Елбасымыз Н. Назарбаев 2030 жылға дейінгі бағдарламасында «Тазалық —саулық негізі, саулық — байлық негізі» деп, қоршаған ортаның ластануына жол бермеу мәселесіне айрықша мән берді. Соған орай химия және экология тақырыбында тәрбие сағатын өткізіп отырмын.
Думан: Бүгінгі таңда экологиялық дағдарыс жекелеген ел көлемінен асып, бүкіл әлемдік мәселеге айналуда.
Ғалия: Елдің бай болуы құт берекенің болуы табиғатқа жан беретін ауа, су, жерді қорғау.
Раушан: Экологиялық тазалық — еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін өсімдік пен жануарларға да ауадай қажет. Химия пән ретінде де, ғылым ретінде адам мен айналадағы ортаға үлкен әсер етеді, сондықтан химия өндірісінің өнімдері адамның бүкіл қажетіне (медицина, тамақ, киім, ауыл шаруашылығы т.б.) кең қолданылады. Бірақ сауатсыз пайдаланса, осы аталған салаларда бұл өнімдер адам мен табиғатқа кері әсерін тигізеді. Дегенмен, білімді, сауатты адам химияны залалсыз, тиімді пайдалана алады.
Гүлжазира: Енді осы екі жүйе мен адамзатқа әсер етететін әр түрлі ластандырғыштар туралы мәлімет айтайық. Қазіргі кезде облыс аумағында өзіәнің шаруашылық немесе басқадай қызметі арқылы қоршаған ортаға белгілі бір түрде зиянын тигізеді. Атмосфераға зиянды түтін шығаратын тұрақты көздер бар. Мұның сыртында автокөлік есепке алынған.
Келесі кезекте әрбір оқушы өздеріне берілген тақырыптар бойынша сөз сөйлейді.
Динара: Жамбыл ауданының экологиялық жағдайы атмосфералық ауаға ластаушы заттар түсуінің негізгі көздері дәнді дақылдарды өңдеуші кәсіпорындар мен қазандықтардың обьектілері болып табылады.
Думан: Арал, Семей, Қарағанды жерлері адам іс-әрекетінен экологиялық апат аймағына айналды. Елімізде зардап шығыны көбейе түсті. Денсаулығы нашар мүгедектер саны да арта түсті.
Гүлжазира:
Раушан:
(Семей полигоны туралы слайд көрсетіледі) Заман-ай әні орындалады.
Мұғалім: Осындай биологиялық және экологиялық құбылыстар жасанды түрде бола берсе, биосфераның табиғи тепе-теңдігі бұзылады да, жер бетіндегі тірі ағзалар толығымен жойылып бітеді. Табиғат заңы, міне осындай. Ал енді осы экологияға байланысты сөзжұмбақ шешейік.
Сөзжұмбақтың сұрақтары:
Жер-Ана: Уа, ұрпақтарым, қасиетті жерімізді қандай қайғылы күйге түсірдіңдер, сендерге өлкеміздің байлығын, асыл қакзыналарын, айдын көлдері мен теңіздерін, таза ауасын бүлдіріп, ұшқан құс, жүгірген аңдарын қырып-жойыңдар деп, қалдырған жоқ едік қой. Көздеріңнің қарашығындай сақтап, қаймағын бұзбастан сол табиғи күйінде игіліктеріңе ұстаңдар деп қалдырмап па едік?
(Күй орындалады, табиғат туралы суреттер көрсетіледі)
Мадина: Халқымыз ежелден табиғаттың кейбір туындыларын «киелі», «қасиетті» деп ұғып, оларды өлтіруге, жоюға болмайтындығын уағыздаған. Сонымен бірге т абиғат пен адамды біртұтас бірінен-бірін бөлуге болмайды деп қараған. Сондықтан адам табиғаттан өз керегін алып, қалғанына еш уақытта зиянын тигізбеген.
Ән: «Қазақ елі»
Ғалия: Халық табиғаттағы өздері қастерлеген жерлерді «Әулие бұлақ», «Әулие ағаш» деп атап, оларды көздің қарашығындай қоршап отырған. Ал қарлығаш, аққу, ұлар т.б. аң, құстарды жақсылықтың жаршысы, бақыттың баламасы, игіліктің иесі деп, ұясын бұзуға, балапанын алуға, өздерін өлтіруге, мүлде рұқсат етпеген.
Динара: Халық даналығында халқымыздың табиғатқа жанашырлық қасиетін аңғартатын аңыз-әңгімелер де көптеп кездеседі. Соның бірі асқан ақыл иесі Төле би атамызға байланысты айтылады.
Көрініс: «Төле би»
Раушан: Төле би атаны халық қастерлеп, «Қарлығаш әулие», «Қарлығаш би» деп күні бүгінге дейін құрметтейді.
Думан: Аталар салған табиғатты қорғау дәстүрлері егемендік алған еліміздің өзекті алған мәселелерінің бірі.
Гүлжазира: Табиғатты қорғау жөнінде Қазақстан Республикасы ата-заңының 38- бабында Қазақстан Республикасы азаматтарына табиғатты сақ тау және табиғат байлықтарын қорғауға міндеттілігі айтылған.
Ғалия: 2003 жылдың 15 қаңтары күні қоршаған ортаны қорғау саласында мәні жағынан аса маңызды оқиға болды деп есептейміз. Бұл күні Астанада ел президенті Н. Назарбаевтың төрағалық етуімен Республикадағы экологиялық жағдай жөніндегі шараларға қатысты мәселелер қаралған.
Мадина: Халқымыздың бай болуы адамзаттың денсаулығын табиғатпен тікелей байланысты болғандықтан Қазақстандық өндіріс орындарын қоршаған ортаны қорғау шараларын мүлтіксіз іске асыруға шақырамыз:
Гүлжазира:
Раушан:
Ән: «Елім менің»
Айымжан лото ойыны.