Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

«EXPO-2020» Дубай: «Ақыл-ойды біріктіріп, болашақты құрамыз»

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

  Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Философия және саясаттану» факультетінің профессоры: Данат Жанатайұлы Жанатаев
«Физика-техникалық» факультетінің «Стандарттау және сертификаттау» мамандығының 1-курс магистранттары: Ажибаева Жадыра, Байырова Мархабат

Аңдатпа. Мақалада EXPO-2020 Дубайда өтетін Дүниежүзілік көрме жайлы айтылады. Бұл іс-шараның идеясы-адамзат бірігіп, болашақты жақсартатын және одан да қызықты ететін көптеген жаңа нәрселер жасау. Іс-шарада әртүрлі елдердің павильондары болады. Соның ішінде Қазақстандық павильон туралы қарастырылады.

Түйінді сөздер: EXPO көрмесі, дүниежүзілік, Қазақстан, Дубай, адамзат

Дүниежүзілік EXPO көрмесі-мәдениет, технология, инновация, дизайн саласындағы және адамзат дамуының жаһандық мәселелеріндегі ең көне халықаралық оқиға. Көрмеге көптеген елдердің өкілдері қатысады. Басты мақсат-адамзаттың түрлі жетістіктерін көрсету. Бірақ бұл бірінші оқиға емес. Тарихқа бет бұрсақ ең алғашқы осындай оқиға XIX ғасырда, яғни 1844 жылы өткізілген. Ең алғашқы халықаралық көрме Парижде арнайы салынған ғимаратта өтті. 1844 жылы Дүниежүзілік көрме өткізілгеннен кейін осындай көрмелер әлемнің басқа қалаларында: Санкт-Петербург, Берн, Мадрид, Бордо, Брюссель және тағы басқа қалаларда өткізіле бастады. Бірақ есте қалатын көрме 1851 жылы Лондонда өткен көрме болды. Ол үлкен көлемде өткізілді. Кейін бұл көрме «Барлық халықтардың өнеркәсіптік жұмыстарының ұлы көрмесі» деп аталды. Бұл көрмеге 6 миллион адам келді. Сондықтан Лондон көрмесі ресми дүниежүзілік көрме болып саналды.

Екінші дүниежүзілік көрме 1855 жылы Парижде өтті. 2015 жылы Миланда және 2017 жылы Қазақстанда өтті. Көрменің тақырыбы-«Болашақ энергиясы».

Кезекті көрме Дубай қаласында өтеді. Бұл оқиға тоқтамайтынын көруге болады. Себебі, үлкен танымалдылықтың арқасында осындай оқиғалар бизнесті дамытуға көмектеседі және жаңа технологияларды ілгерілетуге ықпал етеді.

«EXPO-2020» Дубайда 2020 жылы өту керек болатын, бірақ қазіргі Covid-19 пандемиясына байланысты оның ашылуы 2021 жылға ауыстырылды.

EXPO-2020 Дубай аумағы тақырыптық аймақтарға бөлінеді: мүмкіндіктер, ұтқырлық, тұрақты даму.

«Ұтқырлық» аймағында уақыт пен кеңістіктегі саяхаттар мен адамзаттың осы бағыттағы мүмкіндіктері талқыланады. Ол адамның сыртқы әлеммен, табиғатпен үйлесімді қарым-қатынасына арналған.

«Мүмкіндіктер» деп аталатын тақырыптық аймақта жаһандық оң өзгерістердегі жеке тұлғаның рөлі талқыланады.

«Тұрақты дамуда» әлемді адамдардың зиянды әсерінен құтқаруға көмектесетін инновациялар талқыланады. Мысалы, мұнда мұхиттарды пластиктен тазарту үшін арнайы жасалған балық туралы айтылады. Сондай-ақ, бұл аймақта тропикалық орманы бар тірі бұрыш болады, онда ағаштардың бір-бірімен қалай байланысатынын біле аламыз.

Дубайдағы EXPO көрмесінде Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия, АҚШ, Монако, Швейцария мен Люксембургтың павильондары біздің павильонның жанында орналасқан. Қазақстан павильоны — көрмедегі ең ауқымды нысандардың бірі болып келеді. Аумағы 3420 шаршы метрді құрайды. Төрт тақырыпта көрсетілетін көрме аймағы және 3 қабатты дизайны бар. Қазақстан және көрші павильондар EXPO-ның «Мүмкіндіктер» атты тақырыптық аймағында тұр.

Польша павильонында кеңесші болып жүрген Қазақстан азаматы Бужасида Қасымбекова Қазақстанның павильонына да кіріп шықты. Оның айтуы бойынша: «Павильонға кірген бойда әсем жарық диодтары бірден жанға шуақ сыйлайды. Музыка, республиканың бірегей табиғаты, биоалуантүрлілік, мәдени мұралар ұсынылады. Екінші қабаттан Қазақстанның таң атқаннан кеш батқанға дейін қалай өзгеретінін көруге болады. Бұл жерде IT технологияларымен таныстырады», — дейді Қасымбекова.

«EXPO-2020» Дубай: «Ақыл-ойды біріктіріп, болашақты құрамыз»

1-сурет. Дубайдағы EXPO-2020 көрмесіндегі Қазақстан павильоны.

Көрмедегі Қазақстан павильоны 4 бөлімнен тұрады:

1) Бірінші бөлім «Қазақстан ұлы Дала елі»
2) Екінші бөлім еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан мен республиканың өзге аймақтарына арналған.
3) Үшінші бөлім «Future road» яғни бұл бөлімде озық мүмкіндіктер ұсынылады.
4) Төртінші бөлім «Final show». Ақылды ойластыру, адам мен жасанды интеллекті арасындығы симбиозы көрсетіледі.

Қазақстан павильоны елдің дамуын жан-жақты көрсетеді. Біздің табиғи ресурстарымыз, мәдени байлығымыз, туризм, технологиялық және инвестициялық мүмкіндіктеріміз — осының барлығы интерактивті инсталляциялармен ұсынылған. Индустрияландыру, қоршаған ортаны қорғау, транзит және көлік саласындағы стратегиялық жобалар да бар.

Қазақстандық павильонның ашылуына бюджеттен шамамен 22 миллион доллар бөлінді. Осының арқасында шетелдік инвестициялар көлемі артады деген жоспар бар. Сондай-ақ, Қазақстанның экономикалық, сауда мүдделерін ілгерілету үшін Дубай аумағында осы павильонды сақтау туралы тағы бір ұсыныс қарастырылуда.

EXPO-2020 DUBAI көрмесі 2021 жылдың 1 қазаны мен 2022 жылдың 31 наурызы аралығында жалғасады. EXPO дүниежүзілік көрмесі аясында Дубайда Қазақстанның Ұлттық павильоны алаңында еліміздің ресми тұлғаларының, сондай-ақ мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік және жеке секторлар өкілдерінің қатысуымен 25 іскерлік іс-шара өткізу жоспарлануда. Іскерлік іс-шаралар шеңберінде конференциялар, форумдар және B2B-кездесулер өткізіледі. Атап айтқанда, еліміздің инвестициялық және туристік әлеуеті, ғылыми және білім беру жобалары, шығармашылық шешімдер, сондай-ақ Қазақстанның әлеуетті жобалары мен заманауи әзірлемелері туралы презентациялар ұсынылатын болады. Осы іс-шаралардың нәтижесінде келісім-шарттар мен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылады. Өз кезегінде, бұл ел экономикасын дамытуда үлкен мүмкіндік болмақ.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Стрыжко А. «Как добиться успеха на выставке», 2000
2. Семенцова Т. «Современные технологии выставочного маркетинга» /Вопросы экономики. — 2001.
3. Гусев Э. Б., Прокудин В. А. Салащенко А. Г. Выставочная деятельность в России и зарубежом.

Категория: