Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Физика сабағына экология негіздерін еңгізу

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

Қызылорда политехникалық колледж, физика пәнінің мұғалімі Едігеева Мария Қамитбекқызы

 Едігеева Мария Қамитбекқызы

Қазіргі тарихи кезеңде қоғамның дамуының табиғатпен үйлесімділігі өте өзекті мәселеге айналды. Табиғатпен үйлесімсіз экономиканың өсуі болмайтындығын дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отыр. Табиғат ресурстарының сарқылтып және қоршаған ортаны ластап ешқандай экономикалық өсу болмайтынына әлемдік қауымдастықтың көзі жетті. Сондықтан табиғатқа және табиғатты пайдалануға жаңа көзқарас қалыптасуы керек.

Табиғи орта сауықтыруға және экономиканы тұрақты дамытуға бағытталған кешенді және үйлесімді табиғатты пайдалану жүйесін қалыптастыру біздің еліміз үшін де өте өзекті мәселе. Өйткені бұрынғы кеңестік жүйе бір жақты табиғат ресурстарын пайдалану саясатымен және әскери қаружарақтар сынаумен біздің аумағымызды көптеген экологиялық апатты жағдайларға қалдырды.[1]

Қазақстан Республикасы географиялық жағынан Еуразия құрлығының орталық кіндігінде орналасқан. Еліміздің құрлық жүйесінің ауқымды көлемін орманды далалы, шөл және шөлейтті жерлер алып жатыр.

Қалыптасқан табиғи, тарихи жағдайлар және табиғатты пайдаланудағы жайсыз күйлер жұртшылықты ойландыруда. Қасиетті жердің ресурстық шикізаттық қорларын өндіруші кәсіпорындардағы ала берсем деген ниет, өнеркәсіп аймақтарында қоршаған ортаға немқұрайлы қараушылық, әскери объектілердің экологиялық талаптарды сақтамауы, т. б., жағдайлар табиғатқа және тұратын халықтың әлуметтік жағдайын шиеленістіріп отыр.

Экологиялық дағдарыстың неғұрлым қауіпті көріністері аймақтың техногендік шөлейттену, топырақтың тозуы, су ресурстарының тартылуы, атмосфераның ластануы, ормандардың селдіреуі, табиғаттың генетикалық қорының бүлінуі , тіршілікке қатер төндіретін дүлей табиғи құбылыстар белең алып, әрі улы қалдықтардың жинақталуы айналаға, қоршаған ортаға зиянын тигізуде. Кейбір аймақтарда жағдайдың ауырлағаны соншалық, ауа, су және жер ресурстары ластанып, бұрын соңды болмаған күйзеліс кешуде. Еліміздің қолайсыз экологиялық ахуалы қазіргі кезде біліне бастаған экономикалық дағдарыс одан әрі тереңдеп, әлеуметтік шиленістің ушығуына итермелеп отыр. Ал халықтың экологиялық және әлеуметтік проблемаларын шешуде экономикалық қиындықтар туып отыр. Демек, экологиялық ахуалдың нашарлауы халықтың денсаулығына залалын тигізумен қатар, әлеуметтік қиындықтар туғызып, халық шаруашылығы тұрақты дамуының бір сыпыра маңызды бағыттарын тікелей тежеуге әкеліп соғуы мүмкін. Қазақстан Республикасының Конституциясының 38-бабында «ҚР азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті» делінген.

Қоршаған табиғи ортаның ластануы — қандай да бір экологиялық жүйеге (биогеценозға), ондағы заттектердің айналымы мен алмасу процестерін, энергия мен ақпарат ағынын үзетін немесе өзгертетін, аталған экожүйенің бұзылуына әкеліп соғатын, оған тән емес жанды немесе жансыз компоненттердің, физикалық немесе құрылымдық өзгерістердің енгізілуі.

Ластаушы заттардың атмосфералық ауаға шығарылуы. 2009 жылы тұрақты ластау (ҚР Статистика агенттігі) көздерінен атмосфералық ауаға шығарылған зиянды заттар мөлшері 2,3 млн. тоннаға жеткен және соңғы он жыл бойында тұрақты деңгейде сақталып отыр. Шығарылған 1681 мың тонна газ тәріздес заттардың 46,4% күкіртті ангидридтің, 25,7% көмір тотығының, 12,3% азот тотығының, 7,8% көмірсутектердің, 2,6 % ұшқыш органикалық заттардың үлесіне тиеді.

Қызылорда қаласындағы экология аймақтары, соның ішінде Шиелідегі алты уран кен басқармасы, Байқоңыр ғарыш аймағы, Шалқия түрлі-түсті металл өндіретін кен орыны, қаладағы шетел инвесторларының кәсіпорындары және Арал өңірі. Капустин ядролық полигонынан ұшып шыққан зымыран Аралдан 150 километр жерге келіп түскен. Осы атом бомбаларының жарылу зардаптарын сол кездердегі отбасыларының екінші ұрпағы көріп отыр. Осыған байланысты жас нәрестенің кемтар болып туу анасының қан құрамының нашарлауы және ересек адамның ісік ауруларының көбейуіне әкеп соғып отыр. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы территориясында төрт әскери-сынақ полигондары және «Байқоңыр» кешені жұмыс жасайды. Ракеталардың жерге түскен бөлшектері, құлаған ракеталар, өте улы ракета жанармайларының төгілулері т. б. нақты экологиялық қатер туғызуда.

«Байқоңыр» космодромынан тасымалдаушы-зымырандардың ұшырылымдарын қамтамасыз ету үшін, жалпы ауданы 12,24 млн. гектарға тең ракеталардыңбөлшектері түсетін арнайы құлау алаңы бөлінген. Осыған байланысты ракеталық-ғарыштық қызметтің қоршаған ортаға және халық денсаулығына әсерін төмендету, ракеталық-ғарыштық кешеннің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі алаңдатып отыр.Қазақстаның экологиялық қауіпсіздігіне елеулі қатер туғызып отырған радиоактивті ластану. Оның ішінде 30%-ы радиоактивті газ-радонның мүмкіндігі жоғары. Қазақстан мекемелерінде 50 мыңнан астам пайдалануға жарамсыз иондаушы сәуле шығаратын құралдар бар. 1949 жылғы алғашқы жер бетіндегі жарылыстан бастап Семей және Павлодар облыстарының радиациялық сәулеленудің ықпалына ұшыраған басқа аумақтардың тұрғындарының арасында сырқат саны әлі азаймай отыр.Қаладағы соңғы жылдағы зерттеулердің нәтижесінде Сырдарияның топырағында массасы1 кг топырағы 5,6-6,1 беккерел. кг. Жаңақорған; Шиелі-8,6 Бек кг. Сосын Сези 137 топырақта 1 кг массасында 8 Бек. кг Қазіргі таңда Қызылорда өңірінде радиация қауіпті саналатын нысандар да бар. Онда сәуле арқылы ауру анықтайтын, емдейтін жерлер бар. Өндіріс орындары, жылу, мұнай мекемелері, «Нефтегаз», «Лукоил» АО, «Алау газ», Түлкібас экспедициясы, Қызылордапром мекемелері жатады. Сези-137, Плутоний, Бериллий-238, Радий-226, Қорғасын, Уран-135, Алтын, Иод-531-ді пайдаланып жұмыс жасайды. Шиелі ауданынан 7км оңтүстік шығысында орналасқан «Қармұрын» кен орыны бар. Мұнда уранды жер астына сілкілеп шығару қолданылады. Сіті құйып, РУ-6-ның өндіріс қалдықтары контейнерлерде жинақталады, одан кейін Степногорск, Томск-7,Красноярск-26, Азон-О3 бізді қорғайтын газ.

Физика сабағына экология негіздерін еңгізу

Тұрмыстық дозиметр қалыпты жағдайда 0,2 мк3B.47

Ірі қара малы 1,5-2,7,
Құстар 6-14,
Жәндіктер 580-2000
Вирустар 62-4600
Қоздырғыш 17-3500
Адам 4-5vr ЗВ7ч

Материалдардың γ сәуле шығаруды екі есе кемітеді. Ортаның қалыңдығы

Бетон — 10см
Су — 23
Топырақ — 14cм
Ағаш — 30cм
Қорғасын — 2см
Болат — 3 см 7
Иондаушы сәулелерден қорғайтын құрылыстар (неше есе кемиді?)
Арнаулы жертөле — 100%
Ағаш үй 4-10 есе
Әртүрлі тас,қышқылдар 10-50 есе Ағаш үйдің жертөлелері 5-100 есе.

Республика территориясында ірі ракеталық полигондар: Атырау облысының «Тайсойған», Балхаш көлі маңында «Ташкент» және Байқоңыр ғарыш айлағы орналасқан. Бұл жерлерде топырақ беті өте қауіпті улы гиптил жанармайымен және ракета «қоқыстарымен» ластанған. Гептил өте улы зат болғандықтан адамдардың өкпе, тыныс жолдарына, нерв жүйесіне әсер етіп, бүйрек, бауыр мүшелерін зақымдайтыны анықталған. Сол сияқты ракета, космос корабльдерінің ұшуы «қышқыл жауындар» жаудырып қоршаған ортаның тірі комплексінің 3-50% биомассасын жойып жібереді.

Физика оқулықтары мен бағдарламаларында табиғат қорғау мәселесі: бірінші курста сәулелі биологиялық әрекеті туралы т. с. с экологияға қатысты болды. Сабақтарды оқытуда оқушыларға жер бетіндегі және ауа транспортын мысалға ала отырып, двигительдегі отынның жану кезінде бөлінетін уландырғыш заттардың бөлініуі сияқты жағымсыз құбылыстармен таныстыра отырып, осы қарқынмен өркендеп келе жатқан техникаларды дұрыс пайдалана алмау қоршаған ортаны қолайсыз өзгеруіне, табиғаттың тепе- теңдігіне бұзылуына соқтыратындығын түсіндіріп өтемін.

Курс бойынша Броундық қозғалыс қарастырғанда судың және атмосфераның ластануы, газ тәрізді сұйық және қатты денелердің құрылымы, судың биосферадағы рөлі, жылулық тепетеңдік, температурада — планетаның жылулық режимі.

Газдарды техникада қолдану — атмосфераның ластануына назар аударту. Бұл жылу, электр орталықтарының немесе завод моржасынан шыққан көмірқышқыл тотығын, көмірқышқыл сутегімен азот тотығы, т. б. зиянды улы газдардың молекулалардың қозғалысы арқылы ортаны ластау мен қатар, азот, калий, фосфор элементтерінің көбеюі су бетіне түсіп оның ластануына өз әсерін тигізетіндігін айтып өттім. Ластанған суды біздің пайдалануымыз арқылы түрі жұқпалы аурулардың қозуына әкеп соқтыруына назар аудардым.

Қысым тақырыбын өткенде оқушыларға ауаның құрамында 21% оттегі 78% азот, 0,94% инертті газдар, 0,02-0,04% көмір қышқыл газы және басқада қоспалардың барлығын естеріне салып, ауада газ қоспалары бар екендігін айттым.

Ауаны ластайтын ең негізгі заттар (шаң, тозаң) түзілуінің ең негізгі себебі: метосферадағы және органикалық заттардың тозаңы.

Термодинамиканың І заңы тақырыбында — жылулық құбылыстар және табиғатты қорғау.

Ауаның ылғалдылығы — гидросфераның биосферадағы мәні.

Сұйықтың беттік керілуі — беттің керілу күштерінің қоспаларының өзгеруі және бұл құбылыстың тірі организмдерге әсері. Өндірістік суларды тазарту капилярлық құбылыстардың табиғаттағы рөлі.

Суды ластайтын көптеген факторлар бар. Олар: өзенге, көлге кететін өндіріс қалдықтары, тамақ өнеркәсібі мен күнделікті тұрмыста пайда болатын қалдықтарды қалай болса солай суға ағызу.

Мысалы: жазғы тұрым кездері адамдардың машиналарын Сырдария жағасына апарып жууы, ал оған бір жағында адам суға түсіп жатса, екінші жағы ауылшаруашылығында егіске пайдалануы, сол сияқты т. б зиянды жақтарын айтып өттім де, мына мәліметтерге сүйендім.

Дүние жүзінде өндірілетін өнімдердің көбісі мұхиттар мен теңіздердің түбінен шығатын болса, ал 2011 жылдарда бұл бүкіл өнім тең жартысын құрамауда, жылына 3-8 млн. тонна мұнай өнімдері түрлі себептермен мұхитқа құйылып отырады екенде, мұхит бетінің 5/1 бөлігін мұнай кілегей басып жатады, осыған қарағанда мұхит бетінің жыл бойына ластанудың 7,5% теңізге жүргізілетін кен іздеу жұмыстарынан 2,5% пайдаланудан қалған майларды төгуден 45% — і мұнай химия зауыты қалдықтарына тиеді екен. Мұндай кілегей мұхит ішіндегі өсімдіктерімен жәндіктер дүниесінің өмірін қысқартып, зиян тигізіп қана қоймай, судың булану көмегінде өлшеусіз кемітіп, ауа-райын күрделі өзгерістеріне ұшыратады.

Тізбек бөлігіндегі Ом заңы — электр тогының тірі организмдерге әсері.

Сұйықтардағы электр тоғы — электролизді газ тәрізді қалдықтардың атмосфераның ластануы.

Әр түрлі дербес разрядтар және оларды техникада қолдану — озонның түзілуі, озон қабатының рөлі.

Лоренц күші — жердің радиация белдеулерінің пайда болуы, поляр шұғыласы.

Еріксіз тербелістер. Резонанс — дірілдер. Олардың қалалы жерге, негізгі организмдерге әсері.

Электр қуатын өндіру-айналаны қорғау электромагниттік ластану. Қышқылды жаңбырлар. Су қоймаларының ауа райына әсер етуі, топырақ ауруы.

Дыбыс толқындар — шудың зияны.
Электромагниттік өрісі-электромагниттік ластану.
Фотомерлер-жарық режимі оның адам денсаулығына әсері.
Жарықтың шағылу заңы-күн сәулесі энергияның шағылысуы.
Жарық интерференциясы — айналадағы ортаның мұнай өнімдерімен ластануы.
Инфрақызыл ультракүлгін сәулелер-жер бетіне, өсімдіктерге т. б. түскен.
Күн сәулесінің жылуы.
Табиғи радиоактивтілігінің ашылуы — радиоактивтік ластан.

Табиғат заңдарын негізге ала отырып, кейбір физикалық құбылыстардың пайдасы туралы ғана емес, адамның өндірістік әрекеті нәтижесінде туындайтын теріс әсері туралы да айтылуы тиіс.

а) Энергетика, өндіріс, жол қатынасының физика — экологиялық аспектілері.
б) Қоршаған орта параметрлері бақыланатын физикалық әдістер.
в) Физикалық негізі бар басты биосфераның процестері.
г) «Жер-ғарыш» жүйесіндегі энергия алмасу.
д) Табиғи процестерді модельдеу.

а ) Физика курсын оқыту барысында экологиялық білімнің жетекшісі, бағдарламаларынан шығатын жеке мақсаттардың бөлімінің көрсетілуі.
б) Экологиялық білімнің қажетті компоненттері ретінде оның негізгі ұғымдарын физиканы оқыту барысында қалыптастырылуы.
в) Қоғамның материалдың игілігінің көзі ретінде табиғат құндылығының жан жақты ашылып көрсетілуі қажет.

Физика курсының рөлі тек қоршаған ортамен байланысты мәселелерін қарастырумен шешпейді,экологиялық білімнің жүзеге асуы оқушылардың табиғатқа деген жауапты қатынасын, экологиялық мәдениетін қалыптастыруға үлкен үлес қосады.

Келтірілген тарихи және шынайы фактілер Қазақстанның қасиетті топырағы, ауасы мен су ресурстарының қаншалықты зардап шегіп келгенін дүниежүзінің адамзат қоғамы соңғы жылдары ғана біліп отыр. Ендігі жерде қазақтың ұлан ғайыр территориясы өзінің жаралы денесін сауықтыра отырып, болашақ ұрпақтарын салауатты өмір сүруін қамтамасыз етуге бел байлап, өркениетті елдер қатарына қосылатын күн алыс емес екендігіне кәміл сенеміз.

Әдебиеттер тізімі:

1. Е. Б. Байбарақов,ҚР ҰҒА академигі,э.ғ.д, профессор. «Табиғатты пайдалану»
2. А. Нұрғызарынов Қ.Шапшанов «Арал өңірінде өндірісті экологияландыру» Қызылорда облысы 2001 ж
3. М. Кукенов «Арал тағдыры» Қазақстан баспасы

Категория: