіліктер: суреттер, слайдтар жинағы, сызба.

Техникалық құрал: интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезең

1. Сәлемдесу

2. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таңыстыру

II. Сұрақ-жауап

— Біз қай елде тұрамыз?

— Біз Қазақстанда тұрамыз.

— Қазақстан қандай мемлекет?

— Қазақстан үлкен, көп ұлтты, тәуелсіз мемлекет.

— 16 желтоқсан қандай күн?

— 16 желтоқсан — Тәуелсіз күні.

— Қазақстан Республикасының президенті кім?

— Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

— Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады?

— Елтаңба, ту, әнұран — мемлекеттік рәміздері.

— Қазақстанда неше облыс бар?

— Қазақстанда 14 облыс бар.

— Үлкен қалаларын ата.

— Үлкен қалалары: Алматы, Астана, Қарағанды, Тараз, Семей, Шымкент т.б.

— Сен қай облыста тұрасың?

— Мен Қостанай облысында тұрамын.

— Сен қай қалада тұрасың?

— Мен. Жітіқара қаласында тұрамын.

III. Үй жұмысы

Өткен тақырыптарды қайталау. Қазақстан туралы оқушылардың презентациясы. Оқушылар 2 топқа бөлінеді.

1-топ. Слайдтағы елтаңбаның суреті интерактивті тақтада көрсетіледі. Елтаңбаның суреті бойынша әңгімелеп беру (1 оқушы).

Елтаңба

Қазақстанның мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақ — үйдің ең қасиетті бөлігі. Шаңырақ — отбасының символы. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Күн- жылу мен өмірдің көзі.

Шаңырақтың екі жағын алтын қанатты фантастикалық пырақтар көмкеріп тұр. Олар қазақ халқының ертегілерінде жырланған.

Елтаңбаның жоғарғы жағында жұлдыз бар. Жұлдыз әлемнің бүкіл халқының достығын білдіреді.

Елтаңбаның авторлары Жанарбек Малибеков және Шота Валиханов.

2-топ. Слайдтағы мемлекеттік тудың суреті бойынша әңгімелеп беру (1 оқушы).

Қазақстанның туы

Қазақстанның туы-тік бұрышты көгілдір мата.

Тудың түсі ашық аспанды, бейбітшілікті және тыныштылықты білдіреді.

Тудың ортасында шұғылылы күн. Ол достық және бейбітшілік туралы айтып тұр. Алтын күн өзінің сәулесімен бүкіл Қазақстанды жылытады.

Күннің астында қыран. Ол бостандық пен жомарттықтың белгісі.

Матаның сол жағында алтын түсті ұлттық өрнегі бар. Ол қазақ
халқының мәдениетінің бөлігі.

Тудың авторы — суретші Шакен Ниязбеков.

1-топ. Слайдта Қазақстан туралы суреттер. Қазақстан туралы әңгіме (1 оқушы).

Біздің отанымыз — Қазақстан. Ол тәуелсіз мемлекет. Қазақстанның табиғаты өте тамаша. Өзендері, көлдері, таулары көз тартады. Даласында неше түрлі шөптер мен әсем гүлдер өседі. Жер астының да байлығы мол. Темір, мұнай, газ, асбест тағы басқа қазбалары бар.

2-топ. Слайдта Қазақстанның қалалары. Қазақстанның қалалары туралы әңгіме (1 оқушы).

Қазақстанда 14 облыс бар. Үлкен қалалары көп. Олар: Астана, Алматы, Шымкент, Туркестан, Тараз, Көкшетау, Ақтау, Қарағанды тағы басқалар. Мен Қостанай облысы, Жітіқара қаласында тұрамын. Менің қалам таза, әдемі, ағаштары көп. Фонтандары бар.

IV. Жаңа сабақ

1. Эпиграф. Жаса, жаңа Астана! (интерактивті тақтада).
2. Мұғалім оқиды, аударады.

V. Жаңа сөздермен жұмыс (интерактивті тақтада)

1. Мұғалім оқиды.
2. Оқушылар хормен оқиды.
3. Бір оқушы сөзді қазақша оқиды, екіңші оқушы аудармасын оқиды;
4. Сөздермен сөйлем құру.
5. Сөздерді сөздік дәптерге жазу.

Үкімет үйі — Дом Правительства
Мемлекеттік — государственный
Мұражай — музей
Сарай — дворец
қонақ үй — гостиница
кешен — комплекс
саябақ — парк
болашақ — будущее
астана — столица

VI. Сызбамен жұмыс (тарихқа шолу)

1. Қазақстанның ескі жаңа елордаларымен таныстыру (мұғалім таныстырады). Сызба, суреттер интерактивтік тақтада.

2. Сұрақ-жауап.

  • Қазақстанның бірінші астанасы қай қала?
  • Бірінші астанасы — Орынбор қаласы.
  • Екінші астанасы қай қала?
  • Екінші астанасы — Ақмешіт (қазіргі Қызылорда).
  • Үшінші астанасы қай қала?
  • Үшінші астанасы — Алматы қаласы.
  • Төртінші астанасы қай қала?
  • Төртінші астанасы — Астана қаласы.

VII. Қазіргі астана туралы әңгіме. Оқушылардың презентациясы. Үйге алдын — ала берілген тапсырмалар.

1. Астананын символы үлкен монумент «Астана — Бәйтерек», слайдтар интерактивтік тақтада (1 оқушы).

1998 (бір мың тоғыз жүз тоқсан сегізінші) жылы бесінші мамырда Ақмола қаласы Астана болып аталды.

Астананың символы үлкен монумент «Астана — Бәйтерек». Аңыз бойынша Бәйтерек-өмір ағашы, тамырлары жер астына жайылған, ал ұшар басы аспан әлемінде. Аңыз қайтадан тірілді. Есілдің сол жағалауында өзінің бұтақтарын жайып «Астана-бәйтерек» монументі шың көтерді. Монумент темір, бетон және шыныдан жасалған. Бәйтеректің биіктігі — 97 метр. Бәйтеректің шарына көтерілсең бүкіл астананы тамашалауға болады.

2. Астана — мәдениет орталығы (1 оқушы).

Астана — мәдениет орталығы. Астанада үлкен «Алатау» спорт сарайы бар, «Отырар кітапханасы», «Думан» орталығы, онда әлем мұхиттарының балықтары жиналған, жаңа керемет биік ғимараттар, Президент паркі, саябақтар, фонтандар, сарайлар тағы басқа мәдениет орталықтары салынған.

VIII. Мәтінмен жұмыс. 4-тапсырма, 9-бет

1. Мұғалім оқиды.
2. Оқушылар оқиды, аударады.
3. Сұрақ-жауап.

IX. Сөйлесу. (диалог-2 өқушы)

Х. Сергіту сәті

Біз үлкен болып өсеміз.
Отанымызды қорғаймыз.
Ағаштар мен гүлдерін
Ешқашан жұлмаймыз.

ХІ. Фонетикалық, грамматикалық жұмыстар

1. Фонетика. Сұрақ-жауап.

  • Дауыссыз дыбыстар қандай дыбыстарға бөлінеді?
  • Дауыссыз дыбыстар қатаң, ұяң, үнді дыбыстарға бөлінеді.
  • Дауысты дыбыстар қандай дыбыстарға бөлінеді?
  • Дауысты дыбыстар жуан, жіңішкеге бөлінеді.

2.Жазбаша жұмыс. Астана сөзін фонетикалық талдау. (тақтада 1 оқушы).

3. Буындарды талдау.

  • Буынның неше түрі бар?
  • Буынның үш түрі бар.
  • Олар қандай?
  • Ашық, тұйық, бітеу.

4. Мемлекет, мұражай сөздерін буынға бөлу, түрлерін анықтау.

Мемлекет-1-ші топ;
Мұражай-2-ші топ.

ХІІ. Сабақты қорыту, тестілеу

ХІІІ. Үйге тапсырма беру. Оқушылардың еңбегін бағалау

Категория: