Международный творческий экспресс-конкурс «Вот оно какое, наше лето!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья, посвященном летнему отдыху

 

Абайдың нұрлы ақылы

 

Версия для печатиВерсия для печати
 

Нұрпеисова Гүлнұр Танатқанқызы, қосымша білім беру педагогы, «Қостанай қаласы әкімділігінің білім бөлімінің аула клубы» КММ, Қостанай қаласы

Абай Кунанбаев

Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!
Абай

Ұлы Абай болашақ ұрпаққа сөзін осылай арнады. Өскелең ұрпақ — біздің жарқын болашаққа деген үмітіміз. Дұрысы, оның өзі — болашақ, ғасырлар бірін-бірін ауыстырып, ұрпаққа аға буын жинақтаған білім мен тәжірибені табыстау өте маңызды.

Михаил Ломоносов — «Өз өткенін білмейтін халықтың болашағы жоқ» деген, сондықтан біз ұлы Абайдың мұрасын өскелең ұрпаққа жеткізуге тиіспіз. Абай Құнанбаевтың шығармашылығы арқылы балаларға еңбекқорлық, адалдық, Отанға деген сүйіспеншілік сияқты адамгершілік құндылықтарға баулуға тиіспіз. Оларға әлеуметтік ортада оңалтып, шығармашылық әлеуетін дамытуға көмектесуіміз керек. Бұл үшін Президентіміз айтқандай «Тәрбиені аға буыннан бастауымыз қажет, оларға қарап жастар да өседі». Өйткені бала біздің айтқанымызды істемей, көргенін істейді. Сондықтан біз Абай еңбегін зерделеп, ары қарай даму үшін оның «Қара сөздерін» ұғынуымыз тиіс.

Абайдың қара сөздері, оның туындылары өскелең ұрпақ үшін рухани мұра болып табылады. Өз сөздерінде ол жас ұрпақты білім алуға, өз дағдыларын жетілдіруге шақырып, надандық пен еріншектікке қарсы болды. Ұлы Абай жас ұрпақты қоғамда өз орнын тауып, өз білімін елді дамытуға уағыздады.

Ақынның «жетінші сөзі» мына сөздерден басталады: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі — ішсем, жесем, ұйқтасам деп тұрады.... Біреуі — білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, „ол немене?“, „бұл немене?“ деп, „ол неге үйтеді?“ деп, „бұл неге бүйтеді?“ деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі — жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген.». Міне, осы жан құмарын біз, қосымша білім беру педагогтары ретінде, бала жан-жақты дамып, танып-білуі үшін толтыруымыз тиіс.

Абайдың қара сөздері бүгінде де балалар мен жастар үшін зор тәрбиелік мәнге ие. Ұлы ағартушы мен педагог «Әуелі — пенде адам болып жаратылған соң, дүниеде ешбір нәрсені қызық көрмей жүре алмайды. Сол қызықты нәрсесін іздеген кезі өмірінің ең қызықты уақыты болып ойында қалады» деген. Қызығушылығы бойынша үйірмедегі дәрістерді тәрбиеленушілердің есінде қалдыру, оларға дұрыс бағыт беру, отансүйгіштік, ұлттық дәстүрге деген сүйіспеншілік, адамгершілік пен қайырымдылық рухында тәрбиелеу -тәлімгер ретіндегі біздің міндетіміз.

Өскелең ұрпақ өзі өсіп тәрбиеленетін ортаны бойына сіңіреді. Болашақ ұрпашаққа өзі әртүрлі бағытта жүзеге асырып, үйлесімді жеке тұлға болу мүмкіндігін беру қажет. Егер Абай нақылын өскелең ұрпақты тәрбиелеуде пайдалансақ, мен Қазақстанның жарқын болашағына сенемін.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы.. https://www. akorda.kz/kz/events/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaevtyn-abai-zhane-hhi-gasyrdagy-kazakstan-atty-makalasy
2. Абай қарасөз, поэмалар жинағы. Алматы, 1993 ж