Третий международный творческий конкурс «Золотая осень» для детей, педагогов и воспитателей

 

Сабақтың тақырыбы: Өткенді қайталау. Қ дыбысы

 

 

Жанбулатова Куаныш Айдарбековна, бастауыш сынып мұғалімі, бірінші категория, № 1 арнайы (түзету) мектеп-интернаты, Петропавл қаласы, СКО

Сабақтың тақырыбы: Өткенді қайталау. Қ дыбысы

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: өткен дыбысты бекіту; осы дыбыстың дауысты, не дауыссыз екенін пысықтау; қандай сөздерде кездесетінін ойға түсіру;
2. Дамытушылық: оқушылардың ой өрісін, тілін дамыту, өз ойын тез әрі жүйелі жеткізуге дағдырландыру;
3. Тәрбиелік: сабақта әдепті отыруға, ұйымшылдыққа, оқу құралдарын күтіп ұстауға, табиғатты сүюге, оны қорғауға үйрету, эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Қайталау сабағы.

Сабақтың әдісі: Әңгіме, сұрақ-жауап, салыстыру, ажырату.

Сабақтың көрнекілігі: түрлі-түсті борлар, сюжетті суреттер, кеспе әріптер, көрнекті құралдар.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа әзірлігін және құрал-жабдықтарынын түгел болуын қадағалау. Сабаққа назарын аудару.

2. Өткен сабақты еске түсіру

— Өткен әліппе сабағында біз қандай дыбыспен таныстық? (Қ)

— Қ дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба? (дауыссыз)

— Дауыссыз екенін қалай анықтауға болады? (аузымыздан шыққан ауаға тістер кедергі келтіреді, әндетіп, созып айта алмаймыз, сонда дыбыс дауыссыз болады.)

— Сондықтан оны қандай сандыққа салдық? (көк)

— Осы дыбысқа басталатын қандай сөздерді білесіңдер? (қала, қалам, қуыршақ, қонақ, қора, Қанат, Қайрат, қошақан).

— Әр сөзді талдайық, мысалы: «қалам» сөзінде Қ дыбысы қай жерде естіледі басында ма, ортасында ма, әлде соңында ма? (басында)

— «Қалам» деген сөзде неше дауысты дыбыс бар? (2)

— Осы сөзде қанша дауыссыз дыбыс бар? (3)

— Бұл сөз неше буынға бөлінеді? (2)

— «Қалам» дегеніміз не және бұл құралды не үшін қолданады? («Қалам» — оқу құралы және оны жазу үшін қолданады)

3. Сабақтың мақсатын айту. Бүгінгі жұмыс

— Бүгін сабағымызда өткен Қ дыбысымен танысуды жалғастырамыз. Жаңа жаттығуларды жазамыз және Қ дыбысы бар жаңа сөздерді жаттаймыз.

4. Ойын:

а) Көрнекіліктермен жұмыс

Көк пен қызыл сигналдық карточкаларды кезек пен кезек қолдану. Дауысты дыбыс естігенде қызыл карточканы көрсетеді, ал дауыссыз дыбыс естігенде — көк карточканы көрсетеді.

б) «Шапалақ» ойыны. Қ дыбысына басталатын сөздерді естігенде бір рет шапалақтайды.
в) «Адасқан әріп» ойыны. Тақтада магнитті әріптер екі қатар қойылған: 1 қатарда дауысты дыбыстар соның ішінде Қ дыбысы, ал 2 қатарда дауыссыз дыбыстар соның ішінде О дыбысы. Бір бала шығып әріптерді орындарына қояды.

5. Сергіту сәті. Бір бала тақтаға шығып өткізеді:

Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Біп-биік боп өседі.
Екінші бала: Аю қалай жүреді?
Түлкі қалай жүреді?

6. Кеспе әріптермен жұмы

Әр оқушы орындарында отырып, кеспе әріптерден сөздер құрайды, мысалы «қалам», «қошақан», «қала».

7. Сурет-ойыны

Сурет бойынша тақтада сөз құрау. Мысалы, суретте қыс бейнеленген, астына «қыс» сөзін құрау тиіс. Суретте қошақан бейнеленген, ал астына «қошақан» сөзін құрау тиіс.

8. Сергіту сәті

Бір бала шығып тақтаға сергіту сәтін өткізеді.

Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп-теріп алайық
Қалтамызға салайық.

Екінші бала шығып: Қоян қалай жүреді? (балалар қоян сияқты секіреді)

Құстар қалай ұщады?

9. Оқулықпен жұмыс

Балалар әліппелерін ашып Қ дыбысын тауып сөздерді оқиды. Бір бала екі-үш сөз оқыса, қалғандары бақылап отырады. Сонан келесі бала оқиды.

10. Қорытынды

— Бүгін сабақта қандай дыбысты бекіттік?

— Қандай дыбыспен жұмыс істедік?

— Сонымен Қ дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?

— Қ дыбысы бар қандай сөздерді білесіңдер?

— Сендерге қандай жұмыс ұнады?

11. Үйге тапсырма

Қ дыбысын оқу.

12. Бағалау

Категория: