Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

А.Құнанбайұлының туғанына 170 жыл толуына орай «Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, өлмейтұғын артында сөз қалдырған...» тақырыбындағы презентация сайысы

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

Кеңес Одағының Батыры С. Рахымов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебі. Информатика пәні мұғалімі Жангирова Гульнур Бегалиевна

Жангирова Гульнур Бегалиевна

Мақсаты:

Білімділік:

1. Ұландарды Ұлы ақын — А.Құнанбайұлының балалық және жастық шағы, өскен ортасымен, ақындығы мен композиторлығын таныту. Жас ұрпақты Абай шығармашылығымен және өздерінің шығармашылық жұмыстары арқылы Абайды  жан-жақты тану.
2. Ақпараттық коммуникативтік технология құралдарын, өзін-өзі дамытуда және кез-келген пәндерде пайдалана алу.

Тәрбиелік: Гуманистік, адамгершілік, еңбек, имандылық тәрбиесін беру.

Шығармашылық: Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, қадірлеуге, асыл мұрасындай есте сақтауға баулу.

Материалдық-техникалық қамтамасыз етілу: компьютерлер, колонкалар, проектор, интерактивті тақта.

Сабақтың түрі: Сайыс

Берілген тапсырма:

1. «Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, өлмейтұғын артында сөз қалдырған...» тақырыбында мультимедиялық бағдарламада графикалық редакторларды пайдаланып жоба құру.

2. Ақпаратты пайдалануда эстетикалық және құқықтық нормаларды сақтау.

3. Жобаны қорғау.

Сайысқа қатысушылар: 10-11 сынып ұландары

Сайыстың әділ-қазыларымен таныстыру:

Мектеп басшысы: Кәдірбек Бәйдібек Шәріпбекұлы
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Уызбаева Бихадиша Жұмаділқызы
Әдістеме ісі жөніндегі орынбасары: Зулбикарова Рахима Әбдірашқызы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің бірлестік жетекшісі: Қозбағарова Бақытгүл Мүсірқұлқызы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты маманы: Түменбай Ұлдана Ералықызы

Информатика пәні мұғалімі Г. Б. Жангированың кіріспе сөзі: Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа белге жетуіне орасан үлес қосқаны бүгінгі таңда әлем әдебиеттерінде әйгілі, ерекше орынды иеленеді. Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы, алуан өлеңдер үлгісін қалдырды. Абай мұралары — адамгершіліктің, имандылықтың, биік парасаттылықтың асыл қазынасы. Осыған орай Абай шығармашылығын жинақтау, жүйелеу мақсатындағы презентация сайысын бастайық.

Сайысымызды бастамас бұрын экранға назар аударайық! Абайдың жетінші қара сөзі оқылады.

«Өлді деуге болама айтыңдаршы, өлмейтұғын артында сөз қалдырған...» тақырыбында презентация сайысына қатысатын ұландарды бағалау торкөзі

Аты-жөні

Сыныбы

Графикалық

редакторды

қолдануы

Жоба мазмұны

Сөйлеу шеберлігі

Жалпы

балы

1

Балабек Бердияр

10Г

 

 

 

 

2

Әлішер Думан

10Д

 

 

 

 

3

Төлебай Шыңғыс

10Д

 

 

 

 

4

Қалдыбай Абай

11В

 

 

 

 

5

Қалидин Мақсат

11В

 

 

 

 

6

Жанұзақов Даулет

11Г

 

 

 

 

7

Далабай Бекзат

11Г

 

 

 

 

8

Рахымбаев Нұрлан

11Г

 

 

 

 

9

Бегалиев Мырзакелді

11Е

 

 

 

 

10

Темірғали Амандық

11Е

 

 

 

 

11

Кәрім Ғалымжан

11Е

 

 

 

 

Дайын болған өнімнің көрсетілу әдісі: Презентация

Дайын болған жұмыстың болашақта пайдалану орны мен қызметі: Дайын болған презентацияны сынып сағаттарда, ата-аналар жиналысында, жаңа оқу жылында үгіт-насихат ретінде ұландарға көрсету үшін.

Қорытынды.

Әділ-қазылар, қатысушылар тарапынан тілектер, ұсыныстарын қабылдау. Жеңімпаздарды марапаттау.

ӨТІЛГЕН САЙЫСҚА ТАЛДАУ

Ия, бүгінгі таңда қоғамның тынысы — компьютер десек, онда келесі іс-шараның өз деңгейінде жоғары боп өтілуіне талас болмады. Г. Б. Жангирова — информатика пәні мұғалімі. Ол ұландардың информатика сабақтарында алған білімдерін «Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған...» атты іс-шарасында презентация қорғау арқылы бағаламақ болды. Осы іс-шараға қатысуға ниет еткен ұландардың саны көп болды. Г. Б. Жангирова ұландардың жасаған әрбір жұмысына терең мән беріп, оның сауатты орындалуын қадағалады. Әрбір слайдтың неге сүйеніп жасалынғанын ұланнан сұрап біліп, өз ақыл-кеңесін айтып отырды. Презентацияда көрсетілген тарихи даталардың, топонимикалық атаулардың, келтірілген сөйлемдердің дұрыс жазылуын тексеруде тарих, география, қазақ тілі пәндері мұғалімдерінің көмегіне сүйенді. Абай поэзиясының тақырыптарымен құралған әрбір презентация ақынның өз әндерімен нәрленіп отырса, ал кейбірі кіші-гірім өзгеріске енген Абайдың заманауи әуендеріне сүйемелденіп жасалған. Әрбір презентацияның өзіндік ерекшелігі бар. Презентация оқушының информатика сабағында алған білімі мен шығармашылық қабілетінің жетістігін және өзіндік мінез-құлқын байланыстыратын жұмыс. Оқушыға презентация қорғауда регламент беріліп, интербелсенді тақтада көрсетілген жұмысымен қатар сахна мәдениетіне, айтып жатқан ауызша мәтін шынайылығын сараптап, әділ-қазылар өз әділдігін айтып жатты. Әділ-қазылар қорғаушы ұланның өзіне қойылған сұрақтарға дұрыс жауап берумен қатар, өзі де басқа презентация қорғаушыларға сұрақтар қоя отырып, белсенділігін танытуын қадағалап отырды. Презентация сайысында:

1-Орын 11 «В» сынып оқушысы Қалдыбай Абай;
2-Орын 11 «В» сынып оқушысы Қалидин Мақсат;
3-Орын 10 «Г» сынып оқушысы Балабек Бердиярлар жүлделі орындарға ие болды.

Категория: