Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Тақырыбы: Сабақтас құрмалас сөйлем түрлері. Шартты бағыныңқы сабақтас

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

Хайрлиева Райса Абдрахмановна Ақтөбе облысы, Қандыағаш қаласы нр 4 қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, І біліктілік санатты.

Тақырыбы: Сабақтас құрмалас сөйлем түрлері. Шартты бағыныңқы сабақтас

Сабақтың мақсаты:

  • Сабақтас құрмалас сөйлем туралы білімдерін кеңіте отырып шартты бағыныңқы сабақтастың мағынасы, жасалу жолы жөнінде түсінік беру.
  • Даналық ойлар мен нақыл сөздердің тәрбиелік маңызын ойға түйгізу.
  • Сабақтас құрмалас пен салалас құрмалас сөйлем туралы білім деңгейлерін дамыту.

Сабақтың түрі: дәстүрлі, жаңа сабақ.

Әдіс-тәсілі:

Апталық тақырыбына қатысты Мұхтар Шаханов пен желтоқсан оқиғалары туралы қысқаша мағлұмат әңгіме.

Өтілген тақырыптар бойынша білім деңгейлерін тест арқылы тексеру.

Жаңа тақырыпқа түсінік беру, жасалу жолын таблицамен түйіндету.

Жаттығу мәтіндері бойынша даналық ойлар, мақалдардың тәрбиелік мәніне көңіл аудартып, сабақтас құрмаластың жасалу жолын синтаксистік, морфологиялық талдау жасатып, білімдерін бекіту.

Сабақтың барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңі
  • Тіл апталығына қатысты тақырыпқа шолу жасау, Мұхтар шаханов және желтоқсан оқиғасы жөнінде қысқаша мағлұмат, әңгіме жүргізу.
  • Тест тапсырмасы
  • Сабақтас құрмаластың түрлерін естеріне сала отырып, шартты бағыныңқы сабақтасқа түсінік беру.

Интерактив тақтасы арқылы таблицаға назар аударып, жасалу жолына түсінік беру.Сөйлемдердің құрамын ажыраттырып, морфологиялық талдау арқылы білімдерін кеңіту.

Шартты рай —са, —се жұрнағы, көсемшенің —ма+й, —ме+й, —майынша, —мейінше жұрнағы, есімшенің —ған+да, —ген+де жұрнақтары арқылы жасалады.

Шахановты тыңдасақ, біраз шындықтың бетпердесі ашылғандай. Өткенді үйренбей, келешекті елестету мүмкін емес.Желтоқсан оқиғасын зерттеуге комиссия құрмайынша, Шаханов жоғарыдағыларға тыным бермеді.Қонаев шкаф ішінде жасырынған заттарды көрсеткенде, прокуратура өкілі Колиниченко қатты қысылып қызарып кетті.

123-жаттығу. Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәнін аша отырып, тірек сөзін таптыру, баяндауыштардың жасалу жолын анықтап, шартты бағыныңқы сабақтастың берілуін білгізу.

127-жаттығу. Көп нүктеге қажетті сөйлем жазып, шартты бағыныңқы жасау.

1. Тіршілік еткің келсе;

2. Ауыр жұмысты қиынсынсаң;

3. Жалқаулықтан қашқың келсе;

4. Қулық істегің келсе;

128-жаттығу. Даналық ойлардың маңызын ашып, шартты бағыныңқы сабақтас жасату.

Сабақты жинақтан қорытындылау.Ережелерді пысықтап, білімдерін бекіту. Үйге: 126-жаттығу ереже, өлеңдер жаттау.

«Айтсын деп ақиқатты тілді берген» апталығы

Тест тапсырмаларының үлгісі:

1. Құрамындағы жай сөйлемдер бір-біріне бағыттас, мезгілдес болатын қай салалас?

А) Түсіндірмелі

В) Ыңғайлас

С) Қарсылықты

2. Алайда, бірақ, әйтпесе, дегенмен жалғаулық шылаулары қай салаласқа тән?

А) Кезектес

В) Қарсылықты

С) Талғаулы

3. Мына сөйлемге (салалас) қандай тыныс белгісі қажет? Оларды пасықтық, жауыздық бар адамдық жарқын жүз жоқ.

А) Үтір, сызықша

В) Қос нүкте

С) Нүктелі үтір

4. Құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірінің себебін білдіретін салалас түрін көрсет.

А) Себеп-салдар

В) Түсіндірмелі

С) Кезектес

5. Мына жалғаулықсыз себеп-салдар салалас сөйлемге қандай тыныс белгісі керек? Кейін қайта алмаймыз өткел тосатын уақыт жоқ.

А) Сызықша

В) Үтір

С) Қос нүкте

6. Алдыңғы жай сөйлем соңғысына нұсқап, ал соңғысы алдыңғысының мазмұнын ашатын қай салалас?

А) Түсіндірмелі

В) Шартты

С) Қимыл-сын

7. Сонша, соншалық, сондай, мына, мынау, сол — бұл сілтеу мағыналы сөздерден кейін қойылатын тыныс белгісін тап.

А) Қос нүкте, үтір

В) Сызықша немес қос нүкте

С) Дефис

8. Я, яки, не, немесе, болмаса, әйтпесе, әлде бұлар қай салаластың жалғаулық шылаулары?

А) Ыңғайлас

В) Қимыл — сын

С) Талғаулы

9. Мына сөйлем қай салалас түрі? Біресе жер бауырлап сүйретіледі, біресе тұра сала бүкшеңдеп жүгіреді.

А) Кезектес

В) Мезгіл

С) Қарсылықты

10. Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

А) Баяндауыштары тиянақсыз, бір жай сөйлемдері тең дәрежеде байланысады.

В) Баяндауыштары тиянақты, құұрамындағы жай сөйлемдері тең дәрежеде байланысады.

С) Баяндауыштары тиянақсыз, алғашқы жай сөйлем соңғысына бағына байланысты.

Категория: