Международный творческий конкурс «Школьные годы чудесные» для детей, педагогов и воспитателей

 

Тақырыбы: Зат есім

 

Версия для печатиВерсия для печати

 

Дулат Бабатайұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп
Аты жөні: Құрманғалиева Назия Тұрсынқызы
Сыныбы: Бастауыш сынып мұғалімі
Санаты: І
Жалпы еңбек өтілі — 19 жыл
Осы мектепте — 17 жыл
Мұғалімнің өзекті тақырыбы: «Дамыта оқыту барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту»
Қолданып жүрген технолгиясы: Дамыта оқыту технологиясы. Сыни тұрғысында ойлауды дамыту

 

Құрманғалиева Назия Тұрсынқызы

Мақсаты: Зат есімнің мағынасы туралы түсініктерін кеңейту. Жаттығулар орындай отырып, зат есім туралы алған түсініктерін кеңейту. Ой-өрісін, білімін дамыту. Сауатты көркем жазуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: үлестірмелер, суреттер.

Әдісі: сұрақ-жауап, өзіндік, мадақтау.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
  2. Сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу.
  3. Дұрыс отыруларын қадағалау.
  4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою кезеңі: Зат есім

ІІІ. Үй тапсырмасы:

Сөз таптары.

327-жаттығу. Ұста туралы әңгіме құра.

Сөз таптарын ата?

Адамдарға қатысты сөздерге қандай сұрақтар қойылады?

Жануарлар мен заттарға қандай сұрақтар қойылады?

Зат есім деген не? Мысалдар келтіру.

IV. Жаңа сабақ

328-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Зат есімдерді тап.

Абай — қазақ халқының ұлы ақыны. Ол халықты оқуға, білім, өнер үйретуге шақырды. Ақын өтірікші, жалқау, мақтаншақтарды жек көрді. Жастардың білімді болуын аңсады.

Зат есімдерге сұрақ қой.

Абайдың қандай өлеңдерін білесің?

329 — жаттығу. Көп нүктенің орнына кім? Сұрағына жауап беретені сөздер тауып жаз.

Үлгі: Дәрігерлер, әншілер, бишілер.

Сергіту сәті:

330-жаттығу. Суреттегі аң-құстардың аттарын қатыстырып сөйлемдер құра. Үлкі, түлкі, бұғы.

331-жаттығу. Кім? Сұрағына жауап беретін сөздерді кімдер? Сұрағына жауап беретін сөздерге айналдырып айт. Некілтен кімдер?

Сұрағын қойғанынды дәлелде.

Ұста-ұсталар, зергер-зергерлер, жазушы — жазушылар, дәрігер — дәрігерлер.

V. Сабақты бекіту

Зат есім дегеніміз не?

Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді?

Сөздерге сұрақ қой.

Мектеп, оқушы, кітап, құлын, бала, әнші, сырғанақ.

VI. Үйге тапсырма

Зат есім.

332-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құра

Оқушыларды мадақтап бағалау.

Категория: