5 международный творческий конкурс «Золотая осень» для детей, педагогов и воспитателей

 

 

Тақырыбы: «Жас өнерпаз шеберлердің кездесуі»

VI Республиканский творческий конкурс «Моя Родина — Казахстан» для детей, педагогов и воспитателейПятый международный творческий конкурс «Золотая осень» для детей, педагогов и воспитателей Второй международный творческий конкурс «Абай әлемі» для детей, педагогов и воспитателейЭкспресс-публикация Отправить материал на публикациюСертификат о публикацииПубликация на портале «Азбука.kz»СвидетельствоПортфолио учителяЯндекс.Толока — заработок в интернете

Частное учреждение «Средняя школа в честь прп. Сергия Радонежского»
 

Версия для печатиВерсия для печати

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Новоишим ауылы КМҚК «Дюймовочка» балабақшасы І санатты тәрбиеші Магзумова Алма Елтайқызы

Магзумова Алма Елтайқызы

Мақсаты: балалардың ұлттық өнерге сән және қол өнер түріне деген сүйіспеншіліктерін, шығармашылық, эстетикалық — көркемдік дамуларын, тұрмыс салт дәстүріне деген қызығушылықтарын ояту, ойлау қабілеттерін, мақал- мәтел арқылы тілдерін, сөздік қорын байыту, бейнелеу өнерінің жаңа тәсілдерін меңгере білуге, ептілікке баулып үлкендерге деген силастыққа Отанын сүйіп, бір-біріне деген қамқорлықтарын дамытып, тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

А. Е.Қайырлы таң құрметті қонақтар. Бүгін біздің мына шағын шеберханамызда нағыз шебер өнерпаз балалардың кездесуі өтпек. Өздеріңіз білесіздер біздің халқымыздың өнер түрлері әр алуан. Соның ішінде сән және қол өнер түрлері сонау арғы атамыздың өмірінен басталады. Талай жылдар атадан- әкеге, әкеден балаға мұра ретінде қалып дәстүріміз жалғасып келеді. Халық өнері талай сындардан өтіп, талай тепкіге шыдап мына біздің заманымызға өз сапасын өз сәнін сақтап жетіп отыр. Атамыз қазақ «Өнерлі бала сүйкімді», «Өнер көзі халықта», — деп бекер айтпаған, міне осы өнерді әрі қаорапй ұрпақтарға жеткізетін қазіргі мына кішкентай өнерпаздар. Сіздер оларды ақ көңіл, жылы жүзбен қарсы алыңыздар.

1. Суретшілер тобы кіреді

Қайырлы күн құрметті қонақтар! Сәлеметсіздер ме?

Сәлеметсіңдеорме, балалар келгендерің қандай жақсы болды, мен де, қонақтар да сендерді асыға күтіп отырмыз. Ал сендеро қандай өнер түрімен айналысасыңдар? Қолдарыңнан қандай іс келеді?

Дайын қағаз қаламым,
Бояу таңдап аламыз.
Ақ көгершін, кең аспан
Суретін біз саламыз.

А. Е. Енді түсінікті болды, сендер кішкентай суретші болдыңдар ғой, олай болса төрге шығып, орындарыңа отырыңдар. Мен басқа өнерпаз балаларды қарсы алайын.

Батырлар кіреді.

Музыка. Құрманғазы күйі «Адай»

Балалар батырлар биін билейді.

1. Сәлеметсіздер ме
2. Күн жақсы болсын

Бәрі иіліп сәлем береді.

А. Е. Мына билеріңмен сендер өздеріңнің еліміздің нағыз батырлары «ел қорғайтын азаматтары» екендеріңді айтып бердіңдер, басқа сөздің бәрі артық, жоғары шығыңдар батырлар.

Әдемі ұлттық киім киген қыздар кіреді.

1. Қайырлы таң бәріңізге тілейміз.
2. Аспан ашық болсын
3. Денсаулық тілейміз
4. Балабақшамыз жайнай берсін.

А. Е. Сәлеметсіңдерме, қыздар өздерің қандай әдемісіңдер, тілектерің де сондай жақсы, рахмет бәрі де орындалсын. Ал сендер ше, сендер қандай өнер елінен келдіңдер

Қыздар: Біз тігінші қыздармыз.
Шебер біздің әжеміз де,
Шебер біздің анамыз да
Шебер болған апам да
Біз де шебер боламыз.

А. Е. Шебер қыздар хош келдіңдеро, басқа өнер иелері шеберханада сендерді күтіп отыр, өтіңдер жоғары шығыңдар.

Мінекей, өнерпаз балалардың бәрі де шеберханаға жиналды, енді біз өнер туралы, қол өнер туралы әңгімемені ірі қарай жалғастырайық.

Балалар, ұлттық қол өнер түрлерімен біз күнделікті үйде, балабақшада да кездесіп жүрміз, өзіміздің топта да талай әдемі бұйымдар, жиһаздар бар, олармен сендер таныссыңдар.

Біздің шебер әжелеріміз әдемі етіп оюлап талай нәрселерді тігеді, сол бұйымдарға нелер жатады? (көрпе, жастық, кілем, көйлек, қамзол, сәукеле, сырмақ, тақия)

Ал аталарымыз ше, ағаштан, темірден қандай заттар жасаған екен? (сандық, кебже, ұршық, бесік, қамшы, домбыра, үстел)

Өте дұрыс тауып айттыңдар, енді естеріңе ұлттық ыдыстарды түсіріп айтыңдаршы (кесе, тостаған, астау, ожау, табақ самауыр, шәйнек)

Дұрыс осы заттардың бәрі де ыдыс — аяқ түрлері, ал ыдыс — аяқты салатын әдемі әже тіккен қапшық қалай аталады екен? (аяққап)

Жақсы, балалар қараңдаршы осы бұйымдардың бәрі де ұлттық оюлармен әшекейленген екен, ендеше ою түрлерін есімізге түсіріп айтып өтейікші, қандай ою түрлерін білесіңдер? (ботакөз, қошқармүйіз, гүл, тарақ, қосдөңгелек, жұлдыз)

Рахмет балалар сұрақтарға дұрыс жауап бердіңдер. Ал осы бұйымдарды біз бір сөзбен қолөнер түрлері деп атаймыз. Ал сендер осы өнер түрлерін қалай меңгерді екесіңдер соны мына жұмыстарыңның нәтижесінен көрсетесіңдер.
Ол үшін суретшілер өздеріне таныс жаңа тәсіл " граттаж" әдісін қолдану арқылымына кеселерді әшекелейді, бұл тәсіл қырып — сызу арқылы жүзеге асады.

Ал батырларо елін қорғап, нағыз батыр болу үшін олаға қорған мен қылыш қажет, ендеше сендер қылыш пен қорғанды «чеканка» әдісімен әшекелейсіңдер.

Ал тігінші қыздар мына бас киімді (сәукеле) әдемі болу үшін мына бір заттпен бұл үкі деп аталады, міне осы үкіні тігіп әшекелейміз.
Керекті құралдардың бәрі үстел үстінде дайын тұр, қазір жұмысқа кіріспей тұрып, дем алып сергіту жаттығуын жасап алайық.

Бала, бала балақан
Кәне соқшы алақан
Саусақтарың әйбат
Былай- былай ойнат
Топ- топ басайық
Жалаудан күн жасайық
Жаса-жаса алтын күн
Жаса-жаса жарқын күн.

Ал енді жұмысқа кірісуге болады. Сендер сияқты өнерпаз балаларды «Он саусағынан өнер тамған» деп бекер айтпаған, осы мақалдың шын екендігін ісімізбен дәлелдеп берелік.

Балалардың жұмыстары.

Енді дайын жұмыстарыңды алып маған жақын келіңдер, міне осы нәтижеге жету үшін қанша еңбек еттіңдер, есімізге еңбек туралы мақал- мәтелдерді түсірейік.

«Еңбек түбі береке»

«Еңбек етсең өсесің»

«Өнерлі бала алтын бала»

Рахмет балалар, мен сендерге еңбек туралы мына бір өлеңді оқып берейін.

Гүл өсірсең терлеп
Мұның аты—еңбек
Кесте тіксең зерлеп
Мұның аты-еңбек
Сабағыңа жөндеп
Әзірленсең еңбек
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек.

Ендеше балар, еңбек етсек қана бәрін де жеңеді екенбіз, сендердің бүгінгі сабақта еңбекткеніп жасаған бұйымдарың өздеріңе ұнайды ма?, ендеше қандай баға берер едіңдер? (күшті)

Ал қонақтар ше, олар не деп бағалар екен, кәне көрсетейік.
Балалар біздің бүгінгі шеберханадағы кездесуіміз аяқталып қалды, сендер өздеріңнің нағыз өнерпаз балалар енендеріңді дәлелдеп бердіңдер. Мен сендерге ризамын, рахет, алда да осындай өнерпаз, еңбекшіл болып өсіңдер.

Қонақтармен қоштасып енді топқа қайтайық.