Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Көктем мезгілі. Құстар

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Гаршин ауылы Гаршин орта мектебі Рамазанова Сайран Әмірғазықызы Рамазанова С.Ә.

 

Сабақтың мақсаты:

 

Білімділік: Құстар туралы мәлімет беру. Білетіндерін қайталау, тереңдету. Сөздерді дұрыс қолдана отырып, сөйлем құрауға баулу.

Дамытушылық: Дұрыс, қатесіз оқу дағдыларын дамыту. Сауатты жазуға үйрету. Балалардың ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Туған өлке табиғатына, табиғат заттарына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Кішіпейілділікке баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ойын.

Сабақтың көрнекілігі: оқу құралы, суреттер, плакаттар.

«Қазақстанның жануарлар әлемі» және «Құстарға қарайық» деген кітаптар.

I. Сабақтың барысы. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекшімен әңгіме.

II. Үй тапсырмасын тексеріп өту

  1. Сөздік жұмысы (Оқушылар бірін-бірі тексереді).
  2. Тақпақты сұрау.
  3. Жазбаша жұмыс.

(Емес болымсыздық шылауын қолдана отырып, сөйлем құрап жазу).

III. Фонетикалық жаттығу

1. Балалар, сабағымызды бастамас бұрын ерекше дыбыстарды қайталайық. Мен буындар мен сөздерді оқимын, сендер қай дыбыс қайталанды, сол дыбысты тақтаға жазып көрсетіндер.

Ақ                өзен            ұл
Қақ               көл             бұл
Тақ               сөз             тұр
Қ                 ө               ұ

Бүгінгі сабаққа байланысты сөздерді, сөйлемдерді қайталаймыз:

  • Күн — күн жылиды Қар — қар ериді Гүлдер — гүлдер гүлдейді Құстар — құстар ұшып келеді Ағаш — ағаш бүршік жарады

2. Жаңылтпаш:

  • Көп көкек Көкектеп, Көктем келді.

Оқушылар жаңылтпашты хормен қайталап, жатқа айтады.

IV. Сабақтың тақырыбын ашу

  • Қар, мұз еріп, Су көбейіп, Сай-салады ағады, Бүршік шашып Жапырақ ашып, Жер гүл шашақ тағады. Бөбектерім! Айтыңдаршы, Бұл қай кезде болады?

Оқушылар хормен жауабын айтады. Жауабы: бұл көктемде болады.

Олай болса, біздің бүгінгі сабағымыз осы «Көктем» тақырыбына арналады.Құстардың түрлерімен танысамыз.Ең алдымен мынадай сұрақтарға жауап беріңдер:

— Қазір жылдың қай мезгілі? ( Көктем ).

— Көктемде не жылиды? ( Көктемде күн жылиды).

— Көктемде не ериді? ( Көктемде қар ериді).

— Көктемде не бүршік жарады? ( Көктемде ағаш бүршік жарады).

— Көктемде нелер ұшып келеді? ( Көктемде құстар ұшып келеді ).

— Қандай құстың түрлерін білесіңдер?( Оқушылар білетін құстарды атайды ).

V. Сөздікпен жұмыс. Тақтадағы жаңа сөздерді оқып, сөздік дәптерге жазу

1. Тоқылдақ — дятел                           Бұлбұл — соловей
Қараторғай — скворец                          Тырна — журавль
Сауысқан — сорока                             Қырғауыл — фазан
Құр — глухарь                                 Қарлығаш — ласточка

2. Дидактикалық ойын.

— Сөздікті жазып болсаңдар, бәріміз қаламымызды қойып, тақтаға қарайық. Тақтада кез келген құстың суреттері жасырылған. Сендер осы жасырылған суреттерді ашу үшін берілген сұрақтарға жауап берулерің керек.

Бірінші сұрақ:

Қанаттары үшкір әрі ұзын, құйрықтары екі айыр құс. Қандай құс?

— Қарлығаш.

Екінші сұрақ:

Көпшілікке белгілі құс. Үйірленіп тіршілік етеді. Зиянды жәндіктерді жоюда бұл құстардың алатын орны ерекше. Ол қай құс?

— Қараторғай.

Үшінші сұрақ: Ән салатын қандай құс?

— Бұлбұл.

— Балалар, өте жақсы. Сендер берілген 3 сұраққа да жауап беріп, жасырылған құстарды аштыңдар. Яғни сендер құстар жайында жақсы біледі екенсіндер. Енді мен сендерге осы құстар туралы айтып берейін.

Тоқылдақ — Қазақстанда тоқылдақтардың бірнеше түрі тіршілік етеді. Тоқылдақ қараторғайдан ірірек. Бауыры ақ, арқа жоны қара, қанаттарында жалпақ ақ теңбілі бар.

Ызғарлы «кик-кик» деген дауыс шығарады.

Торғай — үлкендігі қараторғайдай. Үйірленіп тіршілік етеді. Кейде жалғыз да жүреді. Торғайдың түрлері көп болады.

Қарлығаш — қанаттары үшкір әрі ұзын, құйрықтары екі айыр. Олардың үлкендігі торғайдай және адам мекеніне жақын жүреді.

Сауысқан — бұл құс Қазақстанның барлық жерінде кездеседі. Өздеріне ыңғайлы жерлердің бәрінде жүреді. Сауысқанның түсі қара ала болады.

Тырна — көлдің жағалауында, сазды жерлерде кездеседі. Тырна басқа құстардан ерекше. Оның аяқтары, мойны ұзын болады.

Бұлбұл — салмағы жағынан 20-25г.ғана болады. Бұл Сібірдің құсы. Қазақстанда Алтайда ғана кездеседі.

Қырғауыл — үлкендігі тауықтай. Құйрығы өте ұзын. Қопалы қамыс арасында жүреді.

Құр — орман құсы. Құрлар тобы барлығы бірге жүреді. Көктемнің басында бір-бірінен бөлініп, ерекше құрқылдап, қораздана бастайды.

4. Жазбаша жұмыс ( Осы құстардың аттарын дәптерге жазу ).

VI. Сергіту сәті

  • Қарлығашқа ұқсайық, Қане, қанат жазайық. Қарлығаш боп ұшайық, Ұшып — ұшып алайық, Орнымызға қонайық.

VII. Мәтінмен жұмыс

  1. Мәтінді оқимын.
  2. Оқушыларға оқытамын.
  3. Әрбір сөйлем аударылады.

VIII. 1. «Қай әріпті жоғалттым» ойынын ойнау

(Тақтада бірнеше сөздер жазылып тұрады. Оқушылар жоғалған әріпті орнына қойып, сөзді оқып аударады).

2. «Сөз жарысы» ойыны.

Ол үшін тақтаға әр қатардан бір оқушыдан шығу керек. Енді осы оқушыларға кезекпен бүгінгі өткен жаңа сөздерді орыс тілінде айтып, олар қазақ тіліне аудару керек. Қай оқушы көп айтса, сол жеңеді.

IX. Сұрақ — жауап арқылы сабақты қорыту

— Көктем мезгілінің негізгі ерекшеліктерін атаңдар.

— Бүгін біз құстардың қандай түрлерін өттік?

— Ән салатын құс қандай?

— Ең әдемі құс?

X. Оқушылардың білімін бағалау

XI. Үйге тапсырма. Сөздерді жаттау. «Көктем» тақырыбына сурет салып келу

Ұйымдастыру кезеңінен кейін фонетикалық жаттығу орындалады. Мұнда қазақ тіліне тән ерекше дыбыстардың жазылуы мен айтылуы туралы қайталау жасалынады. Балалардың тілін дамыту үшін жаңылтпаш оқылады.

Сабақты бастамас бұрын оқушыларға сабақтың барысын түсіндіріп өтемін. Тақтада плакат ілулі тұрады. Онда оқушылардың аты — жөндері толық жазылған және жоғарғы жағында берілетін тапсырмаларға бөліп көрсетілген.

Әрбір тапсырма бойынша сабаққа жақсы қатысып, жауап беріп отырған оқушыны бағалап отырамын. Сабақтың соңында осы тапсырмалар бойынша қойылған бағаларды қосып, қорытынды баға қойылады.

Сабақта алдыма қойған мақсатым, жаңа тақырып туралы түсіндіріп, осы тақырып жайында білімдерін тереңдету. Көрнекіліктерді көп қолдана отырып, сөйлем құрап үйрету, еркін сөйлеп үйренуге баулу. Табиғат заттарына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Жұмбақ шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашып аламыз. Суреттерді қолданып сұрақ — жауап жұмысы жүргізіледі. Жаңа сөздерді түсіндіріп өтемін. Ол сөздерді оқушылар сөздік дәптерге жазады. Көрнекілікті қолдану арқылы дидактикалық ойын ойналады. Сөздік жұмысы да, көрнекілікпен жұмыстары да оқушыларды байланыстырып сөйлеуге даярлайды. Тапсырмалардың арасында сергіту сәті ұйымдастырылады. Оқулықтағы берілген мәтінмен жұмыс жүргізіледі. Сұрақ — жауап арқылы сабақты қорытындылаймыз. Сабаққа жақсы қатысқан оқушылардың білімдері бағаланады. Үйге тапсырма беріледі.

Категория: