IV международный творческий конкурс «Пусть всегда будет солнце!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

«Тәуелсіз Қазақстан — бақытым менің»

III международный творческий конкурс «Пусть всегда будет солнце!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья
 

Версия для печатиВерсия для печати
 

Жаксыбаева Багдат Зейнхабеденовна воспитатель, стаж 12 лет, первая категория. Коммунальное государственное учреждение «Областная специализированная гимназия-интернат для одаренных детей имени Абу Досмухамбетова» акимата Северо-Казахстанской области Министерства образования и науки Республика Казахстан

«Тәуелсіз Қазақстан — бақытым менің»

1. Экран. 4 минуттық бейне сюжет. Тәуелсіздік алаңы

2. Фанфары

1-жүргізуші:

Армысыздар құрметті ұстаздар, тәрбиешілер, қонақтар және оқушылар! Еліміздің тәуелсіздік күні баршаңызға құтты болсын! Бабалардың арманы, аналардың тілегі болған тәуелсіздік жиырмасыншы ғасырдың аяқталар тұсында біздің майданымызға дарып, алақанымызға қонды. Азаттық деген осынау қасиетті ұғымды жақындату үшін талай ерлердің жаны қиылды!

Бүгін біз дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанына арналған «Тәуелсіз Қазақстан — бақытым менің» атты салтанатты жиынды ашық деп жариялаймыз.

Ән ұран ойналады

2-жүргізуші:

1986 жылы 16 желтоқсанда қазақ елінің азаттық көктемі үшін, солақай саясатқа қарсы алғаш рет бас көтеріп, құрбан болған ұлдарымыз жайлы сыр шертпекпіз. Ол оқиғаны ешбір қазақ азаматы ұмытуға тиіс емес.

Қойылым «Желтоқсан ызғыры»

1-жүргізуші:

Жас арудың жанарында — Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында — Желтоқсан.
Қаралы өмір қайыстырылған халқымның,
Қара тұман қабағында — Желтоқсан,
Жауыздықты жазқаған да — Желтоқсан.

2-жүргізуші:

Жаңа ғұмыр бастағанда — Желтоқсан,
Жазықсыздың көз жасына жуынып,
Абақтыға тастаған да — Желтоқсан.
Намысымның шырағы да — Желтоқсан,
Сұрқай өмір сынағы да — Желтоқсан.
Жігіттердің ұраны да — Желтоқсан

1) Музыкалық номер: «Желтоқсан желі»

1-жүргізуші:

Ғасырлар бойы тәуелсіздік деген қасиетті ұғымның шоқтығы қазақ елі үшін биік тұратын. Сол себепті әрқайсымыз үшін Тәуелсіздік күні — еліміздің басты мерекесі болып қала бермек.

Құттықтау сөз кезегін мектебіміздің директоры Тукенова Күлжан Жұмашқызына береміз

Би: бастауыш сынып

Слайд

1-жүргізуші:

Тәуелсіздігіміз тасадағаны жарыққа шығарды, ақталмағанды ақтады, бағаланбаған еңбекті бағалады, кеш те болса, құрметтей де, сүйе де білді. 16- желтоқсан — ұлы ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы күн еді. Бұл қасіретті кін Қайрат, Қайыркелді, Түгелбай, Сәбира, Ербол, Ләззат сынды жүздеген, мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық күні, өктемдік үні еді.

1 минуттық үнсіздік жариялаймыз (метроном)

Музыкалық номер «Тәуелсіздік» Анель 10 сынып

1-жүргізуші:

Дүр сілкінді желтоқсанда қызыл аумақ,
Ұран жазып, қып-қызыл ту көтеріп,
Жастар шықты алаңға «Елімайлап».
Алаңға шығып, ойын айтты жастарым,
Қиындық пен қатерге тігіп бастарын.
Содан барып, тоңы еріді кеңестің,
Содан кейін еркіндікті бастадым.

1-жүргізуші:

Желтоқсан оқиғасы! Аз ғана уақытта әлем назарын аударған толқу өшпейді. Өйткені азаттық аңсаған, теңдікті талап еткен ел есінде де ол мәңгі қалады. Желтоқсан қозғалысының ақ- қарасын айыруға ат салысқан азамат ақын Мұхтар Шаханов еді. Сонымен қатар желтоқсан қозғалысында алаш азаттары да өз наразылықтарын білдіріп, қасиеттері қазағының намысын қорғады.

1-жүргізуші:

1986 жылдың желтоқсаны бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне ызғыр шашып кетті, бостандық үшін өрімдей жап- жас қыз- жігіттер құрбан болды. Біз әрдайым Қайрат сынды ағаларымыздың от жүректі үніне, қыздардыі намысын қорғаған ерліктеріне, күнәсіз күйіп кеткен келбетіне бас иеміз!

Музыкалық номер: «Елім ай»

2-жүргізуші:

Тәуелсіз мемлекетіміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ халқының егеменді заманда жаңаша, ерекше өрлеуі мен өркендеуі жолында тынымсыз еңбек етуде! Жиырма екң жыл ішінде елдің әл әуқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісінде қыруар жұмыстар жасадық. Елімізде, білім, денсаулық, спорт салалары айрықша даму үстінде.

1-жүргізуші:

Тәуелсіздік — біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз. Жас мемлекет тарихындағы жаңа дәуір дәл осы Тәуелсіздіктен бастау алады.
Дәуір жасампаздығы сенімді және серпімді дамуға байланысты. Халқымыздың тәуелсіздігінің басты белгісінің бірі, ол, әрине, жарқырап, жайнап тұрған келбетті қаламыз Астана!

2-жүргізуші:

Қазақстан көп ұлтты байтақ ел
Жасырмайын, жетістігін айтам мен
22 жыл құтты болсын мерекең
Жаса елім, жасампазым, жайсаң жер!

Музыкалық номер «Туған жерім алтын бесігім»

1-жүргізуші:

Тәуелсіздік — ең басты құндылығымыз. Бұл күнге сан ғасыр бойы армандап жеттік. Тәуелсіздікке қан төгәссіз, бейбіт түрде қол жеткізіп, елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қостық. Тәуелсіздік — тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінгі күнге дейін барлық жетістіктерімізге тәуелсіздіктің арқасында қол жеткізіп келеміз.

Монтаж оқушылар

Қазақстан! Туды алтын дәуірдің,
Алғандайсың жұлдыздардың жарығын
Алтын заңың құтты болсын қынбаттым
Туған күнің құтты болсын алыбым!
Армандарды жақындатқан тым алыс
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс
Егемендік ел бақыты ертеңі
О, халайық құтты болсын қуаныш.

2-жүргізуші:

Атыңнан айналайын, егемен ел
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер!
Шырқасын, шарықтасын байрағымыз
Халқыма, ел-жұртыма береке бер!

Музыкалық номер «Атамекен»

«Тәуелсіз Қазақстан — бақытым менің»

2-жүргізуші:

Біз үшін Тәуелсіздік күні — ең қастерлі күн. Біз білсек қазір қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заманда өмір сүріп жатырмыз. Бұл кез келген мемлекеттің жете бермейтін жетістігі.

1-жүргізуші: Құрметті қонақтар 16 желтоқсан күніне арналған «Тәуелсіз Қазақстан — бақытым менің» атты салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз!