Бугубаева Гульбаршин Тлеулесовна, учитель казахского языка и литературы, первая категория, ГУ «Раевская средняя школа» Акмолинская область, Шортандинский район, село Раевка |
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгеру.
Сабақтың көрнекілігі: маркерлер, флипчарт, интерактивті тақта, суреттер, слайдтар.
Сабақтың әдіс — тәсілдері: интерактивті әдіс, СТО элементтері, оқытудағы жаңа әдістері
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет.
1 Сәлемдесу.
2 Кезекші есебі.
Астананың көрнекті орындары туралы хабарлама дайындап, тұсаукесер жасау. Қазақстанмен шекаралас мемлекеттердің астаналарын жазып келу.
— Біздің Отанымыз қалай аталады?
— Қазақстан қандай мемлекет?
— Қазақстан қандай мемлекеттермен шекараласады?
— Осы мемлекеттердің астаналарын атаңдар.
Ресей — мәскеу, Қытай — Пекин, Өзбекістан — Ташкент, Қырғызстан — Бішкек, Түрікменстан — Ашхабад.
— Ал қазір мына бейнеклипті тамашалайық. Астана туралы бейнеклип көрсетіледі.
— Бейнеклип қай қала туралы?
— Ендеше, балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы сонда қандай болды?
— Дұрыс айтасыңдар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Астана — бас қала».
Жаңа сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құру.
Астана қаласының тарихы.
Астана 1832 жылы Есіл өзенінің жағасында қазақ — орыстар әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады.
1862 жылы Ақмола қала мәртебесін алады.
1997 жылы Егемен Қазақстанның Президенті Н.Ә. Назарбаев Жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады.
1997 жылы Қазақстанның астанасы Ақмола болды.
1998 жылы 6 мамырда жаңа елорданың атауы Астана болып өзгертілді.
1998 жылы 10 шілде Қазақстанның жаңа елордасы — Астананың халықаралық тұсауы кесілді.
1 ) Топтық жұмыс
— Мәтінді түсініп оқып шығыңдар;
— Кезекпен оқып, аудару
— Әр сөйлемге сұрақ құрастырыңдар;
— Консультанттар бағалау парағына өз топ мүшелерін жұмысқа қатысқанына қарай бағалайды.
2 ) Диалог О — О топтар бір — біріне сұрақ қойып, өзара сұхбаттасады.
3 ) Бір — бірін бағалайды (формативті бағалау)
— «Бәйтерек». Бұл — Астана қаласының символы. Бәйтеректің биіктігі — 97 метр, салмағы 1000 тоннадан астам, 2002 жылы орнатылған. 97 метр болу себебі Астана қаласы Қазақстанның астанасы болып 1997 жылы атанды. Бәйтерек — Есілдің сол жағындағы бой көтерген алғашқы сәулет туындысы.
— Президент сарайы «Ақорда» Есілдің сол жағалауында орналасқан. Ақорда ғимараты 2004 ( екі мың төртінші) жылы салынған. Ғимараттың биіктігі 80 метр. Ол 7 қабаттан тұрады.
— «Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті» 1996 жылы 23 мамырда ашылған. Ол Н.Ә.Наззарбаевтың қаулысымен ашылған. Онда жоғары деңгейде көптеген мамандықтар бойынша білім беріледі.
— Астана қаласында көптеген ескерткіштер бар. Олар: Үш би: Төле би, Қазыбек би, Айтеке би; Кенесары хан; Сәкен Сейфуллин; Абай; Мәңгілік ел, тағы басқа.
— Балалар, сендер әлемдегі ең ғажап орындарды бейнеклиптен тамашаладыңдар. Біздің еліміздің бас қаласында ЕКСПО — 2017 өткізілетінін білесіңдер. Сендер біздің еліміздің болашағысыңдар, келешекті жасаушыларсыңдар, сондықтан келесі тапсырма Елордамызда қандай ғажап орын салар едіңдер.
1832, 1862, 1997, 1998 жылы 6 мамыр, 1998 жылы 10 шілде.