Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

«Құстар» тақырыбы бойынша қорытынды қайталау сабағы. «Қанатты дос – табиғаттың тартуы»

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

Хамзина Айнаш Агыбаевна, учитель биологии, первая квалификационная категория высшего уровня, ГУ «Комплекс Колледж искусств — школа-интернат для одаренных детей музыкально-эстетического профиля» г. Петропавловск СКО

«Құстар» тақырыбы бойынша қорытынды қайталау сабағы. «Қанатты дос – табиғаттың тартуы»

Білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Педагогикалық технология оқу-тәрбие процесінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген әдістерінің үйлесімділігі арқылы оқыту мен тәрбиелеу тиімділігін қамтамасыз ететін білімнің құрамдас бөлігі. Бір немесе бірнеше технологияның өзі әр мұғалімнің шеберлігіне байланысты сабақ үстінде әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін.

Осындай әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы өткізілген сабақтар оқушылардың пәнге деген ынтасын арттырып, белсенділікке, алғырлыққа, жылдамдыққа баулиды. Әр сабағының мән-мағынасына терең мән беріп, оқушының ойлау, есте сақтау қабілеттерінің дамуына ықпал ету мұғалім жауапкершілігінде.

Мақсаты:

  1. Оқушылардың бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы — табиғат жайлы түсініктерін толықтыру, құстар тіршілігі, олардың адам өміріндегі маңызы туралы мағлұмат беру.
  2. Оқушының ойлау, есте сақтау қабілеттерінің дамуына, қорытынды жасай білуге үйрету.
  3. Табиғатқа қамқорлықпен қарау, құстарды аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері: Білімдерін пысықтайды және бір-бірінің ойларын тыңдап, құрметтеуге үйренеді. Ойларын жинақтап, қоршаған ортаға қамқорлық сезімі оянады.

Құрал-жабдықтар: кітап-көрмесі, оқушылардың құстар туралы суреттері, бейнетаспа нақыл сөздер.

Сабақтың әдісі: педагогикалық технологиялар элементтері.

Сабақтың барысы:

Мұғалім: Табиғат — бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы және аяулы бесігі. Құтты қонысы мен өсіп-өнер мекені.

Табиғат сенде бәрі ортақ,
Аспаның, аңың, құсың да
Тегінде жаның жомарт-ақ,
Ізгілік жатыр бойыңда —

деп ақын жырына арқау болған осынау табиғаттың бір тармағы іспеттес қанатты дос, құстар тақырыбына қорытынды жасаймыз. Яғни, бүгінгі ашық сабағымыз, табиғатқа сән берген құстар жайлы ұғымдарды ортаға саламыз.

Аспаныма шарықтап әр беретін, Қонақтаса ағашқа сән беретін Ол не? Ол — құс!

1 кезең. Қызығушылықты ояту. Жұмбақтар. «Кім жылдам?»

Ерте тұрады Жыр шақырады (қораз)

Қара арғымақ мінгенім, Қыр айнала жүргенім Сегіз найза сенгенім, Он екі қылыш ілгенім (бүркіт)

Әрбір таңда көк орманда отырған, Өмір бойы өзін-өзі шақырған (көкек)

Маң-маң басқан жүрісі,
Барлық құстың ірісі
Қашқанда құстай ұшпайды,
Қуғанын бірақ ұстайды (түйеқұс)

2 кезең: Ой-маржан. «Бәйге»

Менен сұрақ, сіздерден жылдам жауап. Жылдамдықтарыңа қарай, тез әрі дұрыс жауап беру. Әр топқа 10 сұрақ.

Сұрақтар 1-топ.

1. Түнде ұшатын құс (үкі)

2. Дүние жүзінің түрлі аймақтарында таралған түр саны (8600-ге жуық)

3. Қай құстар ұша алмайды (пингвин, түйеқұс)

4. Құстардың дене температурасы (+410 С, +430 С)

5. Халқымызда «7» санының айрықша қасиеті бар. Оны ата-бабаларымыз киелі сан деп ұғынған. Сондықтан әр нәрсенің өлшемі жетімен белгіленген. 7 шелпек, 7 қазына, 7 жоқ, 7 жұт, т.с. халық жеті қазынаның бірі деп ерекше қастерлейтін құсты атаңыз. (қыран бүркіт)

6. Құстың алдыңғы аяғы неге айналған? (қанатқа)

7. Құстарда тістің қызметін не атқарады? (етті қарын)

8. Ең кішкене құс (колибри)

9. Құстардың миы қанша бөлімнен тұрады (5)

10. Құс өңешінің кеңейген бөлігі (жемсау)

2-топ.

1. Құстарды зерттейтін ғылым саласы (орнитология)

2. Жыл маусымдарына сәйкес қоныс аударатын құстар. (жыл құстары)

3. Ірі қауырсындарының теріге еніп тұрған бөлігі. (қаламша)

4. Қазақ халқы әдет-ғұрып арқылы ынтымақ-бірлікті сақтаған, халықтық қағида арқылы жастарды тәрбиелеп, қалыптастырған. Аққу — құс төресі, сұлулық пен махаббаттың белгісі. Сондықтан қазақ халқы сұлу қыздарды «Аққудай періште екен» деп сипаттаған. Енді осы аққудың балапаны қалай аталады? (көгілдір)

5. Ең кішкентай құстың салмағы (1,5 грамм)

6. Ең ірі құс және оның салмағы (түйеқұс, 90кг)

7. Құстардың жүрегі неше бөлімнен тұрады? (4)

8. Қай құста мүлде ұя болмайды? (көкек)

9. Құстарды дене құрылысына, тіршілік әрекетіне байланысты неше топқа бөледі? (3)

10. Құс денесін ұшу кезінде қызып кетуден сақтайтын, әрі салмағын жеңілдететін тыныс алу мүшесі (ауа қапшықтары).

3-кезең: «Үндемей қалмау» ойыны

Қай топта сұраққа жауап бермеген оқушы саны көп сол жеңіледі. Сондықтан бұл кезеңде бәріміз дұрыс жауап беруге тырысамыз, әр оқушы өзінің тобына ұпай әкеледі.

Әр оқушыға тапсырма. Сөйлемдердегі түсіп қалған сөздерді тауып жаз және дауыстап оқы.

1-топ:

1. Өңештің кеңейген бөлігі ... деп аталады.

2. Құстардың жақсүйектерінде ... болмайды.

3. Құстардың қарыны ... бөлімдерден тұрады.

4. Құстар ... жынысты, ... ұрықтанады.

5. Тауық жұмыртқасынан ... соң балапан шығады.

2-топ:

1. Құстардың терісі ..., әрі ..., бездері өте аз.

2. Құстардың ... жеңіл әрі ....

3. Африкалық ... саусағы екеу.

4. Ауа ... көлемі өкпеден ... есе үлкен.

5. Кейбір құстарда қауырсындарын майлайтын ... болады.

4-кезең: Ғажайып жұмбақтар

Мұғалім: Талапты бала талпынған құстай, құмары қанбас аспанға ұшпай. Әр пәндерден сұрақтар.

Музыка. «Аққу» күйін жазған ұлы композитор, қазақтың халық қаһарманы, асқан домбырашы, дарынды дирижеры. Ол кім? (Н.Тілендиев)

Бейнелеу өнері. (Мүсін саласынан) Торғайға орнатылған ескерткіш, қай жерде, қай қалада орнатылған? (Америкада, Бостон қаласында)

География. Африкалық түйеқұс қай белдемде кездеседі? (Саванна)

Математика. 5-6 күн ішінде 10 шақты түлкі, бірер елік алған қос қыранға бұлар шыр айналдыра қарайды? Қыранның саны? (2)

Тарих. Бұдан 150 млн. Жыл бұрын тіршілік еткен құстардың арғы тегі. (Көнеқұс, археоптерикс)

Әдебиет. Ө.Тұрманжанов.

Бір қазан сүт

Бір қазан сүтті пісіріп, суытуға үйдің іргесіне қойып едік, енді бір қарасақ, қаспағы да қалмапты.

– Төгіліп қап па?

– Біреу ішіп кетіп пе?

– Төгіліп те қалмаған, ешкім де ішпеген.

– Төгілмесе, ешкім ішпесе, бір қазан сүт қайда кеткен?

Көбелек келіп, күмп етіп
Көбігін ішіп, ол кетті.
Жапалақ келіп жалп етіп,
Жарымын ішіп ол кетті.
Қарға келіп, қарқ етіп,

Қалғанын ішіп ол кетті.
Сауысқан келіп, саңқ етіп,
Сарқып ішіп ол кетті.
Қырғауыл келіп, қиқу сап,
Қазан түбі қаспағын
Қырнап ішіп, ол кетті.

Өлеңде айтылған құстардың атын атаңыздар?

Ы.Алтынсарин. «Бай баласы мен жарлы баласы» шығармасында Асан мен Үсен жұртта қалып қоятынын бәрі біледі. Сонда Үсен тұзақ құрып бір құсты ұстайды. Сонда Асан: «Тірі алып, ойнап барайық» дейді.

Үсен: — Жоқ. Әкем: «Бұл адал құс, мұқтаждықта құдай-тағала бұларды адамға ұстап алып, тамақ етуге бұйырды, бірақ тірідей байлап-матап әуре ету обал», — деп айтушы еді. Әуре етпей, бауыздап алалық, — деп, манағы жұрттан тауып алған пышақтың сынығымен бауыздап алады.

Ал, сұрақ. Мұқият болыңыздар. Үсеннің тұзақ құрыпұстап алғаны қандай құс? (Үйрек)

5-кезең: «Тіл-өнер» 3 тілде сөйлейміз

Мұғалім: Тамырсыз өсімдік көктемейді, ана тілсіз ұрпақ жетілмейді. 5 жұмбақтан әр топқа.

1-топ:

1. Ағашта жабысып тұрады
Тұмсығын алмай ұрады.
(тоқылдақ-дятел-woodpecker)

2. Шарлап келіп даланы,
Үйіме үйін салады.
(қарлығаш-ласточка-swallow)

3. Тұмсығымен шымшып
Құрт тереді
(шымшық-синица-titmouse)

4. Шабақ аңдып жағада
Шарқ ұрады
(шағала-чайка-slagull)

5. Аппақ доп тауып
Шақырды ақ ...
(тауық-курица-chicken, hen)

2-топ:

1. Орыннан орынға ауысқан
Ұшқалақ қарала ...
(сауысқан-сорока-magpie)

2. Мойыны сұрақ белгісі
Бұл қандай көл құсы?
(аққу-лебедь-swan)

3. Кеудесі қайқаңдап
Жүреді байпаңдап
(қаз-гусь-goose)

4. Шұнтиып қос құлағы,
Түнде көрер қырағы
(үкі-филин-owl)

5. Үні ғажап, дүлдүл
Бақта сайрар ...
(бұлбұл-соловей-nightingale)

6-кезең: «Түйін» Бекіту Оқушылар осы бөлім бойынша өздерінің білімдерін тест жұмысы арқылы қорытындылайды.

Тест

1. Құстардың қаңқасына не тән?

А. тығыз құрылысы 

B. құйымшақ безі 

C. май бездері 

D. сүт бездері

2. Құстарда ғана кездесетін сүйек?

А. жіліншік 

B. саусақ 

C. жауырын 

D. төс

3. Құстарда мидың қай бөлігі жақсы дамыған?

А. мишық 

B. сопақша ми 

C. ортаңғы ми 

D. үлкен ми сыңарлары

4. Құстардың қырсүйегі (киль) қай сүйекпен байланысты?

А. төс сүйекпен 

B. тоқпан жілікпен

C. құйымшақпен 

D. омыртқа сүйектерімен

5. Қандай құстың тек екі саусағы ғана болады?

А. дуадақ 

B. аққу 

C. түйеқұс 

D. тырна

6. Қандай құстар қызылшақа балапан шығарады?

А. кептер 

B. қаздар 

C. тауық 

D. үйрек

7. Тауық мүшелді жыл санауда нешінші жылды иеленген?

А. 9 

B. 8 

C. 10 

D. 7

8. Үй құстарынан ең алғаш қолға үйретілгені

А. асыранды қаз 

B. тауық 

C. үйрек 

D. кептер

9. Қыран құстардың мекиені қалай аталады?

А. ақүрпек 

B. шәулі 

C. ұябасар 

D. саһар

10. Қай сезім мүшесі құстарда нашар дамыған?

А. иіс сезу 

B. көру 

C. есту 

D. барлығы жақсы дамыған

Үй тапсырмасы: 2 топтың «Қанатты дос — табиғаттың тартуы» атты дайындап әкелген презентацияларын көру.

Қорытындылау, оқушыларды бағалау. Жеңген топты марапаттау.

Үйге тапсырма: Қорытынды сабақ болғаннан кейін, үйге келесі тақырыпты оқып келуге. § 58 Сүтқоректілер класы.

Категория: