IX международный творческий конкурс «Поклонимся Великим тем годам!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана и стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: «Ұлттық тағамдар. Сөйлем мүшелері»

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Тахтаброд орта мектебі қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Мустафина Гульнар Карбасовна

Сабақтың тақырыбы: «Ұлттық тағамдар. Сөйлем мүшелері»

Сабақтың мақсаты:

  •  оқушыларға қазақ халқының ұлттық тағамдары туралы мәліметтер бере отырып, өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін арттыру, шығармашылықпен ізденуге, өтіліп жатқан тақырыптың ішіндегі ең негізіне, маңызды мәселелерге көңіл бөлу;
  •  оқушылардың ой қабілетін шыңдау, өзіндік ойлау, қазақ тілінде жатық сөйлей білуге баулу, өз пікірі, эстетикалық талғамы бар сауатты оқушы даярлау, жеке тұлға қалыптастыру; сөйлем мүшелері туралы алған білімдерін пысықтау;
  •  оқушыларды іздемпаздыққа, ұйымшылдыққа, өзін-өзі басқаруға, бағалай білуге, бір — бірінің пікірін тыңдауға, қазақ халқының салты — қонақ күту рәсімі туралы ұғым беріп, «қонақжайлық», «меймандостық» деген сөздердің мағынасын терең сезіндіріп, оларды мейрімділікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты игеру

Типі: аралас сабақ

Әдісі: «миға шабуыл», диалогтік тәсіл, АКТ, аналогия, суреттеу, мысалдар, түсіндіру, көрсету әдістері, топтық жұмыс, өзіндік жұмыс, деңгейлік тапсырмалар, ойын, шығармашылық жұмыс.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдттар, рефлексия парағы, ватмандар, фломастерлер, қима қағаздар, доп.

Ұжымдастыру формасы: топтық жұмыс

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру: сыныппен сәлемдесу. Сыныптағы оқушылардың дайындығын тексеру

— Сыныпта кім кезекші?

— Сыныпта кім жоқ?

— Бүгін нешесі?

— Бүгін қай күн?

— Бүгін ауа-райы қандай?

— Ертең қандай болады деп ойлайсыңдар?

Оқушылардың зейінің сабаққа аудару. Қазір қандай сабақ екенін есімізге түсіріп жіберейік.

Қазақ тілім- өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл — қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім!

ІІ.Үй жұмысын тексеру: ауызша сұрау

ІІІ. Өткенді қайталау: «Қалт етпей қағып ал, жауабын тауып ал!».

Оқышыларға кезекпен доп лақтыра отырып, сұрақтар қоямын. Допты ұстап алған оқушы дереу жауап беруге тиіс.

— Сөйлем мүшелерін ата.

— Баяндауыш деген не?

— Бастауыш қандай сұрақтарға жауап береді?

— Баяндауыш қандай сұрақтарға жауап береді?

— «Мен ұлттық тағамдарды білемін» сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін көрсет.

ІV. Тақырыпқа шолу:

Эпиграф «Ас-адамның арқауы» (интерактивті тақтада проекцияланады)

—  Сөйлемді оқыңдар

—  Бұл қандай сөйлем деп ойлайсыңдар?

—  Не үшін осы мақалды алып отырмын деп ойлайсыңдар?

—  Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?

—  Тақырыбы «Ұлттық тағамдар»

V. Топқа бөлу, топтарға атау

1) Топтастыруды мақал — мәтелдерді құрастыру арқылы жүргіземін.

І топ: «Ертеңгі асты тастама, кешкі асқа қарама»
ІІ топ: «Ас тасыса, қатығы төгілер. Ашу тасыса, ақылы төгілер»
ІІІ топ: «Нан — тамақтың атасы. Ынтымақ — көптің батасы»

2) Топқа ат қоюды балалардың өздеріне ұсынамын және оның себебін түсіндіруді тапсырамын.

VI. Түсіну. (Жаңа материалды игеру)

1-слайд: Тапсырма сұрақтары

—  Суреттерді қарап шық

—  Суреттерде нелер бейнеленген?

—  Бұл ненің үлгісі деп ойлайсың?

2-слайд: дастарқан басында бесбармақ жеп отырған адамдар бейнеленген сурет.

3-13-слайд: атаулары жазылған ұлттық тағамдар суреттері.

Қазы, қарта, май, сүт, шұжық, бауырсақ, қуырдақ, қымыз, шұбат, құрт, шелпек, ірімшік, қаймақ, айран, таба нан т. б.

14-салйд: талдау-жинақтау сұрақтары:

—  Осы суреттерде белгіленген заттар не үшін керек? Себебі.

—  Суреттер бір — бірімен байланысты ма? Себебі.

—  Суреттердің арасында қандай айырмашылық көрдіңдер? Себебі.

—  Суреттерді қандай топтарға бөлуге болады. Себебі.

—  Топтарға атау бер. Себебі.

—  1-сурет қашан түсірілген деп ойлайсыңдар? Себебі.

—  Сен осындай көріністі өмірде көрдің бе?

—  Қандай жағдайларда байқауға болады?

—  Осы суретпен қалған суреттер қалай байланысты деп ойлайсың? Себебі

—  Қандай қорытынды жасар едің?

VII. Мәтінмен жұмыс:

1. Сөздік:

1-топ: оқулықта берілген жаңа сөздермен таныс. Оларға фонетикалық талдау жаса (топ мүшелері бір — екі сөздер бөліп алады)

2-топ: оқулықта берілген жаңа сөздермен таныс. Ондағы берілген сөздердің қандай сөйлем мүшесіне жататынын анықта.

3-топ. Оқулықта берілген жаңа сөздермен таныс. Осы сөздерді қатыстырып сөзтіркестері мен сөйлемдер құрастырыңдар.

2. Мәтін:

1-топ: Мәтінді оқып шығыңдар. Бірінші абзацты аударыңдар. Сөйлем түрін анықтаңдар (жалаң не жайылма сөйлем). Бөлімге ат қойындар. Сұрақтар дайындандар.

2-топ: Мәтінді оқып шығыңдар. Екінші абзацты оқыңдар. Сөйлем түрін анықтаңдар (жалаң не жайылма сөйлем). Бөлімге ат қойындар. Сұрақтар дайындандар.

3-топ: Мәтінді оқып шығыңдар. Екінші абзацты оқыңдар. Сөйлем түрін анықтаңдар (жалаң не жайылма сөйлем). Бөлімге ат қойындар. Сұрақтар дайындандар.

VIII. Қолдану:

«Мозаика» әдісі. Қонақ шақыру

1-топ: қонаққа шақыруды ұйымдастыру.

2-топ: Дастарқан мәзірін дайындау.

3-топ: өту барысы және шығарып салу.

IX. Талдау — жинақтау. Талантты және дарынды баламен жұмыс:

1-Мәтін бойынша талдау кестесін құр.
2-бала. Эссе жазу.
3-бала. «Қазақ дастарқаны» моделін жаса.

X. Қорытынды

—  Біз бүгін не туралы айттық?

—  Осы тағамдарды кім және қандай жағдайларда әзірлейді?

—  Осы тағамдарды неліктен ұлттық тағамдар деп айтамыз?

—  Сабақта алған ақпараттар негізінде қандай қорытынды жасар едің?

—  Егер сенің мейрамханан болса, сен не істер едің?

XI. Балалардың түсіну дәрежесін анықтау парағы:

Мен нені білемін?

өте жақсы

жақсы

орташа

нашар

1

Мен ұлттық тағамдар туралы айта аламын

 

 

 

 

2

Ұлттық тағамдардың түрлерін білемін

 

 

 

 

3

Мен өзімнің сүйікті тағамым туралы айта аламын

 

 

 

 

4

Мен сөйлем мүшелерін білемін

 

 

 

 

5

Мен сөйлемге синтаксистік талдау жасай аламын

 

 

 

 

ХІІ. Рефлексия:

Тақтада ашық және жабық есікті үйлер салынған суреттер ілінеді. Балалар сабақтан алған әсерлері жазылған стикерлерді сол үйлердің тұсына жабыстырады. Ашық есік — түсіндім, қызықты болды. Жабық есік — түсінген жоқпын. Ұнамады.

ХІІІ. Үйге тапсырма:

—  ІІІ деңгей: жаңа сөздерді жатта. Мәтіннің мазмұнын айт.

—  ІІ деігей: мәтіннің мазмұнын айт. Тақырыпқа байланысты 3 мақал — мәтелдер жатта.

—  І деңгей: «Қазақтың ұлттық тағамдары» тақырыбына эссе жаз.

ХІV. Бағалау:

Бағалау парақшасы:

Жұмыс түрі

Жалпы ұпай

Оқушы берген ұпай

Мұғалім берген ұпай

1

Өткенді қайталау

2

 

 

2

Топқа бөліну

2

 

 

3

Түсіну кезеңі

5

 

 

4

Сөздік жұмысы

3

 

 

5

Мәтінмен жұмыс

5

 

 

6

Дарынды бала жұмысы

6

 

 

7

«Мозаика»

5

 

 

8

Қорытынды кезеңі

3

 

 

 

Жалпы ұпай саны

31

 

 

 

Баға

 

 

 

Бағалау шкаласы:

«5» — 31-25 ұпай
«4» — 24-19 ұпай
«3» — 18-9 ұпай
«2» — 8 −0 ұпай

Категория: