Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Жаңалық — уақыт талабы

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

Тұрбекова Майрамгүл Бақытқызы Маңғыстау облысы Ақтау қаласы № 13 орта мектеп гимназиясы бірінші (ілгері) деңгей қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Тұрбекова Майрамгүл Бақытқызы

«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін-білім» — деп ұлы жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай, тәуелсіздік туын тіккен елімізді өркениетке бастар жолдың бастауы — мектеп. Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, өнуі, әлемде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты. Н.Ә.Назарбаев халқымыздың болашағын тереңнен толғай отырып: «Мемлекетіміздің ең басты дүниесі тек қана табиғи байлық емес, сонымен қатар жасөспірім ұрпағы, өйткені олар-біздің ұлтымыздың болашақ айнасы,» — деп атап көрсеткен. Қазіргі таңда деңгейлік білім сатысы оқуларынан өткен мұғалімдердің басты мақсаты-ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде жұмыс жасайтын, дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға даярлау.

Жеке тұлғаны дамытуға бағыттылған оқыту түрінің бірі — сындарлы оқыту. Сабақта оқытудың жеті модулін қолдану арқылы біз оқу материалын меңгеру үрдісінде тұлғааралық байланысты жүзеге асыратын мүмкіндіктерге қол жеткіземіз. Шындығында, топтық жұмысты ұйымдастыру барысында оқушылар арасында өзара қарым-қатынас өздігінен туындайды. Ол байланыстың нәтижесі оқу әрекетіндегі жетістіктеріне байланысты. Оқытудың жеті модулін қолдана отырып, мұғалім алдына нақты, өлшеуге болатын, қолжетімді, шындыққа негізделген мақсат қояды:

• меңгерілетін пән мен жалпы білім беру жоспарына уәжі мен қызығушылығын ояту;
• талдау дағдысын, сыни тұрғыдан ойлау, өзара қарым-қатынасын дамыту;
• оқу үрдісінде мұғаліммен, топ мүшелерімен және басқа оқушылармен ойлау әрекеті мен диалогтік қарым-қатынас белсенділігін дамыту, өзіндік дамуын арттыру.

Сонымен қатар сабақ үрдісінде оқушыны жұмыс жасауға үйрету және дағдыландыру. Мәселен:

• берілген проблема бойынша ізденіс және саралау;
• проблеманы талдау;
• әрекеттің бағыты мен міндетін, мақсатын анықтау;
• мүмкін болатын жауаптардың нұсқасын әзірлеу;
• проблеманы шешудің тетігін анықтау;
• бағдарлама жасау.

Оқушылардың белсенділігін басып тастамау үшін және оларда дағды қалыптастыру үшін:

• барлық оқушылар материалды меңгеруге, іскерлік пен дағдыны игеруге қабілетті;
• оқушылар мұғалімнің олардың қабілеті мен күшіне сенетінін білуі керек;
• оқушыларға білім мен іскерлікті басқа біреуден көшіргенші, өз бетінше үйренгені артық екеніне иландыру.

Қазіргі уақыт талабы-шәкірт білімінің тереңдігі. Бұл-мұғалімдерге жүктеліп отырған үлкен міндет. «Мектептің тірегі де, тілеуі де оқыта білетін мұғалім» — деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, жас ұрпаққа заман талабына сай жан-жақты білім беру мүмкін емес. Озық ойлы білімдар адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне өз үлесін қосады. Осындай қоғамдық, әлеуметтік дамулар мектептің оқу үдерісіне әсер етеді. Соңғы жылдары мектеп мұғалімдері оқыту мен тәрбие беруді жақсарту бағытында түрлі педагогикалық технологияларды қолдануда. Біз мұны оқу-тәрбие кезіндегі өзгерістерден байқаймыз. Бүгінгі таңда Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын ең басты педагогикалық түсінік — оқытудың жеті модулі. Деңгейлік курста үйренген қысқа мерзім, орта мерзім және ұзақ мерзімді жоспарларды жасақтау, коучинг пен тәлімгерлік сабақтарды өткізу мектеп мұғалімдері үшін жаңалық болса, желілік қауымдастық бағдарламаны бітірген әріптестерім үшін тәжірибе алмасу орталығына айналды. Осындай жаңа серпілістің пайда болуына септігін тигізіп отырған Оқытудағы Кембридж тәсілдерінің теориялық негіздері уақыт талабына сай қажеттілік екеніне көзіміз толықтай жетті.

Категория: