IV международный творческий конкурс «Пусть всегда будет солнце!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

Сабақтың тақырыбы: Түркістан қаласы туристер назарында

III международный творческий конкурс «Пусть всегда будет солнце!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья
 

Версия для печатиВерсия для печати
 

Ущалова Мадениет Калиевна учитель казахского языка и литературы, стаж 23 года, первая категория КГУ «Общеобразовательная средняя школа № 4» отдела образования Шемонаихинского района" г. Шемонаиха Восточно-Казахстанской области

Фото с сайта kaz.gazeta.kz

Мақсаты:

Білімділік: көне қалалар туралы оқушылардың білімдерін кеңейту, тереңдету, күрделі сөздерді анықтауды практикалық жолмен меңгерту.
Дамытушылық: ауызша, жазбаша жұмыстар арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы негізінде көру, есте сақтау, тыңдау, танымдық қабілеттерін арттыру, ізденімпаздық, шығармашылық, зерттеушілік, қорытынды жасай алу дағдыларын қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын молайту, білімге деген құштарлықтарын арттыру.
Тәрбиелік: туған жеріне деген сүйіспеншілікке, патриотизмге тәрбиелеу, қазақ елінің тарихын, мәдениетін құрметтеуге баулу.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар ережені еске түсіру арқылы білімін бекітеді.

  • Тез оқып, дұрыс жауабын таңдауға машықтанады. Есте сақтау қабілеті артады.
  • Есту қабілеті, зейіні, ынтасы артады.
  • Оқушылардың сөздік қоры молаяды.
  • Сөз тіркестерін құра біледі, сөйлеуге үйренеді..
  • Өз бетімен жұмысқа төселеді.
  • Сын тұрғысынан ойлану қабілеттері қалыптасады.
  • Жаңа ақпараттар ала отырып, білімін тереңдетіледі.
  • Оқушылар өздерінің білімдерін көрсетіп, қойылған сұраққа дұрыс, тез жауап беруге машықтанады
  • Интерактивтік тақтамен жұмыс істеуге машықтанады.
  • Шығармашылық қабілеті артады.

Әдіс-тәсілдері: диалогтік оқыту, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары, топпен жұмыс. Дарынды және талантты оқушылармен жұмыс, АКТ пайдалану,

Сілтемелер, жабдықтары: оқулық, кесте, сызбалар, интерактивті тақта, постер, маркер,

Барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Кезекшімен сөйлесу.

Психологиялық ахуал тудыру. Тренинг «Мен саған сенемін....». Оқушылар шеңбер құрайды, ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар —қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер. Қобдишадан әр оқушы кезекпен бір сыйлық таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған сыныптасына сыйлайды.

Бір-бірімізге қарайық,
Жылы лебіз айтайық.

Мен саған сенемін, өйткені сен, Дияс, .......\ ақылдысың, тәртіптісің, мейірімдісің, ізеттісің, әдептісің, мықтысың, жігерлісің, жүйріксің, адалсың, төзімдісің, шыдамдысың, сабырлысың, кішіпейілсің, мейірбан, шыншылсың, қайырымдысың, жақсысың\.
Оқушылар алған қиықша сыйлықтарының сыртқы жағында көрсетілген суреттер арқылы топтасады, топқа бөлінеді. 1-топ 2-топ: 3-топ: Топ ережелерін еске түсіреді, сабақтың келесі кезеңіне көшу.

2. Қайталау—оқу анасы
Мақалдың бір данасы
Өткенді еске түсірсең
Ешкімнің жоқ таласы.

— Балалар, өткен сабақта алған білімдерімізді ортаға салайық.
\Оқушы мен мұғалімнің арасында диалогтік сөйлесу.\

Слайд 1. «Сызбалар сөйлейді» — күрделі сөздер туралы не білесіңдер?

Слайд 2. Отырар қаласының суреті

— Балалар, мына суретте қай қаланы көріп тұрсыңдар?

— Отырарда нелер болған? \үлкен кітапхана, базар болған.\

Слайд 3. Тараз қаласының суреті

— Ал мынау қай қала?

— Тараз және оның өңірі нелермен белгілі? Айша Биби кесенесі, Тараз моншасы болған.

Слайд 4. Ал мына суретте нені көріп тұрсыңдар?

— Ол кесене қайда орналасқан?

Слайд 5. М. Жұмабаевтың өлең жолдары:

Түркістан — екі дүние есігі ғой.
Түркістан — ер түріктің бесігі ғой.
Тамаша Түркістандай жерде туған
Түріктің Тәңір берген несібі ғой. — оқушылар мәнерлеп оқиды.

— Ақынның осы өлең жолдарында не туралы айтылады?

— Сонда, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қай қала туралы деп ойлайсыңдар?

Слайд 6. \Түркістан қаласы туристер назарында.\ Балалар, қалай ойлайсыңдар, сабақта не істейміз? \жаңа сөздер оқимыз, мәтіннің мазмұнын түсінеміз, Түркістан туралы білеміз.....\

3. Жаңа сабаққа өту.

Міндеті: жаңа ұғымды хабарлауға дайындау, сөздік қорын молайту.

Балалар, біз оқулықтағы мәтінмен таныспас бұрын, алдымен жаңа сөздермен танысып алайық.

Слайд 7. «Ақ сандығым ашылды, ішінен жібек шашылды»

Назарын аударып отыр                       Ғибадатхана
Кесене                                               Мүмкіндіктер
Озық үлгісі                                         Уағыз сөзі
Күйген қыш                                        Мал тұяғымен қатайтады
сөздерін хормен, жеке-жеке айтқызу, мағынасын түсіну.

Оқушылар мәтінді өз бетімен іштен 1рет оқып шығады, оқығанды түсінеді.

Тапсырмалар:

Слайд 8. Грамматикалық тапсырманы тірек сызба арқылы еске түсіріп, жекеше жұмыс.

Семантикалық картаны толтыру. Дұрыс жауаптар кілті бойынша бір-бірін бағалайды. 3 ұпай — 1-3 қате

2 ұпай — 4 — 6 қате
1 ұпай — 7 — 11қате
0 ұпай — 12-15қате

Сергіту сәті — «Қара жорға» биі бойынша жаттығу орындау

Топтық жұмыс

«Бағытталған оқу» стратегиясы бойынша мәтінді үш бөлімге бөліп мазмұнымен танысайық.

1-топ: 1-ші бөлімді оқып түсінгенін «Қос жазба күнделігі» арқылы талқылайды.

Сол жағына «үзінділер» деп атап, жеке сөздер, сөз тіркестер немесе қысқаша сөйлемдер жазады. Оң жағына, «Түсіндірме» деп аталады, түсініктеме келтіреді.

2-топ: 2-ші бөлімді оқып «Жіңішке» және «жуан» сұрақтар құрастырып, кесте түрінде көрсетеді.

3-топ. 3-ші бөлімді оқып «Фишбоун» стратегиясын қолдану ретінде түсінгенін талқылайды.

Басы-негізгі тақырып: Қожа Ахмет Иассауидің кесенесі. Жоғарғы балық қаңқасындағы сүйектері-тақырыптың негізгі ұғымдары, кілт сөздері-Әмір Темір,
Көшіп-қонып жүрген қазақтар, мыңдаған адам, қола қазан, ғажайып ғимарат. Қаңқаның төменгі сүйектері ұғымдарға түсініктеме. құйрығы —қорытынды, немесе сұрақтың жауабы қысқа ұғымдар арқылы жазылады. Мысалы: Бұл кесене —ортағасырлық сәулет өнерінің озық үлгісі.

Әр топ өз жұмысын қорғайды. Жұмыстарына қорытынды жасап, мадақтау \формативтік бағалау\

Бір-бірін бағалау \ Түрлі-түсті стикерлер арқылы бағалайды. Қызыл түсті — өте жақсы. Сары түсті-жақсы. Жасыл түсті — орташа. «Карусель» әдісі бойынша топтар постерімен алмасады, бағалайды.

Қорытынды жасау: ұжымдық жұмыс.

Сұрақ: Түркістанға туристерді тарту үшін не істеу керек?

\тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғамау, жолдарды жөндеу, қаланың тарихи орындарын жарнамалау, құрылыс жүргізбеу, қонақ үйлер, демалыс орындарын салу, мәдени орталықтар ашу\

Сабаққа рефлексия: «Табыс баспалдағы» стратегия бойынша — өзін-өзі бағалау

Балалар, кім өзінің осы сабаққа қосқан үлесіне, алған біліміне разы? Алдарында «Табыс баспалдағы» берілген. Баспалдақтың әр сатысы — білім деңгейін көрсетеді.

Кім қай сатыда өзін көреді, стикер арқылы белгілеңдер?

Үйге тапсырма: Деңгейлік тапсырма

3. Сөздерді жаттап, 3 жай сөйлем құрастыру
2. 122бет жоспар бойынша әңгімелеу
1. Қожа Ахмет Иасауидің кесенесі — тұсаукесер жасау.

Категория: