Международный творческий экспресс-конкурс «Вот оно какое, наше лето!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья, посвященном летнему отдыху

 

Табиғат — біздің байлығымыз

 

Версия для печатиВерсия для печати
 

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Пресновка селосы КММ «Пресновка орта мектебі» Сатанова Дәмелі Қадірбайқызы, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі I санат

Табиғат — біздің байлығымыз

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Оқушыларды берілген тақырыптар бойынша алған білімдерін тиянақтау, пысықтау, кеңейту, тереңдету, білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау,тыңдау, жазу, әңгімелесу қабілеттерінің жылдамдығын, білім қабылдау дағдыларын, әртүрлі жаттығулар арқылы дамыту. Ауызша сөйлеуге үйрету, сөздік қорын байыту, сұрақтарға түсінік, жауап беруге үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды өзін-өзі ұстауға, білімін көрсету білуге, табиғатты құрметтеуге тәрбиелеу адамгершілікке, ұйымшылдыққа, ортаға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Отансүйгіштік сезімдерін ояту.

Көрнекілік: Музыка, интерактивті тақта, презентация

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу

II. ҚР гимні

III. Тілдерін ұстарту?

— ҚР гимнінің авторлары кім?

— Гимнді тыңдаған кезде қандай суреттер көз алдарыңда елестеді?

— Дұрыс, балалар, біздің еліміз тәуелсіз, бақытты ел.

— Ашық аспан, ормандар, егін, өзеңдерді бір сөзбен айтқанда не деп айтуға болады? / табиғат/

— Қазір біз П.И. Чайковскийдің «Жыл мезгілдерінен» «Желтоқсан» пьесасын тыңдаймыз. Тыңдаған кезде көз алдарыңа қандай суреттерді елестетесіңдер?

Оқушылардың жауаптары

Қорытынды: Жер-Ана-біздің ортақ үйіміз.

IV. Үй тапсырмасын тексеру

Қазақстан-ядросыз мемлекет. Жақсы — ісімен жақсы. Бұл — үлкен табыс. Сөйлемдердің сызықша қою себебін анықтау.

V. Жаңа тақырыпқа көшу

1. Балалар, жер-біздің ортақ үйіміз, тіршілік етіп отырған ғаламшарымыз. Жер-Ана бізді асырап отыр. Бүгінде экология ғаламшар халқының ең үлкен проблемасына айналды.

2. Даналық сөздерді қалай түсінесіңдер?: «Бір күннің бұзғанын қалпына келтіру үшін жүздеген жылдар қажет болуы мүмкін» Р.Роллан

Адамдардың ойлап тапқан жаңалықтары табиғаттың Ұлы заңдарына қайшы келсе, онда олар адамдарға тек бақытсыздық әкеледі. Ф.Энгельс /оқушылардың жауаптары/

Елбасының жолдауымен, «Қазақстан и Назарбаев. Логика перемен» деген кітаппен жұмыс істеу

3. Абай Құнанбайұлының портретіне көрсетіп /слайд/ оқушыларға сұрақтар қою:

— Табиғат туралы Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?

— Жатқа кім оқып бере алады?

— Ұлы Абай өмір сүрген, жырлаған Семей жерінде 1949 жылдан бастап 1989 жылына дейін ядролық полигон орналасқан. Осы полигонда барлығы 456 жарылыс өткізілді.

4. Оқушылардың әңгімелері? /Слайдтар/

«Невада-Семей» қозғалысы 1989 жылы басталды.Бұл қозғалыстың жетекшісі-белгілі ақын Олжас Сүлейменов. Осы қозғалыстың арқасында Семей полигоны жабылды.

Бірақ атом бомбалары жарылыстар іздері әлі де бар. /слайдтар/

5. Арал теңізінің мәселесі /слайдтар/

6. Балқаш көлі мәселесі /слайдтар/

VI. Бекіту: Топтық жұмыс: плакат пен маркерлер үлестіру

— Табиғатты қорғау үшін орманның ішіне қандай белгілерді қояр едік?/ Оқушылар белгілерді суреттейді, түсіндіріп береді

VII. Қорытынды: Жер-Анамызды қорғау, сақтау — біздің борышымыз!

Үй тапсырмасын жазу
Пай-пай, пай!
Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп төккен тер.
Сарылып сал-сері кеткен жер.
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!
(М.Мақатаев)

Сау болыңыздар!

Категория: