Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыш» еңбегінің қоғамдық маңызы

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

Қасабаева Жазира Назаркызы қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, екінші квалификациялық категория, КММ «№ 48 жалпы білім беру орта мектебі» Қарағанды қаласы

Қасабаева Жазира Назаркызы

Бірден айту керек, «Әдебиет танытқыш» — Ахмет Байтұрсыновтың эстетикалық-философиялық танымын, әдебиетшілік көзқарасын, сыншылық келбетін толық танытатын жүйелі зерттеу, қазақ филологиясының орны ерекше зор, айтылған ойларының тереңдігі мен дәлдігі арқасында болашақта да қызмет ететін, ешқашан маңызын жоймайтын қымбат, асыл еңбек.

Ұлттық әдебиеттану ғылымы қазір қолданып жүрген негізгі терминдер, категориялар, ұғымдардың қазақша өте дәл, ықшам, оңтайлы баламаларының басым көпшілігі тұңғыш рет осы зерттеуде жасалғанын ашып айтатын уақыт жетті. Бұл ретте, Ахмет Байтұрсынов — тіл терминдерін жасауда қандай кемеңгер, данышпан болса, әдебиеттану, өнертану, фольклортану терминдерін жасауда да сондай кемеңгер, данышпан.

Ғасырлар тоғысындағы қоғамдық-экономиканың қалыптасуы, жаңа үкіметтің орнығуы, халықты жаппай сауаттандыру үшін оқу-ағарту шаралары жедел жүзеге асырылған кезең. А.Байтұрсынұлының әдеби-эстетикалық тұжырымдары мен әдебиеттегі жүйелеуге қосқан үлесі туралы әдебиеттанушы-ғалымдар: «ХХ-шы ғасырдың басын-да әдебиеттану салада нақты іс атқарған, өзгелерге үлгі көрсеткен А.Байтұрсынұлы болды» дейді.

Оның «Әдебиет танытқыш» атты еңбегі-ұлттық әдебиеттанудың әлемдік ғылымдағы зерттеулерге-деңгейлес, әдеби ұғым түсініктердің тұңғыш рет ұлттық ұғымға лайықталған, арнайы «пән сөздері» жарияланған ғылыми зерттеу екенін айтады. Академик З.Қабдолов 1988-ші жылы ғалым есімі, ақталғаннан кейін, А.Байтұрсынұлының әдеби мұрасы хақында «Әдебиет танытқыш» — тұңғыш қазақы трактат, әдебиет теориясының басы» екенін, кітаптың қадірі мен қасиеті, тарихи мәні мен маңызы кешегі кеңес кезінде бұрмаланғанымен, әлем ғалымдары арасын-да ғылыми тұрғыдан мойындалған ғылыми зерттеу еңбек екендігін ашып жазды, бүгінгі таныммен талдап таратты [50, Б. 70–80; Б. 38–41].Академик Р.Нұрғали «Күлтегін» баспасынан жарық көрген өзінің «Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры» атты зерттеу-еңбегінде «Әдебиет танытқыштың» қазір Алматыда сақталған кітаптарының соңғы беттері жыртылғандықтан, еңбектің тексті түгел берілмей отыр.

Зейін салған кісі, аңғарса керек, А.Байтұрсынов былай дейді: «ұстасу шығармалар қайраткердің түріне қарай үшке бөлінеді: 1) әлектеніс; 2) азаптаныс; 3)әуреленіс. Осылардың біріншісі — әлектеніс пен үшіншісі әуреленіс тал-данады, ал екіншісі — азаптаныс жоқ. Сондықтан сақталған кітап бойынша болашақта «Әдебиет танытқыштың" толық текстін табу міндеті тұр, тағы бір мәселе әр түрлі жанрлық формаларды талдап болғаннан кейін А.Байтұрсынов әр жерде бұларды нұсқалықтың пәленше нөмірлерінен қара деп ескертеді. Ендеше „Әдебиет танытқыш“ оқулық, оның хрестоматиясы — нұсқалығы да болған ғой. Ғасыр саңлағы: Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық ғұмырбаяны [201.]. Қысқасы, Ахмет Байтұрсыновтың ұлы еңбегі „Әдебиет танытқыш“ төңірегінде әлі-де көп зерттеулер жүргізу керек» деген толғақты ойын әдебиеттанушы ғалымдарға арнайды [52, 35-б.].

Шындығында, қазақ әдебиеттану ғылымына негіз болған бұл зерттеу еңбектің келешекте арнайы кешенді түрде зерттейтін өзекті тақырып. Еңбектегі әдеби терминдер бұл күні әдбен халықаралық терминдерге бой алдырған әдебиеттану ғылымының сөздік қорын қазақыландыруға септігі тиер еді. Академик Р.Нұрғалиұлы: «„Әдебиет танытқыш“ әдебиеттанудың әлемдік терминологиялық стандарт-деңгейіне көтеріліп, шет сөзді араластырмай,қонымды, ықшамды, бір-бірімен сабақтас, ұйқас, ұялас ұғымдардың тұтас ұлттық қазақы жүйесін жасап берді.

Олардың басым көпшілігі автор репрессияға ұшырап, кітаптың тыйым салынғанына қарамастан әдеби тілге кіріп кетті. Интернационализм дегенді желеу етіп, шет тілді зорлап ендіру науқаны тұсында әдебиеттанудың да шұбарланғанық.Әрине қазір роман, лирика, драманы ұзақ әңгіме, толғау, айтыс-тартыс деп өзгерту мүмкін болмас, бірақ А.Байтұрсынұлы жасаған бірталай терминдер, сөздер қолдануға сұранып тұр» дейді [52, 36-б.].

Әдебиетші-ғалым Т.Кәкішұлы «Әр дарынның тарихта өз орны бар» атты мақаласындағы А.Байтұрсынұлының сол жылдары егемендікке ұмтылудың, азаттық алудың бірден-бір жолы оқу мен білім алып, ой-сананы дамытуда екендігін жете ұғынып, оны белгілі дәрежеде «ағымға айналдыруға мұрындық" болғандығына баса көңіл бөледі [54]. Қазақ елінің болашағы үшін қаламымен күрескен қайраткердің қоғамдық белсенді қызметі мен публицистикалық еңбектері, ғылыми зерттеулеріндегі пікірлері ғалымның осындай қорытындыға келуіне негіз болды.

«Әдебиет танытқыш» туралы, ондағы атаулар мен терминдердің қазақ әдебиетінің барлық ұғым-түсінігіне сай келетінін айтып, зерттеуші: «Мұндай еңбек бізде бұған дейін-де, бұдан кейін-де қайталанған жоқ. Ол — әдебиет теориясы мен әдебиеттану ғылымының міндет-парызын қатар атқарып, біздің алдыңғы, ағаларымыздың эстетикалық сауатын ашуға мұрындық болған жүйелі оқулық. Ондағы анықтамалар мен терминдердің өзі күні бүгінге шейін біздің ғылыми арсеналымыздан орын алатын құнды қағидалар мен атаулар. Көркемдік әлеміндегі сөз өнерінің сай-саласын ұғындыратын „Әдебиет танытқыш“- қазақ әдебиеттану ғылымының негізін қалаған өміршең қондырғы-фундамент» деген қорытындыға келеді [54, Б. 102, 210–211].

Әдебиеттанушы Т.Кәкішұлы ғалымды қазақ әдебиеттану ғылымының негізін қалаған зерттеуші ретінде бағалайды. Ол қаламгер еңбектерінен нақты мысалдар келтіре отырып, тарихи деректер негізінде пайымдаулар жасайды. 2000-шы жылы қаламгердің бұрын-соңды ғылыми ортаға таныс емес «Қалам қайраткерлерінің жайынан» деген мақаласын жариялады. Зерттеуші бұл мақаланы көпшілікке таныстырып отырғандағы мақсатын: «…мұндай мұраларды жариялау бізге керек…

Кешегісіз бүгін жоқ, бүгінгісіз ертеңнің кірпіші қаланбайды. Ұрпақтар сабақтастығы дегеніміз-де, міне, осы» дейді. Әрі осы мақалының астарынан бәле іздеген өз қандастарымыз, Ахметті партиядан шығарып тынғанынан мағлұмат береді. Десе-де бұл тарихи маңызы зор мақала «Ахаңның азаматтығын айқын танытқан, интернационалистерді үркітіп, айғай-шу шығарған, «ұлтшылдықтың манифесі» деген баға береді әдебиеттанушы ғалым Т.Кәкішұлы.

Орыс ғалымы А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышын» жеке дара алып қарастырмаса да, анықтамалығында «әдебиет теориясын» жазғанын айтты. Жалпы, «көркем өнер, оның ішінде әдебиеттің барлық болмысы мен бітімін, көркем шығарманың сыры мен сипатын, әдеби дамудың мағынасы мен мәнін анықтау жолында ұлттық әдеби-теориялық ой-пікірді ғылыми бір жүйеге түсірген, әдебиет теориясына ұлттық сипат дарытуда терминдердің қазақша мағынасын тапқан автордың жан-қиярлық еңбегінің жемісі» деп тұжырым жасаған.

Қорыта айтқанда, «Әдебиет танытқыш» — қазақ әдебиеттану ғылымының алғашқы іргетасын қалаған қондырғы. 2007 жылы — Ұ.Еркінбаев «Ахмет Байтұрсынұлының „Әдебиет танытқышы“ ХХ ғасыр басындағы әдебиеттану контексінде» [56], 2010 жылы — А.Ойсылбай «Ахмет Байтұрсынұлының „Әдебиет танытқышындағы“ сөз өнері мен поэтика мәселелері» кандидаттық диссертациялар қорғалып, нәтижесінде ғылыми негізде тұжырымдалған ой-танымдар мен соны ұсыныстар әдебиеттануға жаңа арна болып қосылды [57].

Әдебиет әлеміндегі әфсаналары ұлт басылымы «Қазақтың» тұңғыш санын шығарғанда, осы газеттің бас редакторы А.Байтұрсынұлы былай деген екен: «…Өзіміздің елімізді сақтау үшін бізге мәдениетке, оқуға, ұмтылу керек. Ол үшін ең алдымен әдебиет тілін өркендету керек. Өз алдына ел болуға, өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз. Бұл мәселеде біздің халымыз оңды емес. Осы күні орыс школы мен татар мектептерінде оқып шыққандар қазақ тілінен алыстап барады. Бұл, әрине, жаман әдет. Егер тілге осы көзбен қарасақ, табиғат заңына бағынбай, біздің ата-бабаларымыз мың жасамаса, ол уақытта тілмен-де, сол тілге ие болған қазақ ұлтымен-де мәңгі қоштасқанымыз деп білу керек. Егер оны істегіміз келмесе, осы бастан тіл, әдебиет жұмысын қолға алып, өркендететін уақытымыз жетті» [32].

Осы айтқандарының үдесін бірінші болып өзі үлгі-өнеге, жол көрсетті. Оған айғақ — оның қаламынан шыққан: «Қырық мысал» (1909, 1913,1922), «Маса» (1911,1914, 1922) жинақтары мен фольклорлық мұрасы «Ер Сайын» (1923), «23 жоқтау» (1926).

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Байтұрсынұлы А. (Қол қойған: Маса). Кітаптар жайынан // Айқап № 1, Б. 12–13, 1911; Оқыту жайынан // Қазақ № 29, 7 қыркүйек 1913.
  2. А.Байтұрсынұлы еңбектерінің картотекасы. Қазақстан Республикасы ұлттық кітапханасының Сирек қор кітаптары.
  3. Әуезов М. Ақаңның елу жылдық тойы // Ақжол, 4, ақпан 1923.
Категория: