Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Тақырыбы: Көңілді жұлдызқұрт

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

Каражан Шолпан Казизовна, воспитатель второй категории, стаж 22 года. ГККП Ясли-ад «Ақ ниет», Северо-Казахстанская область, район имени Габита Мусрепова, село Рузаевка

Тақырыбы: Көңілді жұлдызқұрт

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті: Мүсіндеу

Мақсаты: Жұлдызқұртты конструкциялық тәсілмен мүсіндеуді үйрету Шарларды илей білуді, оларды мөлшеріне қарай салыстыра алуды бекіту.1, 2, 3, 4, 5 цифрлары туралы өткенді пысықтау, геометриялық фигураларды табу Ойлауды және қолдың ұсақ қимылдарын дамыту Мүсіндеуді ынталы болуға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Жұлдызқұрт, жәндіктер.

Көрнекілік: Суреттер, сым, моншақтар, тұрлі-түсті тұзды қамыр, стекалар, сұлгілер, жапырақтар, тақтайшалар, цифры.

Әдіс-тәсілдер: Қайталау, сұрақ-жауап, мадақтау.

Билингвальды компонент: Жәндіктер-насекомые, жұлдызқұрт-гусеница.

Шаттық шеңбері: Арайлап таң атты, нұр сәулесін таратты, Жарқырайды даламыз, жарқырайды қаламыз. Қайырлы таң , достарым, қайырлы таң , апайлар! Жарайсыңдар, балалар. Айтыңдаршы, жылдың қай мезгілі? Аптаның қай күні? Қай айы? Бүгінгі оқу іс-әрекетімізді жыл бойы үйренген біліміздерді ортаға саламыз. Кім көктем туралы тақпақ біледі?

Кәусар Көктем қандай көңілді, күміс жаңбыр төгілді Мөлдір аспан ашылып, жыршы құстар көп келді,

Қирилл Көкке бояп өңірді, көктем келді көңілді Бау-бақшада, орманда құстар әні төгілді Е.Өтетілеуов

—  Балалар, сендер орманда болыңдар ма? Қустардың әнін естідіңдер ме? Қәне, тыңдап көрейікші (Құстардың жазу әуені естіледі) Көктемде табиғат оянады Мен сендерге жұмбақ жасырайын Қорбан-қорбан етеді, орман оның мекені, тәтті балға тойыпап, қыста ұйқыға кетеді (аю)

Денесінде көп ине, іс тікпейді әрине (кірпі) Көктемде табиғат оянады Аюлар апанынан шығады, ал кірпілер інінен Жәндіктер де тіріледі Қараңдар, мен не таптым! Жапырақшалар неге шұрқ-шұрк тесік? Оны не жеп қойған? Бұл жерде бір нәрсе болу керек Балалар, сендер ештеңені көрмедіңдер ме? (Балалар жапырақша бетінде жұлдызқұрт отырғанын аңғарады)

—  Ей, сен кімсің, сен мұнда не істеп отырсың?

—  Мен жұлдызқұртпын. Бүгін мен сендерге қонаққа келдім, сендер не істей алатыңдарыңды қарап көрмекпін.

Тәрбиеші дайындаған үлгіні көрсету

—  Бұл шынында жұлдызқұрт, ал мен оны байқамай қалдым. Себебі ол да жапырақшалар тәрізді жасыл түсті Келіңдер, жұлдызқұртты жақыннан қарап көрейік ( жұлдызқұртты қолыма алам ) Ой, қандай әдемі өзі. Денесі шарлардан құралған сияқты. Алдында ең үлкен шар-бұл оның басы, содан кейін кішілеу, сосын одан да кішкентай және т с. с.. ал ең соңында ең кішкентай шар-құйрығы түр. Жұлдызқұрттың басында қара көзі бар.

Жұмысты орындау тәсілін көрсету

1. Жасыл түсті қамырды мұқият жұмсартамыз. 

2. «Шұжықша» есеміз (алақандардың арлы-берлі қозғалысымен)

3. Стеканың көмегімен «шұжықшаны» көптеген бөліктерге бөлеміз. 

4. Қамырдың әр бөлігінен домалақтап шар жасаймыз. Көптеген шар пайда болады.

5. Енді шарларды бір-бірімен жалғастырамыз. Алдында үлкен шар тұрады-бұл бас, одан соң кішірек шарды, бұдан кейін одан да кішкентайын, сосын одан да кішісін, сосын ең соңына- ең кішкенесін қоямыз-бұл біздің жұлдызқұрттың құйрығы болады. Шарларды бір-біріне мықтап бекіту керек

6. Екі кішкентай қара шарды домалақтаймыз-бұлар көздер болады. 

7. Көздерді басқа жапсырамыз Міне мынандай әдемі жұлдызқұрт пайда болды!

Жұмысты орындау тәсілін бекіту.

— Қандай тұсті жұлдызқұртты мүсіндейміз?

—  Шарларды қалай домалақтаймыз?

—  Бас үшін қандай шарды аламыз? (ең үлкенін)

—  Естеріңде ұстаңдар, алдында ең үлкен шар болады, сосын

Сергіту сәті Кане, қанат жазайық, көбелек боп ұшайық Ұшып—ұшып алайық , орнымызға қонайық («Көбелектер» әуені)

Балалардың өз бетінше жұмыс істеуі

Жұмысты орындау барысында шарлардың көлемі бойынша-ең үлкенінен ең кішкентайына дейін- орналасу ретіне назар аудару, моншақтармен әшекейлеу

—  Балалар, кане жұлдызқұрттың бөліктерін санайық тұра және кері. Бөліктердің түстері қандай?( Балалардың жауаптары) Қандай сұлу жұлдызқұрт! Тағы қандай жәндіктерді білесіңдер? Енді сендер әр түрлі жандіктерді істей аласыңдар домалақтау тәсілімен. Түсінікті ме, балалар? Балаларды мадақтау, жұмыстарын талдау және көрмеге қою