Сабақтың тақырыбы: Тіл дамыту. Ана тіл — дана тіл
Даярлаған қазақ тілі пән мұғалімі: |
Сабақ өтетін сынып: 6 «б» тәжірибиелік сыныбы
Сабақ мақсаты:
а) Білімділігі: Тіл туралы мәтіндер, өлеңдер, мақал-метелдер, нақыл сөздер арқылы сана-сезімдерін оятып, тілді үйрету.
ә) Тәрбиелігі: Отанын, елін, жерін, тілін сүюге, оны құрметтеуге, қадірлеп-қастерлеуге тәрбиелеу.
б) Дамытушылығы: Сөздік қорларын дамытып, өз бетімен жұмыс істеуге баулу, тілге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақтың түрі: Білім тексеру сабағы, жарыс сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелесу әдісі.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, орыс тілі, тарих.
Көрнекі құралдар, жабдықтар, үлестірме қағаздар: интерактивті тақта, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, қосымша мәтін, үлестірмелі қағаздар, сөзжұмбақ, «Түркі тілдер» ағашы, асық.
I. Ұйымдастыру кезеңі — 1 мин.
II. Сабақтың мақсатын хабарлау — 1 мин.
III. Үй тапсырмасын тексеру — 7 мин.
IV. Сабақты зерделеу — 30 мин.
V. Бекіту — 3 мин.
VI. Үйге тапсырма — 1 мин.
VII.Қорытындылау, бағалау — 2 мин.
Cабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгелдеу. Зейіндерін сабаққа аудару
II. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау
III. Үй тапсырмасын тексеру: Сабағымыз басталмас бұрын біздің сынып 2 кіші топқа бөлінгенін атап өтейін; 1-ші топ — «жазушылар», 2-ші топ «оқырмандар». Сабақта екі топ өзара жарысатын болады. Әр топтың жауабы-на бір-бір асықтан беріледі, сабақтың соңында жеңімпаз топты анықтаймыз.
Балалар, біз сендермен «Тіл» модулін аяқтап қалдық. Өткен сабақтарда үй тапсырмасы тілге байланысты өлең жаттап келу болатын. Өздерің іздеп, тауып, жаттап келген өлеңдерді айтуға дайындалыңдар. Оқушылардың өлеңдерін сұрау.
IV. Сабақты зерделеу: Енді мен екі топқа айтылған ойдың мағынасын түсініп, керек сөздерді көп нүктенің орнына қою жұмысын берейін, қай топ дұрыс және тез орындайтынын байқайық. Слайдта жазылған нақыл сөздерді оқып, білу. Ойымызды, тілімізді одан әрі дамыту үшін синоним, антоним, омоним сөздерін есімізге түсірейік. Оқушыларға үлестірмелі қағаздар таратып беру.
Бәріміз оқулығымыздың 33-ші бетін ашып, 2-ші тапсырмасын тақтада орындайық. Слайдтан «Түркі тілдер» ағашымен танысу.
Енді «Тіл қатынас құралы» тақырыбында қосымша мәтінмен жұмыс істейік.
1.сөздік 2.оқу 3.аудару
Ал енді, тілге байланысты мақал-мәтелдер білеміз бе? Балалар мақал-мәтел айтып болғанда, интерактивті тақтада жазылған мақал-мәтелдерді қосып, оқып, танысамыз. Екі топқа көп нүктенің орнына керек сөздерді қойып, мақал-мәтелдерді, қанатты сөздерді аяқтау жұмысын беремін.
V. Бекіту: Сабағымызды «Қазақстан» сөзжұмбағымен бекітеміз.
V. Үйге тапсырма: «Тілге құрмет, елге құрмет» тақырыбына шағын шығарма жазып келу. Нариман мен Айданаға осы тақырыпқа байланысты 5–6 тест сұрақтарын құрастыру.
VII. Қорытындылау: «жазушылар» мен «оқырмандар» тобының жеңімпазын анықтау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.
Айтылған ойдың мағынасын түсініп, керекті сөздерді тауып, көп нүктенің орнына қойыңдар.
Керекті сөздер: қиыны, күрделісі, қадір тұтпай, ел-жұртыңды, жаны, алғыр. өгей ұлдары, сөз, ой, жанды, қасиеті, өгей ұлдары.
1. Ана тілін тек… … ғана менсінбейді, … … ғана аяққа басады.
(Ғ.Мүсірепов.)
2. Тіл қаруы — … , сөз қаруы — … . Ақыл-ды ой, … сөз адамның ең жоғарғы… .
(Ғ.Мұстафин.)
3. Тіл — ұлттың … . Тіл — идеяның, сезімнің, ойдың, … көрінісі.
(Толстой.)
4. Өз тіліңді… … тұрып, … — … сүйе алмайсың.
(Паустовский.)
5. Сөз өнері — өнер атаулының ең … да… .
(Бальзак.)
Көп нүктенің орнына керекті сөздерді тауып, мақал-мәтелдерді, қанатты сөздерді аяқтаңдар.
Керекті сөздер: құлақ, мәдениеттілік, мылжың боласың, алтын, бос сөз, у, атылған, бұтаққа, ойлап сөйле, ауырмай өледі, айнасы.
1. Тіл — адам ойының … .
2. Аңдамай сөйлеген… … .
3. Ойнап сөйлесең де, … … .
4. Тисе терекке, тимесе… .
5. Айтыл-ған сөз — … оқпен тең.
6. Бал тамған тілден… тамар.
7. Көп сөз — … … .
8. Көп сөз — күміс, аз сөз — … .
9. Жасыңда қылжың болсаң, өскенде… … .
10. Таза сөйлеу — биік… .
11. Көңілсіз… — ойға олақ.
Тіл-қатынас құралы
Тіл — адамдар арасындағы қатынас құралы, өйткені адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді.
Тіл арқылы біз оқып, білім аламыз, қалаған мамандықты игереміз.
Халқымыздың өткен тарихы, әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері бізге тіл арқылы жетіп, ұрпақтан-ұрпаққа тарайды.
Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді. Халықтың тарихта қалуы тіліне тікелей байланысты.
Дәлірек айтқанда, тіл — халықтың жаны, сәні, кескін-келбеті.
Сөздік
қатынас құралы — средство общения
пікір алмасу — обмен мнением
мамандық — специальность
ұрпақтан-ұрпаққа — с поколения в поколение
өркендеу — развиваться
кескін-келбеті — облик
Сөзжұмбақ шешу
1.Ұлт.
2.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәмізі.
3.Көктем мерекесі (ай аты).
4.Қазақтың ұлы, ақыны.
5.Космодром.
6.Қазақстанның астанасы.
7.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәмізі.
8.Қазақстандағы теңіз.
9.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәмізі.
- 54330 просмотров