Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Оқытудағы жаңа әдіс — тәсілдерді тиімді қолдану

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

Балқаш қаласы Н. К. Крупская атындағы ЖББМ № 4 орта мектебі КММ қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Касымова Айнур Нурбековна

Касымова Айнур Нурбековна

«Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай» — деп Сократ айтқандай Егеменді еліміздің білім саласында өзгерістер енгізіп, жаңа талаптар қойылып отыр.

Егеменді еліміздің болашақ тұлғасын тәрбиелеу мен білім беру жолында — жаңашылдыққа жаны құмар, ізденімпаз, бәсекеге қабілетті, дені сау оқушының бейнесін жасауға өз үлесімді қоссам деген ниетпен осы «Өрлеу» бағдарламасы ұйымдастырып отырған ІІІ деңгей курсында оқып, үйреніп алған білімімді іс-тәжірибе арқылы мектебімнің педагогикалық ұжымына үйретуге бар күш жігерімді салуға тырысып жүрмін. Жаңаша форматтағы сабақтар өткізу арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын одан әрі дами түсетініне көзім жетті. Үйрете отырып, үйренуге дағдылану; бағыт-бағдар беруде түрлі амал-тәсілдерді қолдана білетін деңгейге жету; мұғалім — оқушы — ата-ана арасындағы қарым-қатынастың ынтымақтастығын құра алатындай жағдайға жету — бұл менің негізгі мақсатым.

Кэмбридж бағдарламасының жеті модулін оқушыға білім беруде тиімді қолдана алу керек. Осы бағдарламаның жаңа элементтерін, стратегияларын өз сабақтарымда қолдануға тырысып жүрмін. Қыркүйекте «Тілдер күніне» орай 6 «Б» сыныбында оқытудағы жаңа тәсілдер модулінің жаңа әдістерін қолдана отырып, ашық сабақ өткіздім. Бұл ашық сабақта мұғалімдермен практика жүзінде тәжірибемен алмастым.

Мұнда мұғалім түрлі стратегияларды қолдану арқылы оқушыларға оқуды өз бетінше жалғастырып, білімдерін жинақтауға жағдай жасайтынына, жауапкершіліктерінің арттыратынын көрсетуге, яғни мұғалім тек бағыт-бағдар беруші рөлін атқаратынын көрсеттім.

Кәсіби шеберлігім шыңдалған, жұмыс барысында болсын, өмірде болсын кездесетін түрлі тығырықтан шығу жолын таба білетін, ақыл-кеңес сұраған әріптестерім мен оқушыларыма әрдайым қол ұшымды беруге дайын болатын «Ұстаз» атты шыңға жетсем деген арманым бар.

Оқу білім — бұлағы, Білім — өмір шырағы, — дегендей, білім — мінсіз тұлға қалыптастырудың бірден — бір факторы болып табылады. Ал ондай тұлғаны қалыптастыру, біздің, яғни ұстаздар қауымының мақсатына айналуы керек.

Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман — деп біздің елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай. Сондықтан да әр маман иесі өз білімін жетілдіріп, бәсекеге қабілетті, жан — жақты, үнемі ізденіс үстінде болуға тиіс. Бұл мәселе елбасымыздың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында да айтылған. 2011 жылдан бастап Кембридж Университетінің оқыту бағдарламасын меңгерудеміз. Аталған бағдарлама курсының алғашқы күндері өте қиын болды. Бұл бағдарлама дәстүрлі түрде білім алып, білім беріп үйреніп қалған мұғалімдер үшін де, оқушылар үшін де қиын болары сөзсіз. Себебі мұнда мұғалім аз сөйлейді, есесіне оқушы көп сөйлейді, өз білімін жетілдіреді, өз ойын еркін айтады. Бағдарлама бойынша мұғалім бағыттаушы ғана, ал бала- бағытталушы. Бұл бағдарлама 7 модульден тұрады.

«Мен еш уақытта өз оқушыларыма ешнәрсе үйретпеймін, тек қана олардың оқуы үшін жағдай жасаймын» — деп, Альберт Эйнштейн айтқандай, бұл бағдарламаның басты мақсаты — сабақты жаңа әдіс — тәсілдерді қолдана отырып, дәстүрлі сабақтан өзгеше етіп өткізу. Осы курсқа келу арқылы көптеген жаңаша стратегиялардың атауларын білдім.

1. Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс -тәсілдер модулінен өзіме алғаным:

«Қосу — алу — қызықты, Айналмалы бекеттер, Шеңберлік дөңгелеу» стратегиялары. «Қосу- алу -қызықты» стратегиясымен сабақты бекітуге болады. Әрі осы стратегияның негізінде оқушыларды бағалауға, рефлексия жүргізуге болады. Бұл стратегия негізінде бағаланған оқушы, шынайы бағаланады.

«Айналмалы бекеттер» стратегиясын орта буында қолданған дұрыс деп ойлаймын. Бұл стратегия бойынша оқушылардың білімдері бір -бірінің көмегімен толығады, яғни оқушылар бір- бірін дамытады. Бұл стратегияны жаңа сабақ өткенде қолдануға болады.
«Шеңберлік дөңгелеу» стратегиясымен сұрақтар қою арқылы сабақты бекітуге болады.

2. Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту модулінен"кубизм«, миға шабуыл, әңгімелеу әдісінің диалогтік қатынас түрін қолданатынмын. Алайда осы курста сыни ойлау тұрғысыныңЖИГСО, мозайка сияқты әдістерін бірінші рет естідім. Аталған әдістердің ішінде «мозайка» әдісін, бастауыш сыныптарда ұйымдастыру кезеңінде қолданса, оқушылардың қызығушылығыартады,әрі сыни тұрғыда ойлана алады. Ал ЖИГСО әдісін ауқымды тақырып өткен кезде қолданған дұрыс сияқты. Себебі мұнда әр топ мүшесі басқа топтың ішіне кірігіп, сол топтың ақпаратын тобына әкеледі. Осы кезде оқушыларда даму, ұйымшылдық қалыптасады. Сыни тұрғысынан ойлау модулі бойынша «миға шабуыл» стратегиясын қолданған өте тиімді. Бұл әдіс бойынша оқушыларда топпен жұмыс істеу арқылы, көшбасшылық пайда болады.

3. Бағалау модулі бойынша, бағалаудың формативті бағалау түрі оқушыларды ынталандырады. Оқушыларымның жас ерекшелігіне сәйкес, сабағымда жетондарды көп қолданатынмын, тек оның формативті бағалау түрі екендігін білмеппін. Енді тек жетон емес, жест, смайлик түрінде, фигуралар арқылы бағалайтын боламын. Бағалау — ең қызықты да, күрделі модуль. «Қосу- алу — қызықты» стратегиясының негізінде де бағалауға болады. Оқушының дұрыс жауабына «қосу», аздаған қатесі бар жауапқа «алу», қосымша ақпаратттық жауапқа «қызықты» смайлигін қойса, оқушының ынтасы артады —бұл бір, екіншіден оқушы шынайы бағаланады.

4. АКТ — ны пайдалануда мен көбінесе активстудио, активвойд, повер пойнд бағдарламаларымен жұмыс жасап жүргенмін. Бірақ менің білетінім аз екеніне көзім жетті. Маған қатты ұнаған бағдарлама—аннимациялық бағдарлама.

5. Кез — келген сыныпта тапсырма бермес бұрын, жас ерекшелігін ескереміз. Бағдарламаның барлық модулін оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес қолдануға тырысамын.

6. Талантты және дарынды оқушылармен жұмыс барысында түрлі әдістерді қолдануға болады. Маған ұнаған әдіс — визуалдандыру.

7. Талантты және дарынды оқушылармен жұмыс модулі мен көшбасшылық модулі тығыз байланысты. Талантты балаларға визуалдық тапсырма беріп, оны шығармашылықпен байланыстырса, талантты баланың бойынан көшбасшылықты көруге болады.

Қорытындылай келе аталған жеті модульді сараптай келе, бағдарламаның мақсатын
түсіне отырып, бойымдағы үрей, қорқыныш сезімі қызығушылыққа ұласып, білім нәрін сусындатып жатқан жайым бар. Осы алған білімімді пайдалана отырып, әр сабағымды ашық сабаққа айналдырамын деген ойдамын.

Категория: