Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Біз жолда жүру ережелерін білеміз бе?

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

Касенова Асель Амантаевна воспитатель, стаж 9 лет, 2 категория КГКП «Ясли-сад № 10 „Сказка“» отдела образования акимата г. Экибастуза Павлодарской области

Фото с сайта salmbdou38.narod.ru

Бағдармалық міндеттері:

1.Жолда жүру ережелерін сақтауға саналы қатынасты тәрбиелеу.
2.Бағдаршам дабылы мен құрылысын білу,балалармен жолда жүру ережелері туралы білімдерін бекіту.
3.Жол белгілері туралы білімдерін бекіту.
4.Ойындық тапсымаларды орындаған үрдісінде түсінікті байланысты тіл дағдыларын дамыту.
5.Есте сақтау,зейінділікті, ойлау қабілеттерін дамыту.

Өту барысы:

Тәрбиеші: Балалар, «Бағдаршам» жас инспекторлар мектебіндегі сабаққа шақырамын.

— Осы мектепте неге үйренеміз?

— Кане, мектеп ұранын еске алайық:

Арманға алда күткен асығамыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз!

Тәрбиеші: салынған жолға балаалрдың көңілін аударады: Міне, мектепке баратын жол. Бағдаршамның қай түсіне біз жолдан өтеміз?

— Бізге жолдан өту керек, ал бағдаршам жоқ. Не істеу керек?

— Ал жолдарың болсын!

Әуен орындалады, балалр жолды өтеді,тәрбиеші ережелерді қалай сақтап келе жатқандарын бақылайды.

— Жарасыңдар, балалар! Сендер жолда жүру ережелерін сақтап, жас инспекторлар мектебіңе аман жетіңдер.

— Ал, отырыңдар.Бүгінгі сабақта жолдағы қиын жағдаяттағы тәртіп ережелерін қалай білетіңдеріңді, тексереміз, ойнаймыз.Сіздер дайынсыздар ма ? Ендеше сіздер үшін бірінші ойын-тапсырма «Жауабын табыңдар».

— Ереже: тез және қысқа жауап беру керек.

• Бағдаршамда қандай дабылдары бар?
• Қызыл түс нені білдіреді?
• Жасыл түс нені білдіреді? Сары ше?

• Жарайсыңдар! Бағдаршам ережелерін білесіңдер. Оны әрқашан сақтау керек. Бағдаршамнан басқа жүргіншілер мен жүрушілерге жолда тәртіп сақтауға көмектеседі? Жол белгілері

• Дұрыс,бұл жол белгілері.Балалар естеріңе түсіріңдер бұл белгілерді неше топқа бөлуге болады? / ескертпе,рұқсат етілген,тыйым салынған/.Ал қазір тапсырма.Көріп тұрсыңдар ма,бұл жерде белгілер жатыр. Қазір бірге кезек бойынша олар туралы әңгімелейміз. Әрбір бала бір белгіні алып, әңгімелей бастайды.

• Назар аударыңдар, балалар! Бұл ескертпе белгісі. Жүргізушілер абай болу үші мектептің жанында орналастырады.

• Өтуге тыйым салынады! Бұл тыйым салынатын белгі.Жүргіншілер өтуге рұқсатетілмейтін жерде қойылады.

• Жер асты өту.Бұл рұқсат етілетін белгі.Адамдар демала алатын жерлерде орналастырлады.

• Назар аударыңдар,қауіпті жер !Бұл тыйым салынған белгі.

• Тұрақ орны. Бұл рұқсат етілген белгі.

• Өту тыйым салныған.Бұл тыйым салынған белгі.

Жол белгілерін жақсы білесіңдер екен. Енді мұқият мына суреттерге қараңдаршы. Бұл сурет бірдей салынған, бірақ суретші автордың бір қателігі бар. Анықтап беріңдер.

Сергіту сәті

Көреген дәу қырағы
Көшемізде тұрады
Ол бергенде команда
Бағынамыз әмәнда!
Ашса кезек үш көзін
Айтты деп ұқ үш сөзін.
Тоқта!
Абайла!
Жол ашық!
Жүрме жолға таласып,
Қызыл көзін ашқанда.
Сынық сүйем баспа алға!
Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін, Жасқанба!

Ал қазір «Өз ойын жеткіз» атты ойын ойнап көрейік. Ойын ережелері: жағдаяттарды жақсылап ойлатып, толық,асықпай жауап беру керек.

• Бағдаршамның жасыл түсті жанып тұрған кезде өтіп бара жатырсың, бір кезде жолдың ортасына жете бергенде сары түсті жанады. Сен не істейсің? Көрсетіп және айтып бер.

• Сен көшені жасыл түсті кезде өтіп бара жатты,бірақ та арнайы көліктің дабыл белгілерін естейсің. Бұл қандай көлік болу мүмкін және не істейсің?

• Сен алаңға шығып шана тепкің келде, бір кезде досың көлік жүретін жерде таудан тебейік дейді. Не істейсің?

• Жолдан өтіп бара жатқан кезде әуе шары қолынан ұшып кетеді. Не істейсің?

Д/ойын «Бағдаршам»

Қызыл аяда — С,В,Е, сары аяда — Т,О; жасыл аяда Ф,О,Р әріптермен медальондарды балаларға таратып беремін.

Сізде қандай әріп? «бағдаршам» сөзінде ең алғашқы әріп қандай? Қазір тұрамыз музыка бойымен билей бастаймыз,музыка тоқтаған кезде «Светофор»  сөзімен тұра қаламыз.

Ал қазір қонақтарға жолда жүру ержелері туралы тақпақтар оқимыз.

Мен білем, бәрін мен — деген.
Отырған жоқсың бөлмеде,
Машина өтіп кеткен соң.
Жолаушы алға беттесін.

Ұлан Ұшқалақ бала ұрыншақ.
Ойлалық, соны ұғынсақ.
Машина өтіп кеткесін.
Балақай алға беттесін.

Жыламасын, аналар.
Жас ұландар өсе бер.
Сақ болыңдар балалар.
Сақ жүріңдер, көшеде!
Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.

Жолда жүру ережесі заңды тәртіп.
Ол ортақ үлкен — кіші баршамызға.
Басталар әр қадамың аттауменен,
Жолда жүру ережесін сақтауменен.

Футбол деген жақсы ойын саналар,
Стадионда ойнасаң, тек, балалар.
Көшеде доппен ойнама,
Қатерге басты байлама.

Асфальтта көлденең
Сызылған ақ жолақтар
Бар жерінен өткейсің.

Алдыңдағы бағдаршам
Жасыл көзі жанғанда,
Абайлап барып өткейсің.
Абай болшы мұндайда
Жаяу жүргінші болғанда!

Рахмет, балалар. Бүгін сіздер өздеріңнің жол ережесін білетіндіктеріңді көрсеттіңдер. Қай жерде жүрсеңдер де жолда жүру ережесін сақтап, басқаларды да соған шақырыңдар дегім келеді.