Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Біздің жануарларымыз

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

Нургали Карлыгаш Назымбековна қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Солтүстік Қазақстан облысы, № 1 Ленинград орта мектебі

1-сынып

Сабақтың мақсаты:

  • білімділік: жануарларға байланысты тірек сөздерді естеріне түсіру, білімдерін тереңдету;
  • дамытушылық: сөздерді және сөйлемдерді дұрыс оқып, мағынасын ұғына білуге дағдыландыру;
  • тәрбиелік: үй жануарлары тақырыбында тәрбиелік мәні бар әңгіме жүргізу;

Сабақтың көрнекілігі: көрнекі құралдар топтамасы;

Сабақтың құрал-жабдығы: мультимедиялық кабинет;

Сабақтың түрі: заманауи сабақ;

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сөз әдісі, логикалық, көрнекілік әдісі;

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: сыныптағы оқушыларды түгендеп, бүгінгі сабаққа сәттілік тілеу:

1. Үй жұмысын тексеру: жаңа сөздерді жаттау

Мотивация кезеңі

Басымызды сипаймыз жақсы ойлау үшін, құлағымызды сипаймыз жақсы есту үшін, көзімізді сипаймыз жақсы көру үшін, алақанымызды сипаймыз жақсы баға алу үшін. Ал, балалар сендерге бүгінгі сабаққа сәттілік тілей отыра, сабағымызды бастаймыз.

Миға шабуыл: Үй жануарларын білесіз бе?
Қай жануардың атын атай аласыз? /Тілдесім/

Операция кезеңі

2. 3-тапсырма. Ой қозғау: /Тілдесім/ интербелсенді тақтадағы слайдта

• Бұл сиыр ма?
• Иә, бұл — сиыр.

• Бұл жылқы ма?
• Жоқ, бұл — түйе.

• Бұл қой ма?
• Иә, бұл — қой.

• Бұл ешкі ме?

• Жоқ, бұл — шошқа.

3. 1-тапсырма. Мәтінмен жұмыс. /Тыңдалым/. Үнтаспада жазылған мәтін тыңдатылады

Бұл — біздің үй. Біздің үйде екі жылқы, үш сиыр, он қой, алты ешкі бар. Менің итім мен мысығым бар. Иттің аты — Тарзан. Мысықтың аты — Барсик. Мен үй жануарларын жақсы көремін.

4. 4-тапсырма. Сөз тіркестерін құра, сандарды сөзбен жаз. /Жазылым/

Сергіту сәті
Қане қанат жазайық,
Қарлығаш боп ұшайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.

5. 2-тапсырма. Жаңылтпашты тез оқып, үйрен. /Оқылым/

Пеш үстінде бес мысық —
Бес күзетші, бес пысық.
Тышқан ұстап жемесе,
Бола қоймас еш қызық.

Рефлексия кезеңі

6. 5-тапсырма. Төртінші артықты тап, сөйле: /Сөйлесім/

Бағалау: Оқушыларды мадақтау, бағалау.

Үйге тапсырма:

1. 2-тапсырма. Жаңылтпашты жаңылмай оқу.
2. «Біздің жануарларымыз» тақырыбына диалог құрастыру

Резервті жұмыс

«Енесін тап» ойыны.

Категория: