Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Тақырыбы: 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

Ақтөбе облысы, Қандыағаш қаласы №4 қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Қадірқұлова Фарида Нурадинқызы. Жоғарғы санатты. Пед. өтілі 26 жыл

Тақырыбы: 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы

Мақсаты:

  • Қазақстандағы 1986 ж Желтоқсан оқиғаларының себептері,салдары туралы түсінік беру;
  • Желтоқсан оқиғасының қазақ халқының шынайы ұлттық санасының оянуы мен тәуелсіздікке қол жеткізудегі тарихи рөлін көрсету. Желтоқсан құрбандарын еске ала отырып,халық бостандығы мен елдігі үшін күрескен сол үшін құрбан болған ағалар ерлігіне құрметпен қарауға тәрбиелеу;
  • Желтоқсан оқиғасының қазақ халқы тарихында бұдан бұрын ұлт-азаттық көтерілістермен сабақтастық байланысын және алып империя Кеңес Одағының күйреуіне тигізген ықпалын түсіндіру;

Сабақтың түрі: қорытынды шығармашылық сабақ

Сабақтың әдісі: өзара белсенділігін,шығармашылық ізденісін арттыру әдісі,топпен жұмыс

Ұғымдар: Тірек жариялылық, плюрализм, пленум, мораторий, президиум.

Пәнаралық байланыс: дүние жүзі тарихы, қоғамтану, әдебиет.

Көрнекілігі: қазақстан картасы, интерактивті тақта, сызбалар, тарихи құжаттар, электронды оқулық.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

Оқушыларға бүгінгі сабақтың күнделікті сабақтан ерекше екендігін айтып,апталықтың тақырыбымен байланыстыру. Саяси жобаларға қысқаша шолу. Оқушыларды топқа бөлу мақсатында «Тобыңды тап» ойыны жүргізіледі. Әр топ басшысын шақырып,топ парақшалары таратылады. Онда тарихи ұйым аттары жазылған.Әр топ басшысы парақшадағы ұйым аттарына қысқаша мәлімет беріп,өз топ аты етіп алады.

І топ. «Жас тұлпар»
ІІ топ «Қазақ халқын қорғаушылар одағы»
ІІІ топ «Жас ұлан»
ІV топ «Сары Арқа»

Топ аттарына анықтама береді.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Тәуелсіздік баспалдағы» ойыны 

ІІІ.Топпен жұмыс

Әр топқа жеке мәтіндер таратылады

І топ. 1980жж әлеуметтік-әлеуметтік жағдайлар.
ІІ топ. Саяси жағдай.
ІІІ топ. Желтоқсан оқиғасының басталуы,сипаты.
ІV топ. Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы.

ІV. «Ғылыми зерттеулерге жол ашық»

І топ. Желтоқсан қозғалысының себептерін сарала (сызба)

ІІ топ Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызын 1916ж. Ұлт-азаттық көтерілістің тарихи Маңызымен салыстыр (Венн диаграммасы)

ІІІ топ 1986 жылдың 17-18 желтоқсанында болған оқиғаны әңгімелеп, үзінді келтіру. Бұрқасын-86 операциясын түсіндір

ІV топ. Желтоқсан оқиғасының мазмұнын сатымен көрсет.

V. Даталармен жұмыс

І топ. 22.09.1989 жыл
ІІ топ. 25.10.1990 жыл
ІІІ топ. 10.12.1991 жыл
ІV топ. 16.12.1991жыл

VІ. Тарихи тұлғаны таны

І топқа сұрақ. Қазақ КСР қылмыстық кодексінің 65-бабы бойынша 15 жылға бас бостандығынан айырылсын және жазаның ең ауыр түрі өлім жазасына кесілсін деп кімге айып тағылды?

ІІ топқа сұрақ. 1990 ж бейбітшілік қорғау ісі жөніндегі халықаралық Нобель сыйлығының иегері, Ресей федерациясының президенттігіне үміткер болып,сайлауға өз кандидатурасын ұсынған кім?

ІІІ топқа сұрақ. 40 жылдан астам Қазақстан өкіметінің,Республика партия ұйымының басшылығында болып,КОКП ОК саяси бюро мүшелігіне дейін көтерілген кім?

ІV топқа сұрақ. КОКП-ның Ульяновск обкомының 1-ші хатшысы болып істеген, республикада еңбек етпеген, халыққа мүлдем бейтаныс кім еді?

VІІ. Тарихи көмбе зертханалық жұмыс

Терминдік сөздердің мағынасын айтып,жылдарда қандай оқаға болғанын айту.

І топ. Ж а р и я л ы л ы қ
ІІ топ. П л ю р а л и з м
ІІІ топ. П л е н у м
ІV топ. М о р а т о р и й

VІІІ. Тест сұрақтарымен жұмыс

І топқа. Хронологиялық тест.
ІІ топқа.Толықтыру тест.
ІІІ топқа. Баламалы тест.
ІV топқа. Дұрыс жауапты таңдау тесті.

ІX. Қорытындылау

Бүгінгі сабақта не білдік? Не білгіміз келеді?

1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні екендігін,бұл апта тарих апталығы екендігін оқушылардың есіне салу.

X. Үйге тапсырма

Мен елімнің болашағын қалай елестете аламын? Эссе жазып келу.

Категория: