Тақырыбы: «Қысқы орманға саяхат»
Тайгушкарова Р. Ж. 2 санатты қазақ тілі мұғалімі МКҚК «Айгөлек» бөбекжай—бақшасы СҚО, Петропавл қаласы |
![]() |
Естиярлар тобына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Қатынас, әлеуметтік орта, таным»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: «Қазақ тілі, айналамен танысу»
Тақырыбы: «Қысқы орманға саяхат»
Мақсаты: Балалар қазақ тілінде қысқы орманда кездестіретін жабайы аңдардың атауларын, оларды қысқаша сипаттауды бекіту. Сөздік қорларын молайту, ойлау, есту қабілеттерін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру. Мемлекеттік тілге құрметпен қарауға, бір — бірін тыңдауға, табиғатты сүюге, аңдарға қамқор болуға тәрбиелеу
Көрнекіліктер: Қысқы орманның көрінісі, ағаштар мен шыршалардың түбінде отырған ойыншық аңдар, орманшының үйі, аңдардың фотосуреттері, балдың, балықтың, сәбіздің муляждары.
Күтілетін нәтиже:
Білу: Аңдардың қазақша атауларын, көктем мезгілін қысқаша сипаттай біледі.
Меңгеруі: Орманда кездестіретін аңдарды қысқаша сипаттай,
Қолдана алуы: балалар қазақша аңдардың атауларын біледі, оларды қысқаша сипаттай алады, құттықтау сөздері мен тілектерді айта алып, өздері сөз тіркестерін, шағын сөйлем құрай алады.
- 11444 просмотра