Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Тақырыбы: «Балалар әлемі»

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

Жансейтова Алия Жаскайратовна, дошкольное обучение и воспитание, КММ Телжан орта мектебінің жанындағы «Балапан» шағын орталығында, село Тельжан Уалихановский район Северо-Казахстанская область

Жансейтова Алия Жаскайратовна

Білім беру саласы: «Қатынас», «Таным».

Ұйымдастырылған оқу іс — әрекет түрі: Сенсорика, Тіл дамыту.

Мақсаты мен міндеттері:

Балаларды ойыншықтардың түрімен, қасиетімен, түсімен оның көлемімен, пішіндерімен таныстыру;
Балалардың қабылдау, есте сақтау қабілетін дамыту. Ойыншықтарға деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыру. Балаларды үлкен және кішкентай заттарды көрсете білуге, ұсақ қол моторикасын жетілдіру.
Ойындар ойнату арқылы достық қарым — қатынасқа тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар: Түрлі — түсті ойыншықтар (Аю (қонжық), сиыр, қоян, қой, жылқы (ат), арыстан, ит.), үн таспа, құм, пазыл, шар.

Әдіс — тәсіл: Түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойын, сөздік жұмыс

Сөздік жұмыс: ағаш

Тәрбиешінің әрекеті:

Балалар музыка әуенімен топқа қолдарын шапалақтап кіреді. Келген қонақтармен амандасып.

— Сәлеметсіздер ме?

Психологиялық сәт:
Жоғары қарап күн көрдім
Төмен қарап жер көрдім,
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім.

Тәрбиешінің әрекеті:

— Балалар тыңдаңыздар. Бұл не деген дыбыс?

(Есік қағылады да, күлдірген кіреді)

Күлдірген келеді де балаларды күлдіреді (шарға отырып шарды жарады)

— Сен кімсің?

— Қайдан келдің?

Күлдірген:

— Балалар менің атым күлдірген, әрі сиқыршымын. Мен жүрген жердің бәрі ғажайып түрге енеді. Балалар қараңдаршы бізге күн сәулесін төгіп тұр. Қане қолымызды жоғары көтеріп күннен жылу алайық.

Тәрбиеші:

— Күлдірген сен не себептен бізге келдің?

Күлдірген:

— Балалар мен сендерді сынауға келдім. Сіздердің қаншалықты зерек екендіктерінді білгім келіп тұр.

Ал сынауға келмес бұрын. Менің сендермен ойнағым келіп тұр.

Ойнайсыңдар ма?

Ойынның аты «Сылдырмақ».

Ойынның шарты: әуен ойнағанда сылдырмақты сылдырлатамыз. Әуен тоқтағанда сылдырмақты сылдырлатпаймыз.

Балалар ойнайды.

— Жарайсыңдар. Ақылды екенсіңдер. Менімен ойнап өздерінің есту қабілеттерін бар екендігін көрдім.

Тәрбиеші:

— Балалар сендер ойыншықтармен ойнағанды жақсы көресіңдер ме?

— Ия.

Тәрбиеші:

— Олай болса менімен бірге пойызбен саяхатқа барайық. Ал бәріміз пойызға мініп жайғасып отырайық.

Ал паравоз баста алға
Бәрімізді басқарда
Пыш — пыш біз кеттік
Жүрісті біз үдеттік
Гу — гу гуілде
Қалып қойма біріңде.
Қане балалар біз келдік.

Пойызд әр станцияға тоқтайды. Ал біздің күлдіргеніміз бізді бақылап тұрады да, өз бағасын береді.

— Енді біз бірінші станцияға келіп жеттік. Енді бірінші станцияның тапсырмасын орындайық.

1-тапсырма:

— Балалар қараңдаршы, қандай керемет әдемі ойыншықтар бар. Олай болса кәне, балалар ойыншықтармен сырласайық. Сендер қандай ойыншықтарды көріп тұрсындар айтындаршы.

Балалар: Аю (қонжық), қоян, қой, сиыр, жылқы (ат), арыстан, ит. Ойыншықтар әр түрлі болады, Қатты, жұмсақ. Көңілді, қорқынышты болады екен.

— Мынау не?

— Сиыр.

— Сиыр қалай дыбыстайды?

— Мө, мө дейді.

— Мынау не? (ит)

— Ал ит ше? Ырылдайды

— р — р — р

— Ал мынау не?

— Аю

— Аю қандай? Үлкен, маймақ.

Сергіту сәті
Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп теріп алайық
Қалтамызға салайық

— Ал, мынау не?

— Қоян.

— Қоян қалай секіреді?

(Балалар көрсетеді)

2-тапсырма:

— Енді балалар біз келесі станцияға көшейік. Осы станцияның тапсырмасын орындайық.

«Пазылдарды суретке сай құрастыру»

— Кім, тез, шапшаң, дұрыс құрастырады. (3 баланы шығару)

— Балалар бұл ненің суреті? (көліктің)

— Мынау көліктің түсі қандай? (қызыл)

— Ол қандай жұмсақ па, не қатты ма?

— Дұрыс. Жарайсыңдар ол қатты және ағаштан жасалған.

Сөздік жұмыс: ағаш

3-тапсырма:

Тәрбиеші:

— Ал, балалар енді біз соңғы станцияға келдік. Бұл станцияның тапсырмасы: саусақтарымыздың моторикасын көрсету. Сіздерге дайын суретті беріп, оны түрлі түсті құмдармен бірге безендірейік.

Тәрбиеші:

— Балалар, бұл тапсырманы өте жақсы орындадыңдар. Енді біз саусақтарымызды демалту үшін бір жаттығуымызды орындайық.

Бас-бармақ,
Балаң-үйрек,
Ортан-терек
Шылдыр-шөмек,
Кішкентай-бөбек.
Қыдық-қыдық.

Тәрбиеші:

— Балалар енді біз барлық тапсырмаларды орындап, біздің пойыздымызға отырайық та, бәріміз қайта өзіміздің балабақшамызға оралайық.

Ал, күлдірген балаларымыздың әр станцияның тапсырмаларын орындағаның көрдің. Енді өз бағасын бере гөр.

Күлдірген:

— Жарайсыңдар. Сендер өте ақылды екенсіңдер, өздерінің зерек және тапқыр екендіктерін көрсеттіңдер.

Тәрбиеші:

Қортынды: Сендер ойыншықтар, түстерді ажырата аласыңдар. Көп нәрсе білдіңдер. Ойын ойнадыңдар, құммен жұмыс істедіңдер. Сендерге көп — көп рахмет. (балаларға сыйлық беру)

Балалар енді бүгінгі кейіпкерімізбен қоштасайық.
Балаларды мадақтау.

Балалар: Сау болыңыздар!