Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Тақырыбы: «Қаймағын сүт бетінің алдым қалқып...»

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

Кеңес Одағының Батыры С. Рахымов атындағы. Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебі.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері әдістеме бірлестігінің жетекшісі Түменбай Ұлдана Ералықызы

Абай Кунанбаев

«Абайдың мұрасы — қазақтың ең қасиетті қазынасы.
Абай өзінің туған халқымен мәңгібақи бірге жасайды,
ғасырлар бойы қалың елін, қазағын жаңа биіктерге,
асқар асуларға шақыра береді»

Нұрсұлтан Назарбаев

А.Құнанбайұлының туғанына 170 жыл толуына орай мектепішілік онкүндігі

Поэзия сағаты

Мақсаты:

Білімділік: Абай атамыздың мұраларын білудің маңыздылығын ұғындыру, адамгершілік тәрбие берудегі ақынның философиялық ойларына терең үңілуге үйрету.
Тәрбиелік: Оқушы дүниетанымын қалыптастыру, адамгершілік қасиеттерді оқушы бойына сіңіру, ойшыл көтерген проблемалар тағлымынан үлгі алып, оқушының азаматтық бейнесін қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушыларды өзінше ой қорытуға, ой түюге баулу, шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным-түсініктерін дамыту.

Әдіс-тәсілдері: Электрондық оқулықпен жұмыс, ауызша тіл дамыту, көркем сөз оқу, бейнесюжет, поэзиялық оқулар.

Көрнекілігі: суреттер, оқулықтар, лингафонды мультимедиялық кабинет, электрондық оқулық,көрнекі сөздер, электрондық тақта.

Өткізу барысы:

І кезең

Абай сынды дана туған халықтың,
Ұл-қызы да болу керек дарынды.

ІІ кезең

Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе!

Бүгінде тәуелсіз Қазақстан — демократиялық даму жолындағы, әлеуметтік-экономикалық өрлеу үстіндегі мемлекет ретінде әлемге танылған Орталық Азиядағы көшбасшы мемлекет. Қазақстанның өркендеу жолы, саяси тұрақтылығы, халықтың бірлігі, татулығы баршаға үлгі болуда.

Осынау алдына биік мақсат қойып отырған келешегі кемел елдің болашақ иесі — жастар, бүгінгі мектеп оқушылары.

Сіздерге осынау ұлы соқпақты жолда жігер беретін нендей күш?!
Қазақ елінің үміті мен арманын, мақсаты мен мұратын алға апаратын жастар үшін тағлым аларлық рухани ұстаз, күш пен қайрат беретін нәрлі қайнар керек. Осының барлығын қазақтың бас ақыны ұлы Абайдан табамыз.

Тәуелсіз, жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның жарқын болашағын қалыптастыратын жастар үшін ұлы Абайдың мұрасы рухани қайнар, мәңгілік ұлағат.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың: «Қазақ халқының киесі, ары мен намысы, ақылы мен жүрегі — ұлы Абайдың аруағына басымды идім» — деген тарихи, жүрек тебірентерлік, қанатты сөзінде бар қазақтың Абайға деген ақ ниеті, сүйіспеншілігі, құрметі тұр.

Олай болса, Құрметті ұстаздар және оқушылар, мектепішілік «Атымды Адам қойған сёоң...» атты онкүндікте жасалған барлық жұмыстар осындай кемеңгер ойдың иесі— ұлтымыздың рухани көсемі, табынатын тұлғасы,өзі айтқандай әкенің емес, халықтың ұлына айналған, әлемдік деңгейдегі дарын — Абай атамыздың құрметіне арналды. Абайды құрметтеу — біріншіден өзіңді, екіншіден халқыңды, үшіншіден атадан қалған ұлы мұра-әдебиетімізді құрметтеу. Өйткені Абай шығармаларын терең оқу арқылы мүлде жаңа әлемге енесіздер. Болашақтарыңа бағыт-бағдар аласыздар.

Балалар, Абай атамыздың әр сөзі ақыл мен нақылға, мақал мен мәтелге айналған өлмес мұра. Қане, осындай сөздерін айтайықшы!

Мәселен:

«Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан» — жастардың мамандық таңдауына адастырмас ұлағат.

«Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап» — әркімге сенім беретін құдіретті күш.

«Біріңді қазақ, бірің дос, Көрмесең істің бәрі бос» немесе «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» — деген жолдар ел бірлігіне, адамзат татулығына шақырған ұран, қағида, ұстаным.

Ұлы Абай шығармаларынан нәр алған, үздіктерге бүгінгі бәсекеде сәттілік тілеймін!

Аты айтып тұрғандай, бүгін өз өнерін ортаға салатындар мектебіміздің абыройын республика, облыс көлемінде асқақтатып жүрген сүт бетінің қаймақтары.

І кезеңде түрлі сындардан сүрінбеген білімді де батыл сарбаздардың өнерін тамашалаймыз.

1. 2014 жылы 4-5 қыркүйек күндері Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында өткен ХV республикалық Абай оқуларына қатысушы Тұрдиев Айбек

2.Облыстық «БІР ЕЛ-БІР КІТАП» акциясы бойынша өткізілген Сайын Мұратбеков шығармалары бойынша көркем сөз оқу сайысының жеңімпазы, 11- сынып оқушысы Құлтай Әлібек.

3. 2014 жылы Батыс Қазақстан облысы Атырау қаласында өткен V республикалық Махамбет оқуларының қатысушысы Ақберді Бекмұрат.

4. 2015 жылы Астана қаласында өткен VI халықаралық КАТЕВ олимпиадасының жеңімпазы 10 сынып оқушысы Кенжебек Тұрлыбектің орындауында Бауыржан Момышұлы атамыз айтқан нақылдарды тыңдаймыз.

5. Мектепішілік Мұқағали оқуының жеңімпазы, 10 сынып оқушысы Қыдыр Әлібек ақиық ақынның «Сәби болғым келеді» өлеңін оқиды.

Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе! атты ІІ кезеңде мектепішілік ХVІ Абай оқуларына қатысушы дарынды оқушыларының орындауында Абай атамыз сөз патшасы деп атаған өлеңге, халқымыздың бас ақыны, ұлы ойшылы, дара да дана ақыны — Абай өлеңдеріне сусындаймыз.

Балабек Бердияр 10 «Г» сынып
Мадиярбекұлы Серікжан 10 «А» сынып. «Сегіз аяқ»
Амангелді Мұжаммеджан 10 «Д» сынып. «Өлсем, орным — қара жер, сыз болмай ма?!»
Рахымбердиев Ақылбек 10 «Б»
Кеңес Ғалым 10 «Д»
Садыбай Айдос 10 «А» «Әуелде бір суық мұз-ақыл зерек»

Қорытынды.

Абай — ұлы ақын, ғалым, философ, көркем әдебиеттің темірқазығы.
Абай насихаты — ынтымақшыл, арлы, адал, еңбекқор, иманды, талапты, үлкен жүректі кісі болу.

Абайдың өз сөзімен айтсақ:
Терең ойдың түбінде теңізі бар,
Тесіле көп қараса, көңіл ұғар.

Категория: