V Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

Продам стиральную машину

Православный портал «Кампан»Б\у, работающая. Цвет: белый Управление: электронное (интеллектуальное) Установка: отдельно стоящая Тип загрузки: фронтальная. Контакты: +7-707-22077-53, г. Петропавловск. Подробнее

Елін бастаған — Елбасы

 

 

Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Шашубай кентіндегі «Мектеп-балабақша кешені» КММ тәрбиешісі Сеитова Маржан Саулебаевна

Қазақстан республикасының президентінің күніне арналған ашық сабақ

Елін бастаған — Елбасы

Білім беру саласы: «Таным», «Шығармашылық»

Оқу іс — әрекеті: «Айналамен таныстыру», «Сурет».

Тақырыбы: «Елін бастаған Елбасы».

Мақсаты: ҚР елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыз туралы мағлұмат беру, Президент күні туралы ұғым қалыптастыру, отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін арттыру.

Көрнекіліктер: Слайдшоу, суреттер, елтаңба, ту, көрме.

Шаттық шеңбері:

— Балалар, сендер таңертең ұйқыдан оянғанда терезеден нені көресіңдер?

— Күнді, күннің жарқыраған нұрын көреміз.

— Күннің нұрын көргенде сендер қалай қуанасыңдар?

— Алақай! деп қолымызды шапалақтап қуанамыз.

— Далаға шыққанда жоғарыдан не көреміз, төменнен не көреміз?

— Жоғарыдан аспан, күнді, бұлтты.

— Төменнен жерді, шөптерді, гүлдерді, суды көреміз.

— Ендеше біз де аспанға, жерге, күнге және сабағымызға келген қонақтарға сәлем берейік.

Шеңберге тұрады:

— Сәлем саған Алтын күн!
Сәлем саған Жер ана!
Сәлем саған достарым!
Сендерді көрсем қуанамын.
Сәлеметсіздер ме қонақтар!

Елін бастаған — Елбасы

Іздену — барлау: Балалар, біздің жеріміз, орман, тау, өзен-көл, өмір сүретін ортамыз бәрімізге ортақ. Осыны ешқашан естеріңнен шығармаңдар.

— Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз?

— Қазақстан Республикасында.

— Иә, біз ірі жер көлемі бар мемлекетте тұрамыз қарандаршы картаға дүние жүзінде 9-шы орында.

— Еліміздің қандай рәміздерін білесіңдер?

— Елтаңба, Көк ту, Әнұран.

— Біздің елбасымыз кім?

— Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ол президент.

— Ия, балалар, біздің бүгінгі сабағымызда Нұрсұлтан атамызға арналмақ. Себебі 1-ші желтоқсан ең бірінші тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан атамызды сайлаған күн. Биыл бұл күн мереке ретінде алғаш тойланбақ. Ал Нұрсұлтан атамыз қандай болған? Оны білу үшін теледидарға назар аударайық. (Теледидардан Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаевтың құттықтау сөзі қойылады).

Саяхат. Нұрсұлтан атамыз туралы көбірек білу үшін балалар, жұмыс жасаған қалаларға саяхат жасайық. Қане барлығымыз ұшаққа отырамыз.

Алғашқы жұмыс қадамын Нұрсұлтан атамыз Қарағанды қаласында бастаған. Осы Қарағандыда не бар? (көмір). Кенші атаның ескерткіші орналасқан бұл қала көмірге бай. Картадан бұл қаланы тауып белгілейік. (Көмірдің кішкене тасын көрсетемін).

Қазір балалар Елбасымыз қай қалада? (Астанада) Бұл қала біздің елордамыз. Ал Астанада не бар? —Ия, байтерек, ақорда, т.б. бар. Қане, картадан белгілейік.

Елбасымыз Нұрсұлтан атамыз тәуелсіздік, еркіндік үшін күресіп Отанымыздың болашағы, балаларды қорғауға, білімді азамат етіп өсіруге күш салып, қаншама еңбек етті.

Елін бастаған — Елбасы

Біз қай қалада тұрамыз? (Балхаш). Ия, Балхаш қаласында не бар? (Көл бар, көлде балық бар). Біздің туған жеріміз, тұрған мекеніміз қай жер? (Шашубай кенті). Біздің көліміз, балығымызбен баймыз. Балықты қалай аулау керек екенін кім қалай меңгерген екен?

«Балықшы» ойынын ойнайық.

Сурет салу. Есік қағылып, пошташы келеді. Елбасымыздың мереке қарсаңында сиқырлы суреттер жолдапты. Суреттерді бір түспен бояу қажет.

(Алдын ала майшаммен ақ қағазға салынған бәйтерек, ту, балықтың суерттерін таратып беремін. Балалар субояумен бір тегіс етіп бояйды. Майшаммен салынған сурет субояу жұқпай көрінеді.) Қане балалар іске кірісіп суреттерді бояйық.

Елін бастаған — ЕлбасыЕлін бастаған — ЕлбасыЕлін бастаған — Елбасы

Әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Біздің Қазақстан өте үлкен, көп ұлтты мемлекет. Бәріміз бір үлкен жанұямыз, бір-бірімізді сыйлап, тату-тәтті өмір сүрудеміз. Сондықтан біз өз жерімізді, өз елімізді қадірлеуге, қорғауға тиістіміз.

Бүгінгі сабағымызды батамен аяқтағым келіп тұр.

— Өркенің өссін, жас ұлан
Білімің өссін, оқыған
Әрқайсысың ғаламгер
Шырақ бол,
Еліңе қорған, құрақ бол.

Елін бастаған — Елбасы

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: ҚР рәміздерін, оларға сипаттама беруді, аңық сөйлеуді білу керек.

Істей білуі керек: Негізгі сұрақтарға жауап беруді, ойларын толық жеткізе білуді керек.

Болуы керек: патриоттық сезім болуы керек.

Категория: