Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Ортаңғы топтағы математика сабағының конспектісі

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

Баймагамбетова Ардак Балтабаевна воспитатель КГКП я/с № 10 «Сказка» г.Экибастуз Павлодарская область

Ортаңғы топтағы математика сабағының конспектісі

 

Сабақтың мақсаты: балаларға заттардың әртүрлі бағытта орналасқанымен, олардың сандарының тең екенін көре білуге үйретуді жалғастыру. Бір қатарда орналасқан заттарды санаумен қатар, басқа пішін бойынша орналасқан заттарды да санай білуге жаттықтыру.

«Жақын-алыс» ұғымдарын түсіне білуін бекіту.

Көрнекіліктері: 5 данадан 3 түрлі ойыншықтар жинағы; үйшік, қоян, түлкі ойыншықтары.

Үлестірмелі құралдар: Әр балаға ыдысқа салынған 4 қызыл, жасыл, көк түсті таяқшалар.

Сабақтың барысы: 1-бөлім. Үстел үстіне 2-3 топ ойыншықтар қойылады. Әр топтағы ойыншықтар әртүрлі бағытта орналасқан. Балалрдығ назарын ойыншықтардың орналасу бағытына аудару.

Қуыршақтар жаттығуға бара жатқан сияқты, бір қатарда бірінің соңынан бірі орналасқан. Ал аюлар ойын ойнағалы тұрған секілді щеңбер құрап тұр.

Неше аю? Қанша құыршақ бар? Балалар ойыншықтарды санайды. Санап болған соң, аюлар мен қуыршақтар саны төрт-төрттен екені анықталады.

Ойыншықтар әртүрлі бағытта тұрғанымен олардың саны тең екенін балаларға түсіндіру.

Ойыншықтардың санының тең екенін білу үшін оларды жұптастырып көрсету. Ойыншықтарды құптастырып қойған соң: аюлар мен қуыршақтар саны тең бе? Олардың санының тең екенің қалай білуге болады? деп сұрақтар қоюға болады. (Ойыншықтар жұптасып тұруға жетті, артық ойыншық қалған жоқ).

Тағы да 1-2рет ойыншықтардың тұру бағытын ауыстырып балаларға санатып отыру. Осылайша санау барысында ойыншықтар саны 5-ке дейін көбейту.

2-бөлім. Үлестірмелі құралдармен жұмыс.

Балаларға түрлі-түсті таяқшалар үлестіріледі. Таяқшалаар түсінің қандай екенін сұрау. Әрқайсысынан әр түрлі геометриялық пішіндер жасауды тапсыру. Тапсырманы орындап ьолған соң, балалар таяқшаларды санап шығады. Әр пішінге неше таяқша кеткені анықталады.

Таяқшалар әр түрлі бағытта орналасқан, бірақ олардың саны төрт-төрттен. Таяқшалар санының тең екенін қалай білуге болады? (Балалар таяқшаларды бір қатарға бірінің соңынан бірін орналастыру арқылы анықтайды)

3-бөлім. Ойын түріндегі жаттығу. «Жақын-алыс» ұғымын қалыптастыру.

Тәрбиеші үстелдің сол жағына ойыншық үйшік, ал оң жағына қоян және түлкі ойыншықтарын қояды. Олар үйшіктен әр түрлі арақашықтықта орналасқан. Балаларға қоян және түлкі ойыншықтарының қайсысының жақын тұрғаның анықтау тапсырыладыү.

Балалар көзін жұмған кезде ойыншықтардың орнын алмастырып қоюға болады. Көздерін ашқан балалар ненің үйшіккежақын, ненің алыс тұрғанын айтады, Жаттығу 2-3 рет қайталанады.

Қорытынды: Балалар, бізде қандай сабақ болды?

Нешеге дейін санауды үйрендік?

Сабақта қандай ойыншықтар пайдаландық?

Қандай ойын ойнадық?

Сабақ сендерге ұнады ма?

Сабаққа белсенді қатысқан балаларды мадақтау.