Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Урок казахского языка в 6 классе «Астана — бас қала»

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

Бугубаева Гульбаршин Тлеулесовна, учитель казахского языка и литературы, первая категория, ГУ «Раевская средняя школа» Акмолинская область, Шортандинский район, село Раевка

Урок  казахского языка в 6 классе «Астана — бас қала»

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: оқушылардың білімдері мен түсініктерін кеңейту, алған білімдерін пысықтау;
  • Дамытушылық: ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру; оқушылардың дүниетанымын кеңейту; ауызша ойлау мен сөйлеу қабілетін дамыту; өзара сұхбаттасуда сұрақ қоя білуге үйрету;
  • Тәрбиелік: туған жеріне деген сүйіспеншілігін, туған қаламызға деген патриоттық мақтаныш сезімін туғызу, бір — біріне көмек беруге, ұйымшылдыққа, туған жерін сүйюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгеру.

Сабақтың көрнекілігі: маркерлер, флипчарт, интерактивті тақта, суреттер, слайдтар.

Сабақтың әдіс — тәсілдері: интерактивті әдіс, СТО элементтері, оқытудағы жаңа әдістері

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1 Сәлемдесу.
2 Кезекші есебі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Астананың көрнекті орындары туралы хабарлама дайындап, тұсаукесер жасау. Қазақстанмен шекаралас мемлекеттердің астаналарын жазып келу.

— Біздің Отанымыз қалай аталады?

— Қазақстан қандай мемлекет?

— Қазақстан қандай мемлекеттермен шекараласады?

— Осы мемлекеттердің астаналарын атаңдар.

Ресей — мәскеу, Қытай — Пекин, Өзбекістан — Ташкент, Қырғызстан — Бішкек, Түрікменстан — Ашхабад.

ІІІ. Жаңа сабақ

— Ал қазір мына бейнеклипті тамашалайық. Астана туралы бейнеклип көрсетіледі.

— Бейнеклип қай қала туралы?

— Ендеше, балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы сонда қандай болды?

— Дұрыс айтасыңдар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Астана — бас қала».

ІҮ. Поэзия минуты. «Астана» өлеңін жатқа айту

Ү. «Шаттық шеңбері» ынтымақтастық орта құру

ҮІ. Топқа бөлу. (тақ сандар мен жұп сандар)

ҮІІ. Сөздік жұмыс. Тыңдалым. Айтылым. Жазылым

  • Мәтінмен жұмыс алдында жаңа сөздермен танысайық.
  • Өзеннің жағасында — на берегу реки;
  • Бекініс — крепость;
  • Мәртебе — статус
  • Жарлығы — указ
  • Шешім қабылдады — приняли решение;
  • Өзгертілді — изменили;
  • Халықаралық — международный;
  • Тұсауы кесілді — презентация.

Жаңа сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құру.

ҮІІ. Мәтінмен жұмыс

Астана қаласының тарихы.

Астана 1832 жылы Есіл өзенінің жағасында қазақ — орыстар әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады.

1862 жылы Ақмола қала мәртебесін алады.

1997 жылы Егемен Қазақстанның Президенті Н.Ә. Назарбаев Жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады.

1997 жылы Қазақстанның астанасы Ақмола болды.

1998 жылы 6 мамырда жаңа елорданың атауы Астана болып өзгертілді.

1998 жылы 10 шілде Қазақстанның жаңа елордасы — Астананың халықаралық тұсауы кесілді.

1 ) Топтық жұмыс

— Мәтінді түсініп оқып шығыңдар;

— Кезекпен оқып, аудару

— Әр сөйлемге сұрақ құрастырыңдар;

— Консультанттар бағалау парағына өз топ мүшелерін жұмысқа қатысқанына қарай бағалайды.

2 ) Диалог О — О топтар бір — біріне сұрақ қойып, өзара сұхбаттасады.

3 ) Бір — бірін бағалайды (формативті бағалау)

ҮІІІ. Шығармашылық жұмыс «Астанаға саяхат» алдын ала берген тапсырма бойынша Астана қаласының көрікті жерлерінің суреттерінен слайдтар дайындалып, оқушылар белгілі слайд бойынша қосымша хабарлама жасайды.

— «Бәйтерек». Бұл — Астана қаласының символы. Бәйтеректің биіктігі — 97 метр, салмағы 1000 тоннадан астам, 2002 жылы орнатылған. 97 метр болу себебі Астана қаласы Қазақстанның астанасы болып 1997 жылы атанды. Бәйтерек — Есілдің сол жағындағы бой көтерген алғашқы сәулет туындысы.

— Президент сарайы «Ақорда» Есілдің сол жағалауында орналасқан. Ақорда ғимараты 2004 ( екі мың төртінші) жылы салынған. Ғимараттың биіктігі 80 метр. Ол 7 қабаттан тұрады.

— «Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті» 1996 жылы 23 мамырда ашылған. Ол Н.Ә.Наззарбаевтың қаулысымен ашылған. Онда жоғары деңгейде көптеген мамандықтар бойынша білім беріледі.

— Астана қаласында көптеген ескерткіштер бар. Олар: Үш би: Төле би, Қазыбек би, Айтеке би; Кенесары хан; Сәкен Сейфуллин; Абай; Мәңгілік ел, тағы басқа.

ІХ. Сергіту сәті «7 чудес света» бейнетаспадан тамашалау

— Балалар, сендер әлемдегі ең ғажап орындарды бейнеклиптен тамашаладыңдар. Біздің еліміздің бас қаласында ЕКСПО — 2017 өткізілетінін білесіңдер. Сендер біздің еліміздің болашағысыңдар, келешекті жасаушыларсыңдар, сондықтан келесі тапсырма Елордамызда қандай ғажап орын салар едіңдер.

Х. Топтық жұмыс «Астана — арман қала» флипчартта өз ойларын суретпен орындап, әр топ мүшесінің арманын көрсете білу, жұмысты қорғай білу

ХІ.Әр топ бір — бірін бағалайды. (бағалау формативті)

ХІІ. Рефлексия. «Сандарды сөйлету» ойыны

1832, 1862, 1997, 1998 жылы 6 мамыр, 1998 жылы 10 шілде.

ХІІ. Үй тапсырмасы: Астана туралы эссе жазу

ХІҮ. Бағалау (суммативті бағалау парағы бойынша)

Категория: